Мазмұны Кіріспе I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты


III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары



бет2/16
Дата06.12.2022
өлшемі397,5 Kb.
#161612
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дип.-Соттылық-түсінігі-мен-оның-жойылу-салдары

III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары
3.1. Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі
3.2. Соттылықты алып тастау жағдайы және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негізі
Қорытынды


Пайдалынған әдебиеттер


Кіріспе
Қоғамға қауіпті іс-әрекетпен оның ішінде қылмыспен күресу барысында қылмыстық жазаның алатын ролі зор. Өйткені, қылмысқа әсер ету жүйесінің ең қажетті элементі болып табылады. Жаза сотталған тұлғаны түзеуге, қайта тәрбиелеуге, жаңа қылмыс жасаудан ескертуге қызмет етеді. Осы аталған жазаның мақсаттарын жүзеге асыруда жаза институты маңызды орын алады. Негізгі және қосымша жазаны үйлестіре дұрыс қолдану жазаны жекелендіру қағидасының жүзеге асырылуына, алға қойған мақсатқа нәтижелі жетуге септігін тигізеді. Қылмыс жасағаны үшін жазаны тағайындау қылмыстылықпен күресудің басты құралы және қылмыскерді түзеу, қайта тәрбиелеу және жаңа қылмыс жасаудан ескерту құралы ретінде де қолданылады. Жазаның мақсатына қол жеткізумен соттылықты сақтау қажеттілігі сәйкес келеді. Өйткені, қылмыстық жазаның сотталушы тұлғаны түзеу және қайта тәрбиелеу, сондай-ақ, сотталушыны жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды ролді соттылық институты алады. Қылмыстық құқықта бізге белгілі соттылықтан айырудың екі нысаны бар: ҚР Қылмыстық кодексінің 77-бабында көзделген соттылықты жою және соттылықты алып тастау.
Соттылықты автоматты түрде жойылады және бұған қандай да бір құжаттың тұжырымдауы қажет емес. Ал, соттылықты алып тастау қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелінетін сот тәртібімен жүзеге асырылады. Соттылықты жою және алып тастаумен тек соттылық ғана емес, сонымен қатар, одан туындайтын қылмыстық-құқықтық салдарыда тоқтатылады.
Тәжірбие соттылықты алып тастаудың негізі ретінде рақымшылық пен кешірім беру актісін қолдану көлемі өсіп отыр. Сондықтан, соттылық түсінігінің, соттылықты жою және алып тастаудың, соттылықтың қылмыстық құқықтық салдарының теориялық негізін жасау және оларды құқықтық реттеуді жетілдіру қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығында өзекті мәселені құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет