2.5. Қылмыстардын қайталануы жағдайында жаза тағайындау Қылмыстардың қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында белгіленген. Қылмыстық кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайлар қылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау мәселесін шешуде маңызды роль атқарады. Қылмыстың қайталануы қылмыс істөген адамның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін және қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын белгі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 59-бабының екінші бөлігінде қайталанып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындаудың ерекшелігі көрсетілген. Баптың осы бөлігіне сәйкес: 1) қайталап жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ен қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен; 2) қылмыстардың қауіпті қайталанғаны үшін — үштен екісінен төмен; 3) қылмыстардың аса қауіпті қайталанғаны үшін—төрттен үшінен төмен болмауға тиіс. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 169-бабындағы қарулы бүлік жасағаны үшін ең жоғарғы жаза 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру болып белгіленген. Қайталанып жасалған қылмыстың түрлеріне байланысты осындай тәртіппен көтеріңкі жаза мөлшері мен түрін белгілеу бұрын қасақана қылмыс жасағаны, сотталғандығына қарамастан тағы да қасақана қылмыс істеп түзелу жолына түспегендерге берілген лайықты жаза болып табылады. Мұндайларға түзелу үшін ауырырақ жаза тағайындау кажеттілігі өзінен-өзі түсінікті.
Егер бұрынғы үкім бойынша ҚК-тің 63-бабын қолдану арқылы сотталған адам сынақ мерзім ішінде жаңа қылмыс жасаған болса, онда сот қылмыстың қайталануы туралы мәселені шешкен кезде ҚК-тің 64-бабының 4-бөлігіндегі талаптарды міндетті түрде ескеруі тиіс. Бұл орайда қылмыстың қайталануын анықтаған кезде ҚК-тің 63-бабы бойынша бас бостандығынан айырылған адамның соттылығы, тек егер сот жаңа қылмысы үшін жаза тағайындаған кезде бұрынғы үкім бойынша шартты соттылығын жою туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана ескерілуі мүмкін. Егер сот абайсыз немесе онша ауыр емес қасақана қылмыс туралы істі қараған кезде бүрынғы үкім бойынша шартты соттылықты қалдыру туралы тұжырынға келсе, онда ҚК-тің 63-бабы бойынша соттылығы қылмыстың қайталануын анықтаған кезде ескерілмейді.
Соттар тиісінше қылмыстардың қайталануы кезінде, аяқталмаған қылмыс, сондай-ақ қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердін жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде осы адамдарға белгіленген жаза мерзімдерінің шеңберін қатаң сақтауы тиіс.
Бұл орайда ҚК-тің 5-бабының үшінші белігіне сәйкес ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігіндегі ережелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі күшіне енгенге дейін жасалған (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін) қайталау, қауіпті қайталау немесе аса кауіпті қайталауды құрайтын қылмыс үшін қолданылмайтынын ескеру керек. Егер қайталауды құрайтын соттылықтар ҚР ҚК-інің кушіне енгенге дейінгі және одан кейін жасалған қылмыстар кұрайтын болса, онда ҚК-тің 59-бабының екінші белігіндегі тәртіп тек 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған қылмысы үшін соттылығын ескере отырып қолданылады. Аяқталмаған қылмыс үшін тиісті қайталау орын алған жағдайда жазаның ең жоғары мелшері ҚК-тің 56-бабында көрсетілген мерзімдер мен көлемдерден аспауға тиіс.