2.3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
Қылмыстық кодекстің 29-бабыңда қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде қатысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе женілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы карастырылған. Осы бапқа сәйкес:
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалы ескеріледі.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция шеңберінде қатысудын нысаны мен түріне қарамастан тағайындалады.
Сот қатысушыларға жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын (52-бап) және 57-баптың шарттарын басшылыққа алуға міндетті. Қылмыстық кодекстің 57-бабында жазатағайындау көзінде оны жасауға қатысқан адамның 1) қатысу сипатын және дәрежесін; 2) қылмыс мақсатына жетудің мәнін: 3) келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін ескеруді талап өтеді. Катысу сипаты қатысушының атқарған ролімен сипатталады. Бұл жерде қатысушы кім болыл роль атқарады — ұйымдастырушы ма, айдап салушы ма, орындаушы ма әлде кемектесуші ме? Әдетте, ұйымдастырушыларға, айдап салушыларға, орындаушыларға қылмысқа көмектесушілерге қарағанда жаза қаталырақ тағайындалады. Қатысу дәрежесі қылмысты мақсатқа жетудегі қатысушылардың сіңірген еңбегінін, көрінісі арқылы белгіленеді. Ал қылмыс мақсатына жетудің, мәні — алға қойған мақсаты толық орындалды ма, жоқ па осыған байланысты. Келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін анықтағанда оларды туғызуға істелген қатысушының әрекет белсенділігі, атқарған функциясы есепке алынады. Кылмыстық кодекстің 57-бабынын 2-бөлігінде "Қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау көзінде ғана ескеріледі"— делінген. Яғни, мұндай ретте ересектерге қарағанда жасы толмағандарға жазаның жеңілдететін түрі қолданылуы айтпаса да түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: |