Мазмұны Кіріспе I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты


Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар



бет5/16
Дата06.12.2022
өлшемі397,5 Kb.
#161612
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дип.-Соттылық-түсінігі-мен-оның-жойылу-салдары

2.2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататан мән-жайларды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау көзінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.


Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың үұлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, заңда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға кұқылы емес.
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген немесе женілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйкес болады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Сондықтан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол туралы Қылмыстық кодекстің 3-бабында "бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды" — деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 каулысының 4-тармағында:
«ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізімі түпкілікті болып табылады. Осыған орай, қылмыс жасалған кездегі немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар (маскүнемдікке салыну, қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде ескеріледі, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылмайды» — деп көрсетілген.
Егер ҚК-тін 53 немесе 54-баптарында көрсетілген мән-жайлар қылмыстың бір белгісі ретінде Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі баптың диспозициясында көрсетілген болса, онда ол үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмейді. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынбанды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болын мына төмендегілер есептелінеді:
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;
б) айыпкердің кәмелетке толмауы;
в) жүктілік;
г) айыпкердің жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан көйін зардап шегуіпіге тікелей медициналық және өзгеде көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілгөн мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өлге де іс-әрекеттер;
е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзгеде тәуелділігі себепті қылмыс жасау;
з) қажетті корғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе әкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жата айтын қылығы;
к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәіижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайларда жаза қолдану көзінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.
3. Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабыңда қылмыс белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен - өзі жаза тағайындау көзінде қайталап ескеріле алмайды.
4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жеңілдетущі мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделген жазанын неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.
Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық:
1.Мән-жайлардың кездей соқтоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес қылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін бірішіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек. Кездейсоқ жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның қылмыстық топқа кездейсоқ қатысып, қылмысқа қатысуы. Іс-әрекетті кездейсоқ жағдайға жатқызу немесе жатқызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.
2.Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенде көп жағдайда өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен немесе үлкеңдерге еліктеп я болмаса басқалардан қалмау мақсатымен, өзінін, тентектігін керсету арқылы істеледі. Бұл жерде бұлардың ақыл-ойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарынан ұстамдылық жасамай қылмыс жасайтыны, еске алынып, олардың кәмелетке толмай қылмыс жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы Сотынын Пленумы қаулысында барлық соттарға жасы толмағандарға жаза тағайындағанда олардың қылмысын өте мұқият зерттеп, оларды мүмкіндігінше қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке берілген.
3. Жүкті әйелдін қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылықка ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу — осының айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Осыған байланысты мұңдай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы көміп, ашуланшақ, міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, қылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны жеңілдететін мән-жайға жатады.
4. Айыпкердің жас балалары болуы.
Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті қолдануға негіз бола алмайды.
5. Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және езге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыс пен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер.
Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер көзінде ауруханаға жеткізіп, әлімнен алып қалады, осы көмектің арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің жәбірленушіге немесе заңды ұйымға өз қатесін түсініп, ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы, үрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні қорлаған жағдайда одан кешірім сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі адам-ның өзі істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бүрынғы қалпына келтіруі, мысалы, біреудің мұлкін қиратса, оны дәл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп беру, жәбірленушіге дене жарақатын түсіргенде оны емдетіп, соған қажетті шығынды өтеу сияқты әрекеттер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған қылмыстың зиянды әрекеттері кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одаы күшпен өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып есептелмейді.
6. Қылмысты адамның жеке басына, отбасына өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан істеу.
Кейбір кездерде ұстамсыз адамдар үшін осындай жағдайлар қылмыс жасау ушін жеткілікті болады. Жеке басына, отбасына және басқа да себептермен қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материалдық жетіспеушілікке, жұмысындағы, отбабындағы ауыр жағдайға, отбасы мүшелерінің биморальдық тәртібіне, тұрғын үйдегі қолайсыз жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға қызметіне, оқуына байланысты жәйттар, жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы, төмен ақы төлейтін жұмысқа ауыстырылуы сияқты мәселөлері де жатады. Жеке басына, отбасына және басқа ауыр жағдайлардың кездесуіне байланысты қылмыс жасау — кінәлінің қылмысты мінез-кұлқылың пайда болуын тікелей қоздырса немесе себепші болса ғана жеңілдететін мән-жайларға жатады. Сондықтанда мас болып, ауыр материалдық, жағдайды сылтау етіп, ұрлық жасау жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатпайды. Жеке басына, отбасына немесе басқа да ауыр жағдайлардың кездесуінен қылмыс істеу кінәлі адамдар үшін кездейсоқ, олардың тарапынан зұлымдық ниеттердің жоқтығын көрсеткен жағданда, әлгіндей жағдайлар олардың басына тумаса, олардын қылмыс істейтін адамдар емес екендігін танытады.
7. Қылмысты күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық, қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті болу.
Осы жағдайлардың жауаптылықты женілдетудің қатарына жатқызылуы себебі, мұндай жағдайда қылмыс істеген адам еріксіз, басқа біреудің қорқытуынан, еріксіз кендірудің салдарынан немесе оған материалдық басқа да тәуелді болу себепті өз ойын-емес, соның ойын іске асырады. Ондай жағдайларда болған күнде қылмыс істеген адам, бұл қылмысты өз бетінше істемеген болар еді. Бұл жерде қорқыту немесе еріксіз көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда болады. Яғни, бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз кендіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінәлі адамды қылмыс істеуге азғырған адам саналады. Сот қылмыстың мұндай жағдайларда ондай адамның әрекетіне баға беріп, оның қылмыстық жауаптылығын шешуі қажет. Бұл адамдар нақты қылмыстарды істеудің азғырушысы ретіңде жауапқа тартылуы да мүмкін. Қорқыту, еріксіз кендіру салдарынан немесе материалдық я басқа жағынан тәуелді болуы себепті, қылмысты мәжбүрлік қажеттілік жағдайында істеген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Басқа жағдайларда, яғни мәжбүрлі қажеттілік белгілері жоқ болса, онда мұндай әрекеттер жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқызылады. Бұл жерде қорқыту дегеніміз кінәлінің өзін немесе оның жақын нақты бір заңсыз әрекетті қолданамын деп қорқытын, оның еркі мен санасына тікелей әсер ету арқылы оған белгілі бір іс-әрекетті істету болып табылады. Материалдық тәуелділік деп, өзін қылмысқа азғырған адамға кінәлінің қарыз болуы, сонын, асырауында болуы немесе өмір суруі материалдық жағынан соған тікелей тәуелді болуы, басқа да материалдық, заттай жағынан оған кіріптар болуы айтылады.
Басқа жағынан тәуелді болу деп қызмет жөнінен, некелік, отбасылық, туыстық жағынан болатын тәуелділіктер айтылады.
8. Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу (аса мәжбүрлі) қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.
Қылмысты қажетті қорғану шебінен асса да, қоғамға кауіпті қиянаттан қорғану үстінде істеу. Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, жекеадамға, тағы да басқа заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол сұғушылық болмаса, мұндай қылмысты істемеген болар еді. Қорғану шегінен асса да, ол аса қауіпті емес қылмысты қоғамға қауіпті қиянаттан қорғану үстінде істейді. Қорғану шегінен асқанға дейін оның мұндай әрекеті қоғамға пайдалы әрекет болып танылады. Қылмыстық кодекстің 99,109-баптарында көрсетілген қажетті қорғану шегінен шығып, кісі өлтіру және денеге ауыр жарақат салу, осы қылмыстардың аса қауіпті емес түрін сипаттайды.
Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты мәжбүрлік қажеттіліктен, қылмысты істеген адамды ұстаудан, орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында істеу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатады деп тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыс мәжбүрлі қажеттіліктің шарттарын сақтамау арқылы істелсе, онда оны істеген адамның әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатуы мүмкін. Мысалы, аса қажеттілік жағдайында істелген іс-әрекеттің нәтижесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса, сондай-ақ кінәлі адамның төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару мүмкіндігі бола тұрып, оны паңдаланбауы, т.б. әрекеттер.
Қылмыс істеген адамды ұстау — қоғамға пайдалы қылмысқа қарсы күрес жүргізудегі қажетті әрекет. Бірақта қылмыс істеген адамды ұстау да қылмыстың мәні мен ұстау жағдайына сай келмейтін жағдайда оған зиян келтіру қылмыс болып табылады. Мысалы, ол қарсылық көрсетпесе де, оған ұрып жарақат салу, істеген қылмысы үшін оны өзінше жазалау тағы басқа әрекеттер. Мұндай жағдайда кінәлінің істеген іс-әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында қылмыс істеу де жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатқызылған. Орынды тәуекелге әр түрлі кәсіптік немесе шаруашылық бағытта жүргізілетін іс-әрекеттер жатады. Мысалы, медицина саласында адамға әр түрлі операциялар жасау, денө мүшелерін тігу, кейбір органдарды алып тастау, немесе оны қайта қондыру адамдардың жанын ауыртумен немесе оларға зиян келтірумен тікелей байланысты. Мұндай шараларды жүзеге асыру заңға, нормативті актілерге, нұсқаулар мен ережелерге қатаң негізделген. Осы талаптарды қатаң сақтау дәрігердің қылмыстық жауаптылығын жояды. Медицина ғылымы саласында жаңа жетістіктерге жету үшін әр түрлі ғылыми эксперименттің жүргізілуі шарт. Осы кәсіптің ережесіне, талабына сай жүргізілген ғылыми эксперименттің салдарынан кісі өлімі, мүліктің жойылуы орын алған жағдайда да ол үшін қылмыстық жауаптылыққа ешкім тартылмайды. Мысалы, адамның өмірін сақтап қалу үшін оған бауыр, ми, жүрек сияқты организм органдарын қондыру тәуекелі заңға немесе нормативті актілермен қалыптасқан тәжірибеге негізделіп сонда көрсетілген бірнеше шарттарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы. Мұндай шарттарға мыналар жатады:
— Проблеманы алдын ала теориялық жағынан терең зерттеу және талқылау;
— жануарларға тәжірибе жасау арқылы нәтижені анықтау;
— эксперимент жасауға адамның келісімін алу.
Осы көрсетілген шарттардың біреуін болса да, орындамаса, нәтижесінде ауыр зардап орын алса, онда қылмыстық жауапкершіліктің болуы сөзсіз. Бірақ заң мұндай жағдайды жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың қатарына жатқызады. Өндірістік шаруашылық тәуекелі құқылы болу үшін ол ғылым, тәжірибе жинақтаған негіздерге, нормативті актілерді басшылыққа ала отырып, сонда көрсетілген барлық шарттарды қатаң сақтап жүзеге асырылуы қажет. Бұл талаптарды орындамау, шаруашылық-өндірістік тәуекелге бел байлаған адамның ұқыпсыздығынан немесе жаңылысуынан басқа да әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілсе, ол үшін қылмыстық жауаптылық белгіленеді. Бірақ бұл жауаптылық та жеңілдететін мән-жайлар деп саналады. Қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы. Кейде жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы қылмысты арандатуға әкеліп соғады. Мысалы, жұбайлардың біреуінің бөгде біреумен көңіл қосуы, жыныстық қатынаста болуы. Осы әрекеттің үстінен түскен ол өз жұбайын сабап, оның денесіне ауыр зиян келтіруі. Жәбірленушінің заңсыз әрекеті көп жағдайларда кінәлінің жан күйзелісін тудырады, осы себепті ол ашумен қылмыс істейді.
Жан күйзелу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол біріншіден, жәбірленушінің өзінің заңсыз әрекеті салдарынан (күш көрсету, қатты қорлау немесе басқа заңсыз әрекеттерінен), екіншіден, жан күйзелу, физиологиялық аффект жағдайында істеуі керек.
Физиологиялық аффект дегеніміз осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты кінәлінің ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-құлқыла саналы түрде бақылау жасау қабілетінің елеулі кемуі болып табылады. Бірақта мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, себебі адам өзінің әрекетін сезуден, өзінің іс-әрекетіне есеп беруден және оны басқару қабілеті мүмкіндігінен айырылмайды, тек мұндай қасиеттері елеулі түрде ғана кемиді. Сол себепті мұндай жағдайлар қылмыстық жауаптылықты жоймайтын, бірақ жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар қатарына жатқызылады.
Физиологиялық аффектіні анықтау үшін психологиялық сарапшылық тағайындалады. Шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келуі, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
Шынжүректен өкінуге қылмыс істеген адамның ағынан жарылып өзінің қылмысын мойындауы, өзінің іс-әрекетіне шым жүректен өкініш білдіріп, іс бойынша өзіне мәлім барлық жағдайларды бүкпесіз айту, қылмысқа бірге қатысушыларды әшкерелеп, келтірілген зиянды жою әрекеттері жатады.
Егер адам өзінің кінәсін бұлтартпас дәлелдер арқылы мойындауға мәжбүр болса, онда оның әрекеті шын жүректен өкінуге жашанды. Кінәсін мойындап келу дегеніміз кінәлі адамның құқық қорғау немесе құқық қолдану органына немесе ресми адамға өзінің жасаған қылмысы туралы шындыққа жататын мәлімдеме жасай келіп, істеген іс-әрекеті үшін тиісті жазаны өтеуге әзір екенін білдіруін айтамыз.
Шын жүректен өкіну немесе кінәсін мойындап келуі әділ соттылықты жүзеге асыратын органдарға қылмысты ашуға және жүзеге асырылатын басқа жаңа қылмыстардың жасалуына тыйым салуға кемектеседі. Қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздестіруге бөлсенді жәрдемдесу әр түрлі нысанда көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қылмыс құралын алған жерді көрсету, қылмысқа кімдер қатысты, қайда тұрады, олардың әрқайсысының атқарған ролі мен қызметі, жасырынып жатқан жерлері, ұрланған мүліктің сақталып тұрған орны және т.б. Кінәлінің мұндай әрекеттері оның жауаптылығын жеңілдетуге негіз болады. Жауаптылықты жеңілдететін осы жоғарыда айтылған жағдайларды көрсете отырып, заң сотқа бұдан басқа да мән-жайларды жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды (ол туралы сот үкімінде негіздей отырып) жатқызуға кұқық береді. Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;
б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;
в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;
г) қылмыс жасағанда айырықша белсенді роль атқару;
д) айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;
е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардын заңды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;
з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;
и) аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;
к) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау;
д) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;
м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;
н) адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып, қылмыс жасауы;
о) қылмыскердің қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып, қылмыс жасауы;
п) өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.
2. Егер осы баптың бірішді бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап өскерілмеуі керек.
3. Жаза тағайындау көзінде сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.
Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың мазмұны төмеңдегідей:
1. Қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы. Бұл қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 11 бабында көрсетілген.
Соттардың мынаны есте тұтқаны жөн: адамның бірнеше қылмыс жасауы — әсіресе қасақана жасауы, әдетте, айыпкердің қоғам үшін аса қауіпті екендігін көрсетеді. Осыған байланысты ҚК-тің 58 және 60-баптарының талаптарын бұлжытпай орындау ондай адамдарға заңды, дәлелді және әділ жаза тағайындаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Бірінші қылмысы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кеткен жағдайда, заңмен бекітілген тәртіпте сотталғандығынан арылған немесе оны алын тастаған немесе заң бойынша бұрын жасаған қылмыстық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік жойылған болса, сондай-ақ ҚК-тің Жалпы бөлімінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылған жағдайда, қылмыс жасаған адамның бұрын сотталғандығы жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаралмайды.
2. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру. Зардап материалдық емес, моральдық және басқа түрде болуы мүмкін.
Қылмыстың ауыр зардабын сот істелген қылмыстың мәніне, істің нақты жағдайларына, соңдай-ақ қылмыстан тікелей туындаған зардапты еске ала отырып анықтайды. Бұл мәселені шешуде қылмыстың объектісінің маңыздылығы, келтірілген зиянның мөлшері, орын алған ақау, дене жарақаты, кісі өлімі, басқа да мән-жайлар толық есепке алынады. Ауыр зардап касақана немесе абайсыздықпен істелетін қылмыстарда бірдей болатындықтан, ол осы қылмыстардың барлығы үшін де жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде есепке алынады.
Қылмыстық заңның диспозщиясында қылмыстың белгісі ретінде көрсетілген жауаттгынықты ауырлататын жағдайлар жаза тағайындағанда қайтадан еске алынбайды.
3. Адамдар тобының ал;дын ала сөз байласып, адамдар тобының ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау. Бұл қылмыстар түсінігі Кодекстің 27-30-баптарында берілген.
Осы мәселеге байлынысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардын заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдөгі №1 қаулысының 15-тармағында мынадай түсініктер берілген:
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған қылмыс үшін неғұрлым қатаң жаза қолданылады, сондықтан соттар қылмысқа қатысу түрін және қатысушыларды дұрыс анықтағаны жөн. ҚК-тің 31-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес қылмысты саралау белгісі ретінде қылмысты адамдар тобы немесе алдынала сөз байласқан адамдар тобы жасағанды көздейтін ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары (баптар бөліктері) бойынша қылмыстарды саралау және жаза тағайындау қылмыс жасауға ҚК-тің 28-бабының 2-бөлігіне сәйкес қоса орындаушы болып танылған екі немесе одан да көп адам бірлесіп қатысса ғана мүмкін болады.
Қылмысты ұйымдасқан топ, қылмыстық сыбайластық жасаған реттерден басқа, бір орындаушы жасаған қылмысқа ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуы бұл әрекетті адамдар тобы жасады деп саралауға және ҚК-тің қылмысты саралау белгісі ретінде оны адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған қылмыстарды көздейтін баптары (баптар бөліктері) бойынша жаза тағайындауға негіз бола алмайды.
4. Қылмыс жасағанда айрықша бөлсенді роль атқару. Адамның қылмысты жеке өзі істегенде немесе топқа қатысып істегенде айрықша белсенді роль атқаруы мүмкін. Қылмысты табан астында ешбір негізсіз істеуі немесе қылмыс істеуге ұзақ уақыт дайындалуы, т. б. Егер қылмыс топ арқылы істелсе, онда топқа қатысушылардың әрқайсысының айырықша ролі жеке-жеке ескеруге жатады.
5. Айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрімен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамды немесе қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту.
Қылмыс істеген адамның жүйке ауруымен ауыратын адамды немесе жас баланы пайдаланып қылмыс істеуі оның қоғам үшін ерекше зиянды екенін көрсетеді. Мұндай әрекетті істеген адам жас балаларды азғырады, олардың дұрыс қалыптасып адам болуына кесірін тигізеді, ауру адамды қылмысты әрекетке пайдаланып, өзін жауапкершіліктен тысқары қалдыруды кездейді. Мұндай жағдайдың қылмысты ауырлататын мән-жайға жататындығы сол, қылмыстың субъектісі, оның зұлымдық қылмысты ниетін басқа адамдардың қолымен — жас баланы немесе психикалық аурумен ауыратын адамды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қылмыстық құқық теориясында мұндай әрекетті біреу арқылы орындаушылық деп атайды. Біреу арқылы орындаушылықка қылмыстың субъектісі қылмыс істеуге қылмыстың субъектісі болып танылмайтын жас баланы немесе ауру адамды пайдаланғанын сезеді және соны тікелей істейді. Мұндай жағдайларда жас бала немесе ауру адам қылмыс істеудің құралы ретінде пайдаланылады. Ал олардың істеген қылмысының шын мәніндегі орындаушысы жас баланы немесе ауру адамды қылмысқа пайдаланған адамнын өзі болады.
6. Ұлттық нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушілік, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында: тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды, - делінген. Ал, 19-бабында: әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы, - делінген.
Ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыруға, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсітуге, сондай-ақ азаматтардың нәсілдік немесе ұлттық тегіне қарай олардын, құқықтарын тікелей немесе жанамалай шектеуге немесе оларға тікелей немесе жанамалай артықшылықтар белгілеуге қасақана бағытталған іс-әрекеттерді қылмыстық заң қылмыс құрамына жатқызады. Бұл жерде басқа қылмыстарды ұлттық немесе дұшпандықтың немесе араздықтың салдарынан істеу туралы сөз болып отыр. Бұған жататындар: басқа ұлттар мен нәсілдердін өкілдерін осындай ниетпен қорлауға, оларға жала жабуға, оларды ұрып-соғуға, дене жарақатын салуға, мүліктерін жоюға, бұзақылық және басқа қылмыстарды істеуге бағытталған әрекеттері жатады. Кез келген қылмысты ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыру мақсатымен істеу жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Басқа адамдардың заңды әрекеттері үшін кектенушіліктен қылмыс істегені үшін жазаны күшейтудің себебі сол, бұл жерде қылмыскер басқа адамға заңды әрекеттер істеуге кедергі келтіру, олардың заң қозғайтын құқысы мен мүддесіне қол сұғып отыр. Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатымен қылмыс жасауда да жазаны күшейтудің себебі сол. Бұл жерде қылмыс жасаған адам екі бірдей қылмысты қатар істеп отыр. Мысалы, өзінің ұрлығын көрген адамды, қылмысының ізін жасыру мақсатымен сол жерде өлтіріп кету. Немесе қылмысқа кедергі жасаған күзетшіні өлтіріп, банкті тонау, т. б. әрекеттер.
7. Жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау.
Жас балаға, әөрі немесе дәрменсіз халдегі адамдарға я кінәлінің біле тұра жүкті әйелге қарсы қылмыс істеуі. Қылмыстық құқық бойынша жас бала деп жасы он төртке толмағандар жатады. Кәрі адамдар мен кәрілік жасқа байланысты зейнеткерлікке шыққан, соған сәйкес қылмыскерге қарсылық көрсетуге қауқары жоқ адамдарды айтады. Дәрменсіз халдегі адамдар деп науқасқа, дертке ұшыраған, өзінің ақыл-есінен айрылған, дене бітімінің кемдігіне байланысты қылмыскерге қарсылық көрсетуге қабілеті жоқ жандарды айтамыз. Жүкті әйелдер деп кінәлінің оның әйтеуір жүкті екендігін дәлме-дәл біле тұра, соны сезіп, біліп, жәбірленушіге қарсы қылмыс істеуі болып табылады. Жас балаға, кері немесе дәрменсіз халдегі адамдарға, сондай-ақ біле тұра жүкті әйелге қарсы қылмыс істеу кінәлінің тұлғасын теріс сипаттайтын ерекше белгілер болып табылады. Айыпкерге тәуелділік материалдық лауазымдық және басқадай болуы мүмкін.
Материалдық тәуелділік деп басқа адамның кінәліге негізгі немесе қосымша өмір сүру жағдайына байланысты кіріптарлығын айтамыз. Мысалы, жас балалардың, ата-аналардың, зейнетақы алмайтын ата-аналардың балаларына материалдық тәуелділігі.
Лауазымдық жөніндегі тәуелділік деп тікелей немесе жоғары тұрған басшыға бағынышты болуын айтамыз. Басқадай тәуелділікке туыстық, ерлі-зайыптылық қатынастар жатады.
8. Белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау.
Өзінің қызметін немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамды өлтіру — қасақана кісі елтірудің ауыр түрі болып табылады, ол туралы арнаулы қылмыс құрамы бар. Мұндай жағдайлардағы кінәлінін, әрекеті арнаулы заңның диспозициясымен қамтылатындықтан жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде жаза тағайындағанда тағы да есепке алынбайды. Басқа қылмыстық заңда нақты қылмыс құрамы ретінде көрсетілмеген жағдайларда өзінің қызметін немесе қорғаныш борышын атқарып жүрген адамға қарсы қылмыс істеу жауаптылықты ауырлататын мән-жайға жатады.
Бұл жерде өзінің қызметін атқарып жүрген адам деп, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік немесе коммерциялық, баска да аппаратта заң бойынша белгіленген тәртіппен лауазым адамының функциясын атқарып жүрген адамды айтамыз.
Қоғамдық борышын атқарған адам деп қоғам, мемлекет, жеке адам мүддесі үшін пайдалы іс-әрекет жасап жүрген адамды айтамыз. Мысалы, халық жасақшысына карсы қылмыс істеу, қылмысты тойтаруға қарсы әрекет жасаған адамға немесе жәбірленушіге кемек көрсетуге әрекеттенген адамға қарсы істелген т.б. қылмыстар. Аталған адамдардың туыстарына оның жақын туыстары және басқадай соларға қатысы бар адамдар жатады. Бұл ретте қылмыскер жоғарыда аталған қызметкерлердің туыстарына қарсы қылмыс жасап, оларға әсер ету арқылы, кек алу мақсатын місе тұтады.
9. Аса қатыгездікпен, садизм мен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинай қылмыс істеу. Мұндай қылмыстар көбінесе жеке адамдарға қарсы, басқа да жеке адамдардың өміріне, денсаулығына, бостандығына қарсы жасалады. Мысалы, адам өлтіру, тонау, карақшылық, бұзақылық, өкімет билігінің шегінен шығу, кейбір жағдайларда аса қатыгездікпен басқа да қылмыстар істелінуі мүмкін. Мысалы, 276-бап жануарларға қатыгездік жасау. Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен қылмыс істеу қылмыскердің осы тәсілдер арқылы жәбірленушіні қинап, оны азаптап, жанын, тәнін ауыртып, оған аса ауыр материалдық және моральдық ауырлықты келтіруі айтылады. Мысалы, балаларының көзінше анасын азаптап, сабау немесе жәбірленушіні жанын кинап өлтіру, ерекше қаталдықпен мүлікті корқытып талап ету, т. б. әрекеттер.
Жәбірленушіге қинап, қорлық көрсету деп кінәлінің жәбірленушіге қарсы шектен шыққан арсыздықпен қылмыс істеп, оның ар-намысын, адамгершілігін аяққа басу арқылы оған моральдық немесе материалдық зардап келтіруін айтамыз.
Осы айтылғандарды жауапталықты ауырлататын мән-жайларға жатқызғанда сот кінәлінің ерекше қаталдықпен немесе жәбірленушіге қорлық көрсетіп қылмыс істеу тәсілін қолдануды сезгенін анықтау өте қажет болып табылады.
10. Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе оны бейнелеуші қондырғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзгеде химиялық фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсеткен немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау. Қылмыскердің көрсетілген құралдарды, қаруларды қолдануы қоғам үшін қауіпті басқа да тәсілдерді пайдалану қылмыстың қоғамға қауіптілігін жоғарылатады. Сол үшін оған қатан жаза белгіленеді. Жалпыға қауіпті тәсілді қолданып қылмыс істеу. Мұндай тәсілді қолданып қылмыс істеу қылмыстық заң корғайтын көптеген қоғамдық қатынастарға зиян келтіру қаупін туғызады. Жалпыға қауіпті тәсілдерге: жарылыс, қопарылыс ұйымдастыру, өрт қою, су астында қалдыру, қопарылыс жасайтын заттарды, уландыратын газдарды паңдаланып қылмыс істеу жатады. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар орын алу үшін қылмысты жалпыға қауіпті тәсілді қолданын істеу фактісі болу қажет.
11. Төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де жағдайларды қылмыс жасау үшін пайдалану, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық көзінде қылмыс жасау. Мұндай әрекеттерді төтенше жағдайды немесе жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайларды пайдаланып қылмыс жасау деп атаймыз.
Жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайына жер сілкіну, су тасқыны, қар көшкіні, өрт апаты, дауыл соғуы сияқты оқиғалар жатады. Төтенше жағдайға — мемлекетте жаппай тәртіпсіздікке немесе басқа оқиғаларға байланысты пайда болған ерекше жағдайға байланысты белгілі бір уақытқа тәртіп сақтау үшін енгізілген ерекше құқылық шаралар болып табылады. Бұл туралы осы мәселеге арналған заңда нақты айтылады. Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты ерекше қорғану шараларын, құзыреттерді іске асыратын арнаулы органдар құрылады. Кінәлі адамның баска уақытқа карағанда осы жағдайды пайдаланып қылмыс істеуі оның жауаптылығын, сөз жоқ ауырлатады. Жаппай тәртіпсіздіктің түсінігі 241-бапта берілген.
12. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық елігу жағдайында қылмыс жасау. Адамның осындай күнде болып қылмыс істеуі кінәлінің келтіретін зияндылығының сау адамға қарағанда едәуір зор болатындығы, сонымен бірге оның қауіптілік дәрежесінің де үлкен екендігін көрсетеді. Қандай жағдайда мас күйге келудін қылмысты саралау үшін маңызы шамалы. Адамның алкоголь ішіңдігін есірткілік немесе уландыратын заттарды пайдаланын мас күйге келуі арқылы қылмыс істеуі мүмкін.
ҚК-тің 54-бабы бірінші бөлігінің «м» тармағына сәйкес қылмыстың сипатына қарай сот қылмысты мас күйінде жасауды жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танымауға құқылы. Бұл мәселені шешу барысында соттар жасалған қылмыстық әрекеттің өзінің сипаты бойынша кінәлінің мастығына қатысы бар-жоғын, сондай-ақ оны осындай күйге алып келген жағдайларды ескеруі тиіс. Мысалы: отбасына, жеке басына келген ауыр қайғыдан, күйіктен ішіп мас болуы немесе мас болып маңызы шамалы қылмысты істеу, т. б. жағдайлар.
Сондай-ақ кәмелетке толмаған адамның қылмыс жасаған кезде мас болуы, егер оны бұндай күйге арақ, есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану арқылы ересек қылмысқа қатысушы жеткізсе, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде есептелмейді. Мұндай іс-әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген жеке қылмыс құрамын түзеді.
13. Адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы. Аталған жағдайда қылмыс істеу — әр-уақытта да жазаны жоғарылатудың негізі. Өйткені, аталған адамдар өзі қабылдаған антын бұза отырып, өзіне берілген сенімге қиянат жасап, алдау жолына түседі. Мысалы, антты бұзып, мемлекеттік құпияны жариялайды, береді немесе банк қызметкері кәсіби антын бұзып салушылардың қаржыларын өзі пандаланып кетеді және т. б. әрекеттер.
14.Қылмыскердің қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы. Бұл жағдайларда қызметкер өзіне сеніп тапсырылған қызмет жағдайын пайдаланып сенімге қиянат жасап, оны қылмыс істеуге пайдаланады. Мұндай ретте осындай қылмысты лауазымды адамдар қызметкерлерімөн бірге қатардағы қызметкерлер де жасауы мүмкін. Шартқа байланысты мәселе Азаматтық кодекс нормасы арқылы реттөледі. Шарт заңды тұлғаларменде, жеке азаматтарменде бекітілуі мүмкін. Шарттан туындайтыи сенімді пайдаланып, қиянат жасау жауаптылық пен жазаны ауырлатын мән-жайға жатады.
15.Өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау. Өкімет түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертпесінде берілген. Осыған жататын адамдардың нысанды киімін немесе құжатын пайдалану қылмыс істеуге зор мүмкіндіктерді туғызады. Сондықтанда мұндай мән-жайлар жауаптылықты және жазаны ауырлатуға негіз болады. Қылмыстық кодекстің 54-бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жайлар тұжырымды болып табылады және оны кен, мағынада талқылауға жол берілмейді. Өйткені, Кодекстің 54-бабының 3-бөлігінде "Жаза тағайындау көзінде сот осы баптың бірінші бөлігіңде көрсетілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмаңды" делінген. Осы баптың 2-бөлігінде "Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретін декөрсетілген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмеуі керек" делінген. Мысалы, аса қатыгездікпен жасалған ауырлататын жағдайдағы кісі өлімі (96-бап 2-бөлігі "д" тармақшасы). Жауаптылықты және жазаны ауырлататын осындай мән-жайлар қылмыс құрамының қажетті немесе ауырлататын белгісі ретінде көрсетілгендіктен жаза тағайындағанда оны қайтадан жазаны ауырлататын мән-жай деп есепке алуға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет