Мазмұны Кіріспе I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты


Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау



бет7/16
Дата06.12.2022
өлшемі397,5 Kb.
#161612
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Дип.-Соттылық-түсінігі-мен-оның-жойылу-салдары
список фг 2020г 7у, user file 5ec4f1cbd705e, Курсовая Способы перевода неологизмов на английский язык, АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

Сот тәжірибесінде бір адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарыңда көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде-біреуі үшін сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын құрайды.


Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді. Бір адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істегенге кінәлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда оның әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп саналады. Бұл жерде заңда белгіленген негіздөр мен қылмыстық жауашылықтан босатылған адамның бұрыніы істеген қылмысы есепке алынбайды. Қылмыстардың жиынтығында сот негізгі жазаны, ал керекті реттерде және қосымша жазаны әрбір қылмысқа бөлек тағайындап алып, түпкілікті жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды түгелдөй, не болмаса, ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай жазаны жиынтықтап, бірақ тағайынданды (58-бап, 1-бөлігі).
Осы заңның талабына сәйкес сот әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек-бөлек тағайыңдайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл кассациялық немесе бақылау сатыларында істеген қылмыстардың біреуі үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының біріне рақымшылық актісі қолданылуы, ал екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін немесе бір қылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екінші ісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен қысқартылуы мүмкін.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәнімен зияндылық дәрежесін, қылмыскердің тұлғасын және істің мән-жайын, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды тұтастай басшылықка алады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысында:
«Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттар заңда көрсетілген жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру немесе тағайындаған жазаларды түгелдей иә болмаса ішінара қосу принциптерін үкімде дәлелдеуі керек.
Үш немесе одан да кеп қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттың жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру принципін онша ауыр емес қылмыстар үшін колданып, одан кейін сол жазаға орташа ауырлықтағы, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жиынтығы үшін тағайындалған жазаларды түгелдей, болмаса ішінара қосып, екі принципті қоса қолдануға қақысы бар.
Жеңілірек жазаны ауырырак жазаға сіңіру принципін колданған кезде, соттар жаза түрлерінің қатаңдық дәрежесі ҚК-тін 39-бабында қандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша анықталатынын ескеру керек. Жиынтыққа кіретін қылмыстардың әр қайсысына жазаның бір түрі тағайындалған кезде, олардып, ішіндегі мерзімі мен көлемі көп жаза — неғұрлым қатаң жаза болып саналады. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түрі және мөлшері жағынан бірдей жаза тағайыңдалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарының ең жоғары жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етілөді» — деп арнайы көрсетілген. Жаза тағайындаудың осы принциптерін басшылыққа алу қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны жеке қылмыс істегендерге қарағанда ауырырақ етіп тағайындауға мүмкіндік береді. Жазаны әрбір қылмысқа бөлек-бөлек тағайындап алып, сот жазаны барлық қылмыстары үшін жиынтықтап бірақ тағайындайды. Бұл жерде қылмыстық заң бойынша жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолын немесе тағайындалған жазаларды түгелдей я болмаса ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгілеген бабындағы шектен асырмай жаза белгілөнеді. Сіңіру принципі бойынша сот қылмыстың жиынтығына кіретін әрбір қылмыс үшін біртектес және әртектес жаза түрлерін тағайындағанда жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымөн жинақтап бірақ тағайыңдайды. Осындай кезде жаза түрлерінің қатаңдық дәрежесі Қылмыстық кодекстің 39-бабында қандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша анықталатынын ескеруі қажет. Егер жиынтыққа кірөтін қылмыстар үшін түрі мен мөлшері жағынан бірдей жаза тағайындалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарын ең жоғарғы жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі. Мысалы, қылмыскер қызғанып өз әйелін өлтіргені үшін алты жылға, кәнігі бұзақылығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды делік. Сіңіру принципі қолданыла отырып оған ақырғы жаза 6 жыл бас бостандығынан айыру болып белгіленеді немесе кінәлінің бір қылмысы үшін сот оған 2 жыл түзеу жұмысын тағайындайды, ал екінші қылмысы үшін 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен сот оның ақырғы жазасын 3 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгілейді.
Тағайындалған жазаларды түгелдей косып жаза белгілеу дегеніміз әрбір қылмысқа бөлек-бөлек жаза тағайындап алып, сол жазаларды бір-біріне түгелдей қосып, ақырғы жазаны анықтау болып табылады. Жазаларды түгелдей қосу принципі сот тәжірибесінде көп жағдайларда істелген қылмыстардың мәні мен зияндылық дәрежесі өзара ұқсас болған жағдайларда колданылады. Тағайындаған жазаларды ішінара косып, жаза белгілеу дегеніміз сот ауырырақ жазаға басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаны ішінара қосып, ақырғы жазаны анықтайды. Қылмыстың жиынтығы бірнеше қылмыс үшін жазаны толық немесе ішінара қосу жолымен тағайындалғанда ақырғы жаза мөлшері ауырырақ жаза белгілеген баптың шегінен асырылмай белгіленуі мүмкін. Мысалы, ұрлық үшін 3 жылға, ауырлататын жағдайдағы бұзақылығы үшін 4 жылға тағайындалған жазаны, сот ішінара қосу жолымен ақырғы жазаны 5 жылдан бас бостаңдығынан айыруға деп белгілейді. Өйткені, ауырлататын бұзақылығы үшін (257-бап, 2-бөлік) жазаның ең жоғарғы шегі заңда 5 жыл деп көрсетілген. Бұл шектен асуға болмайды.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда соттың қайсы принципті басшылыққа алатыны (сіңіру жолымен немесе түгелдей, ішінара қосу жолымен) нақты жағдайларға байланысты, істің жағдайына, қылмыскердің тұлғасына, әр қылмыс үшін тағайындалған жазаның түрі мен ауырлығына сәйкес шешіледі. Адам кінәлі деп танылған қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазаны сот негізгі жазаға қоса алады.
Егер іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарғанға дейін басқа бір қылмыс істегендігі анықталса, бұл жағдайда да жаза осы ережөлер бойынша тағайындалады. Бұл ретте жазаның мерзіміне бірінші үкім бойынша өтеген жаза есептелінеді. Мысалы, кінәлі адам әйел зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталған. Ол осы жазаның екі жылын өтеген соң, оның осы қылмыс үшін сотталғанға дейін бұзақылық істегені анықталады. Сот қылмыскерді бұзақылығы үшін кінәлі деп тауып, сол үшін оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Тағайындалған жазаларды түгелдей қосу арқылы, оның ақырғы өтейтін жазасы 8 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгіленген. Соттың бірінші үкім бойынша өтегөн екі жыл жазасын есепке ала отырып; ақырғы өтеу жазасының мерзімін 6 жыл деп белгілеген. Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігінде: "Егер қылмыстардың жиынтығыңда орташа ауырлықтағы қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс қамтылса, түпкілікті жаза жазаларды ішінара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан аспауы керек",— деп белгіленген. Ал осы баптың төртінші бөлігінде: "Егер қылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда, бір аса ауырқылмыс қамтылатын болса, түпкілікті жазалау ішінара немесе толық қосылын тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазалау жиырма бес жылдан аспауға тиіс",—деп көрсетілген. Мұндай ережелер істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі қандай санатқа жататынына, қылмыскердің жеке басының кім екендігі ескеріле отырып, әділетті жаза тағайындауға мүмкіндік береді. 58-баптың 3-4-бөлігінде көзделген қылмыстардың санатының түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабында берілген.
Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы Кодекстің Жалпы бөлі мінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы керек (58-бап, 5-бөлігі). Мысалы, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметте болу құқығынан айыру Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес қосымша жаза ретінде үш жылға дейінгі мерзімге қосылуы мүмкін.
Соттар мынаны ескеруге міндетті: ҚК-тің 58-бабының 6-бөлігін колданған жағдайда, қылмыс жиынтығы бойынша тағайындалған қорытынды жаза алғашқы үкім бойынша тағайындалған жазадан төмен болмауы керек, өйткені мұндай жағдайда жазаларды сіңірткен немесе қосқан кезде сот алғашқы үкімнің өтелінбей қалған жағын емес, сол үкім бойынша тағайындалған барлық жазалардың мөлшерін басшылыққа алуы керөк.
Егөріс бойынша үкім шығағанан кейін сотталған адамның тағы басқа да қылмыстар үшін айыпты екені, оның біреуі үкімді шығарғанға дейін, ал басқалары үкім шығарғаннан кейін жасалғаны анықталса, екінші үкім бойынша жаза ҚК-тің 58 және 60-баптарын қолдана отырып тағайындалады: алдымен алғашқы үкім шығарылғанға дейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша, одан кейін ҚК-тің 58-бап 6-бөлімінің ережелері қолданылады, сосын алғашқы үкім шығарылғаннан кейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша жазалар анықталып, түпкілікті жаза үкімдер жиынтығы бойынша тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет