Мазмұны Кіріспе I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты


Соттылықты алып тастау және соттылықты мерзімінен бұрын



бет14/16
Дата06.12.2022
өлшемі397,5 Kb.
#161612
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дип.-Соттылық-түсінігі-мен-оның-жойылу-салдары

3.2 Соттылықты алып тастау және соттылықты мерзімінен бұрын
алып тастау негіздері
Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі соттылықты алып тастаудың негізі ретінде.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 54-бабы 6-тармағына сәйкес республика Парламенті адамдардың жеке айқындалған тобы жөнінде рақымшылық туралы заң шығаруға құқылы.
Қазақстан республикасы Конституциясының 44-бабы 15-тармағына сәйкес белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Президенті шығарады (76-бап, 3-бөлігі).
Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан республикасы Жоғарғы өкімет органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен асыстыра алады. Рақымшылықты және кешірім беруді қолданудың өзі мемлкеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, қылмыс істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға сенім білдіруі болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы 15 ақпанда Қазақ Советтік Социалист Республикасының Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларациясының қабылдауына байланысты. " Рақымшылық туралы" заңы қабылданса, 1993 жылы 5 қазанда "Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы", 1996 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген қылмысының қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі болғанына қарамастан белгілі санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.
1991 жылғы 16 ақпандағы рақымшылық актісі бойынша тағайындалған жазалау мерзіміне қарамастан бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан мынадай сотталған адамдар: Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандар; б) КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар; в) I және II топтағы мүгедектер; г) кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер; д) 60 жастан асқан еркектер; 55 жастан асқан әйелдер босатылды. 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық актісі бойынша біріншіден, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен баланысты емес жазадан тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан бұрын еңбекпен тәрбиелеу колонияларында ұсталмаған (тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан) кәмелетке болмағандар; үш жылға дейінгі мерзімді қоса бас бостандығынан айыруға сотталып, еңбекпен тәрбиелеу колониясында ұсталған кәмелетке толмағандар; екіншіден, 16 жасқа дейінгі балалар; I және II топтағы мүгедек балалары бар, сондай-ақ жүкті әйелдер; әскери және интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жесірлері; соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың әйелдері; үшіншіден, 1941, 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдар; 60 жастан асқан еркектер, 55 жастан асқан әйелдер, I және II топтағы мүгедектер, балаларының анасы қайтыс болған немесе ата-аналық құқықтан айырылған, 16 жасқа дейінгі балалары бар еркектер босатылды.
Рақымшылық актісі қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуы мүмкін. Мысалы, 1994жылғы 5 қазандағы рақымшылық жасау туралы заң осы заңның 1-3-баптарындағы қылмыстарды 1997 жылдың 5 қазанына дейін істеген адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатты. Рақымшылық актісі негізгі немесе қосымша жазадан да босатуы мүмкін. Мысалы, 1994 жылғы 5 қазандағы қабылданған заңның 6 тармағына сәйкес жер аудару және жермен айдап жіберу негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолданылып сотталғандар осындай түрдегі жазадан босатылды. Рақымшылық заңы бойынша соттың тағайындаған жазаны қысқартуы немесе басқа жеңіл жазамен алмастыруы мүмкін. 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық бойынша 1-3-баптарының күші қолданылмайтын, абайсыздықпен жасаған қылмысы үшін сотталған адамдардың жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің тең жартысы қысқартылды.
Рақымшылық актісінің жаза мерзімін өтеу кезінде қасақана тәртіп бұзушыларға; маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе соз ауруынан толық емделмегендерге; бұрын кешірім беру немесе аурыуынан рақымшылық жасау тәртібімен жазадан босатылып, қайтадан қасақана қылмыс істегендерге; заңда көрсетілген ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге осы заңның күші қолданылмайды деп көрсетілуі мүмкін. Сондай-ақ нұсқау 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылықтуралы заңның 13-тармағында тікелей көрсетілген.
Рақымшылық актісінің күші осы акт жарияланғанға дейінгі немесе осы актіде арнайы көрсетілген мерзімге дейін қылмыс жасағандарға қолданылады.
Созылмалы немесе жалғасқан қылмыстарды істеу рақымшылық актісі жарияланған уақытқа дейін істелсе, онда бұл заңның күші оларға да қолданылады.
Кешірім беру - бұл мемлекет басшысы қабылдайтын акт. Кешірім беру актісі бойынша сотталған адам тағайындалған жазадан толық немесе ішін ара босатылады немесе сот үкімі бойынша тағайындаған жаза неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстырылады. Кешірім беру актісі бойынша бұрын жаза өтегендердің сотталғандық атағы да жойылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша (44-бап, 15-тармақ) Республика соттары арқылы сотталған адамдарға кешірім беру құқығы Республика Президентіне берілген.
Жалпы кешірім беру сотталған адамның немесе оның туыстарының еңбек ұжымдарының комиссиясының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Егер сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрсе, онда мұндай өтінішті еңбекпен түзеу мекемесінің әкімшілігі білдіруге құқылы, кешірім беру актісі мемлекет басшысы Президент арқылы жүзеге асырылатындықтан ол сотталған адамның істеген кез келген қылмысының мәні мен ауырлығына қарамастан қолданылады. өлім жазасына сотталғандарды бас бостандығынан айыру жазасының өтелмей қалған бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен айырбастау, сотталғандық атақты жою, сот үкімі немесе билігі бойынша келтірілген материалдық зиянды өтеуден босату мәселелер кешірім беру актісі арқылы жүзеге асырылады.
Ерекше реттерде кешірім беру арқылы қылмыс істеген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда кінәлі сотқа берілмейді. Кешірім беру актісі тұжырымды, қандай да бір болмасын шарт қоюмен байланыссыз болып табылады. Кешірім беру туралы өтініш қанағаттандырылмаған жағдайда, мұндай тілекті екінші рет қоюға болады.
Кешірім беру мен рақымшылық актісінің айырмашылығы мынада; кешірім беру актісі әр уақытта да нақты бір адам немесе бір топ адамдар жөнінде қабылданды, яғни бұл актінің жеке-дара мәні бар. Ал рақымшылық болса, рақымшылық туралы заңның талаптары мен шарттары сәйкес келетін барлық сотталғандарға қолданылады, яғни рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар.
Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Осы кодекске сәйкес соттылық қылмыстың әлдененеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі (ҚК-тің 77-бабы, 1-бөлігі). Қылмыстың әлденеше рет қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында көрсетілген. Қылмыстың қайталануы дегеніміз бұрын қасақана жасалған қылмысы үшін сотталғандық атағы бар адамның қасақана қылмыс істеуі болып табылады (ҚК 13-бап).
Заң бойынша сотталғандық атағы жоқ адамдарға ғана бас бостандығынан шектеу (45-бап), тәртіптік әскери бөлімде ұстау (48-бап), жаза түрлері тағайындалады. Сотталғандық атақ түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге (48-бап), адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысты қайталаған деп тануға (13-бап) тікелей әсері бар. Сотталғандық атақ жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады. Мысалы, қылмыстық кодекстің 54-бап, 1-бөлігі, а-тармағы. Бұрын сотталғандық көптеген нақты қылмыс құрамдарының күшейтілген, жетілдірілген белгісі ретінде де көрініс табуы мүмкін. Мысалы Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі 183-бап, 2-бөлігі, в-тармағы; 257-бап, 2-бөлігі, в-тармағы.
Сотталғандық атақтың кейбір реттерде қылмыстық құқылық емес зардаптары да бар ( Мысалы, бұрын сотталған деген сөздің өзі оның моральдық беделіне кір келтіреді). Заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылғандар бұрын сотталғандар деп саналмайды. Мысалы,Қылмыстық кодекстің 65-69, 70-76- баптары.
Жоғарыда көрсетілгендей сотталған атақтың құқылық зардабы мәңгілік емес, заңда белгіленген белгілі бір мерзім өткен соң ондай атақ жойылады. Заңда көрсетілген тәсілмен сотталғандықтан арылу және оны жою бір мезетте оның заңдылық зардабын жояды.
Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз. Сотталғандықтан арылу белгілі мерзім өткен соң өзінен-өзі жойылады. Ол үшін соттың арнаулы шешімінің болуы қажет емес. Қылмыстық кодекстің 77 бабының 3- бөлігіне сәйкес соттылық:
А) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде-сынақ мерзімі өтуі бойынша;
Б)тәртіптік әскери бөлімде ұстау, әскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген әскери қызмет жөнінде-іс жүзінде жазаны өтеу бойынша;
В) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі бойынша;
Г) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде- жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша;
Д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша;
Е) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады.
Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, онда сотталғандықты жою мерзімі жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып,негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептеледі (ҚК- тің 11 бабы, 4- бөлігі).
Сотталғандықтан арылу сот тағайындаған түрі мен мерзіміне байланысты әр түрлі болады.
Сотталғандықтан арылу мерзімі негізгі және қосымша жазаны өтеген немесе одан босатылған күннен бастап есептелінеді. Сотталғандықтан арылу мерзіміне ескіру мерзімі үзілген айыптау үкімін орындаудың барлық мерзімі кіреді. Егер үкім заң күшіне енгеннен кейін орындалмай қалса, онда сотталғандық атақ үкімді орындаудың ескіру мерзіміне байланысты жойылады. Егер адам заңда белгіленген тәртіппен жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылса немесе оның жазасы неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, сотталғандықтан арылу мерзімі жазаның нақты өтелген уақыттан бастап есептелінеді.
Сотталғандықтан арылу рақымшылық немесе кешірім беру актісі арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Сотталғандықтан арылуды сотталғандық атақты жоюдан ажырата білу керек. Сотталғандық атақты жою Қылмыстық кодексте көрсетілген шарттар негізінде соттың арнаулы шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Қылмыстық заңда сотталғандықтан арылудан басқа нақты бір жағдайларға байланысты адамның сотталғандық атағын мерзімінен бұрын жою туралы мәселесі де қарастырылған.
Егер сотталған адам жазасын өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, сот оның өтініші бойынша соттылықты жою мерзімі өткенге дейін одан соттылықты алып тастай алады (77-бап, 5-бөлігі).
Егер сотталған адам соттылықты жою мерзімі өткенге дейін тағы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мерзімі соңғы қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны іс жүзінде өткеннен кейін қайта есептеледі. Бұл жағдайда адам екі қылмыстың ең ауыры үшін соттылық мерзімі өткенге дейін олар үшін сотталған деп есептеледі.
Бірақ та қылмыстық заңда қанша уақыт өткеннен кейін соттың сотталғандықты мерзімінен бұрын жоя алатындығы көрсетілмеген. Егер сотталған адам жазасын өтегеннен кейін еңбекке, оқуға деген адал көзқарасымен, үлгілі мінез-құлқымен өзінің түзелгендігін дәлдесе, сот белгілі бір мерзімінің өткеніне қарамастан сотталғандық атақты мерзімнен бұрын жоюға құқылы.
Сотталғандықты мерзімінен бұрын жою туралы ұсыныс жазаны өтеген немесе одан босатылған адамның тұрғылықты жеріндегі аудандық (қалалық) сот арқылы міндетті түрде прокурордың, өзі жөнінде ұсыныс келтірген адамның немесе ұсыныс берген еңбек, оқу ұжымы өкілінің қарасуымен шешіледі.
Сотталғандықты жоюдың тәртібі Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексіде нақты көрсетілген. Сотталғандықты жою немесе алу сотталғандыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды.
Егер сот соттылықты алып тастаудан бас тартса, бас тарту туралы қаулы қабылданған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қайта мәлімдеме беруіне тұлғаның құқығы бар. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 77-бабына сәйкес соттылығын алып тастау туралы мәселені жазасын өтеген адамның өтініші бойынша тұрғылықты жеріндегі сот шешеді.
Сот отырысына өзіне қатысты соттылықты алып тастау туралы өтініші қаралатын адамның қатысу міндетті. Қарау өтініш білдірген адамның түсінігін тыңдаумен басталады, бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледі және шақырылған адамдардың сөзі тыңдалады.
Соттылықты алып тастаудан бас тартылған жағдайда бұл туралы қаулы шығарылған күннен бастап бір жылдан ерте қозғалмайды (ҚР ҚІЖК-ң 456-бабы).
Соттылықты жою және алып тастау өзімен байланысты барлық құқықтық салдарды жоққа шығарады.
Соттылықтың жойылуымен қатар қылмыстық заңда оның алып тасталуыда көзделген. Соттылық рақымшылық немесе кешірім актісімен алынып тасталады. Сонымен қатар, соттылық сот шешіміменде алынып тасталады. Соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау жазасын өтеген тұлғаның дұрыс әрекетінен және оның мәлімдемесінің негізінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет