Мазмұны Кіріспе I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты


III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары



бет13/16
Дата06.12.2022
өлшемі397,5 Kb.
#161612
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дип.-Соттылық-түсінігі-мен-оның-жойылу-салдары

III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары.


3.1. Соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі.

Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою институты қылмыстық құқықта дереу пайда болмаған. 1922 жылғы РСФСР Қылмыстық кодекстінде және 1924 жылғы КСРО және Одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негіздерінде де соттылықты жою ережелері көзделген.


Алғаш рет қылмыстық заңда соттылықты жою туралы ереже 1925жылы 9 ақпанда РСФСР орталық комитетінің декретімен Қылмыстық кодекстің 37-бабына толықтыруымен енгізілді. Онда былай делінген: "егер шартты түрде сотталған тұлға сынау мерзімі ішінде бас бостандығынан айыруға әкеп соғатын қандай да бір қылмысты жасамаса, сот үкімі күшін жойған деп есептелінеді және шартты түрде сотталған адам соттылығы жою деп танылады.
Соттылықты жоюдың құқықтық табиғатын анықтаудың теориялық және тәжирбиелік маңызы зор. Соттылықты жоюды дұрыс ұғыну оны сот тәжирбиесінде нақты қолдануды қамтамасыз етеді. В.Н. Курляндский, Н.С.Лейкина, Е.А. Фролов соттылықты жоюдың құқықтық табиғатын қылмыстық жауаптылықпен байланыстырады. Қылмыстық жауаптылықтың аяақталуы жазаның толық өтелу кезеңімен байланысты, ал тиісті жағдайда соттылықты жою немесе алып тастау. Мұндай тұжырым даулы болды.
1926 жылғы РСФСР-ң Қылмыстық кодексінде 37-бабының ережесін қабылдады, тек шартты түрде сотталған тұлғалардың соттылығын жою мерзіміне ғана өзгерістер енгізілді. Егер, 1922 жылғы Қылмыстық кодекстің 37-бабында шартты түрде сотталған адамның соттылығы жойылуы үшін сот үкімімен белгіленген сынақ мерзімі ішінде қандай да бір қылмыс жасамауын талап еткен, ал 1926 жылғы Қылмыстық кодекстің 57-бабы шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі ішінде ауыр қылмысты жасамауын талап етеді.
Ал, КСРО орталық атқару комитетінің қаулысымен 1927 жылы 25 ақпанда қабылданған КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негізі 10-бабымен толықтырылды.
Осы негіздің 10-бабына сәйкес, соттылығы жоқ деп танылатындар:
а) сотпен ақталған тұлғалар;
б) шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде жаңа қылмыс жасамаған тұлғалар;
в) алты айдан жоғары бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өткенге дейін жаңа қылмыс жасамаған тұлға;
Үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалардың соттылығы жойылмайтын болған, оларға соттылықты рақымшылық немесе амнистия түрінде алып тастау ережесі қолданылатын болған. Рақымшылық немесе амнистиялық акті негізінде соттылықты алып тастау жазаның мерзімі мен ауырлығына қарамастан жүзеге асырылған.
1958 жылы 25 желтоқсандағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бесінші жиналысының екінші сессиясында қабылданған КСРО және Одақтас Республикалардың қылмыстық заңдарының негізі сол уақытқа дейін тәжірбиеде өзін ақтаған соттылықты жою институтының ережесі қабылданды.
Соттылық жойылады, егер: а) заңда белгіленген мерзімі өтсе; б) заңда белгіленген мерзім ішінде тұлға жаңа қылмыс жасамаса. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Жоғарыда біз соттылықты жою ережесінің қысқаша тарихына тоқталдық. Енді, қазіргі қылмыстық заңда көзделген соттылықты жою ережесінің ерекшелігін атап көрсетуге тырысамыз. Соттылықты жою ережесі Қылмыстық кодекстің 77-бабында көзделген.
Азаматтың соттылығы жойылғанан (алып тасталғаннан) кейін тиісті құжаттарда "сотталмаған", - деп көрсетуге құқылы. Оған бұрынғы сотталғандығымен байланысты жалпы құқықтық сипаттағы құқықтық шектеулер қолданылмауы тиіс.
Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаның алға қойылған мақсатын тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік берумен бірге, қылмыстылық пен қарсы күрес жүргізуге зор үлесін тигізеді. Сот тәжірбиесі көрсеткендей, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың қайталамалы қылмыс жасауы жазаны толық өтеп шыққандарға қарағанда едәуір төмен. Мұның өзі, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың қысқа мерзім ішінде қылмыстық жазаның алға қойған мақсаттарына жетуіне тиісті көмегін тигізетінін көрсетеді.
Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату деп сотталған адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға адал көзқарас негізінде үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатып, оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 70-бабына сәйкес:
1. Егер сот түзеу жұмыстарын, әсери қызмет бойынша шектеу, тәртіптік әскери бөлімінде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп таныса, ол мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінере босатылуы мүмкін.
2. Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдана отырып, сотталған адамға осы Кодекстің 63 бабының 5-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктеуі мүмкін, ол бұларды жазаның өтелмей қалған бөлігі ішінде орындауға тиіс.
3. Жазадан шартты түрде - мерзімнен бұрын босату сотталған адам.
а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
б) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін;
в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін, сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамға егер мерзімінен бұрын - шартты түрде босату осы баптың жетінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі 6 айдан кем болмауы керек.
5. Сот тағайындалған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде 25 жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын —шартты түрде босатылуы мүмкін.
6. Мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына бақылау жасауды оған мамандырылған өкілетті мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде - әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.
7. Мерзімінен бұрын - шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде:
а) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған мерзімінен бұрын - шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың 6-бөлігінде аталған органдардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;
б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот шешеді;
в) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы ережелер бұрын - шартты түрде босату тағайындалады.
Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын -шартты түрде босату қолданылмайды.
Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз, түпкілікті босатылуында болып табылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың негізі болып жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудағы сияқты сотталған адамның үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға деген адал көзқарасы есепке алынады. Сот тәжірбиесінде түзелу жолына нақты түскен адамдарға ғана жазаны ауыстыру қолданылады. Мұндай жағдайда жазаның алға қойған мақсатына түпкілікті жету жеңілірек жазаны өтеу арқылы-ақ жүзеге асырылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру сотталған адамға мына негіздерге қолданылуы мүмкін.
1. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшін бас босатандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу жөніндегі мінез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрінде өтеуден толық немесе ішінара боатылуы мүмкін.
2.Жазаның өтелмеген бөлігі оның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адам жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін нақты өтегеннен кейін ауыстырылуы мүмкін.
3. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот осы Кодекстің 39-бабында аталған жаза түрлеріне сәйкес, осы Кодексте әрбір жаза түрі үшін көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңіл түрін таңдап алуы мүмкін (Қылмыстық кодекстің 71-бабы).
Жазаның өтелмеген бөлігі жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған сотталған адамды сот қосымша жазадан толық немесе ішінара босату да, босатпауы да мүмкін. Бұл мәселе нақты жағдайларға қарап шешіледі. Егер жеңілірек жазамен ауыстырылған ретте, қосымша жаза одан гөрі қатаңырық болса, мұндай ретте сотталған адам міндетті түрде қосымша жазадан да босатылуы қажет. Жаза жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған адам жазаның өтелмеген бөлігі ішінде қылмыс істесе, сот мұндай жағдайда кінәлі адамға Қылмыстық кодекстің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындайды да, бірінші үкім бойынша өтелмей қалған жазаны соңғы жазаға қосады.
Жазаны өтеген уақыттан бастап соттылықты жою шарты басталады, яғни, оның жойылу мерзімі. Соттылықты жою мерзімі - тұлға сотталған деп есептелінетін уақыт аралығын білдіреді. Соттылықты жою мерзімі Қылмыстық кодекстің 77-бабының, 3,4-тармақтарында көзделген. Заңда көзделген мерзім өткеннен кейін соттылық жойылады. Ал, соттылықты жою тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Соттылық: а) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде - сынақ мерзімі өтуі бойынша; б) тәртіптік әскери бөлімінде ұстау, әскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген әскери қызметшілер жөнінде - іс жүзінде жазаны өтеу бойынша; в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі бойынша; г) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша; е) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады. Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзімі жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып, негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептелінеді. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, сот оның өтініші бойынша соттылықты жою мерзімі өткенге дейін одан соттылықты алып тастай алады. Егер сотталған адам соттылықты жою мерзімі өткенге дейін тақы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мерзімі соңғы қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны іс жүзінде өтегеннен кейін қайта есептелінеді. Бұл жағдайда адам екі қылмыстың ең ауыры үшін соттылық мерзімі өткенге дейін олар үшін сотталған деп есептеледі. Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды.
Тұлға соттылық жойылатын мерзім ішінде жаңа қылмыс жасамаса соттылығы жойылған деп танылады.
Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтеуін айтамыз. Мұндай мерзімінің өтуі қолданылатын шараның тиімділігі, қажеттілігін жояды, сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп, ескірген қылмысты тергеу оған дәлелдерді жина, істі сотта қарау кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де көптеген қиындықтарды туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Қылмыстық кодексте (69-бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына байланысты болып көрсетілген.
1. Кішігірім қылмыс істегеннен кейін екі жыл өтсе;
2. орташа ауырлықтағы қылмыс істегеннен кейін бес жыл өтсе;
3. ауыр қылмыс істегеннен кейін он жыл өтсе;
4. аса ауыр қылмыс істегеннен кейін он бес жыл өтсе; Ескірудің мерзімі қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі зандық күшіне енген кезге дейін есептелінеді. Қылмыс істеген уақыт деп қылмыстың зардабының орын алған уақытынан тысқары қоғамға қауіпті іс-әрекет жүзеге асырылған уақытты айтамыз. Үзілісіз қылмыста қылмысқа байланысты іс-әрекеттерді толық тоқтатқан уақыттан бастап оның ескіру мерзімі есептелінеді. Созылмалы қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп біткен уақыттан бастап есепке алынады.
Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс істеген адам 69-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса ескіру мерзімі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру мерзімінің есептелуі жаңа қылмыс істеген кезден бастап, ал қалған реттерде егер адам ескіру мерзімі біткенге дейін жаңа қылмыс жасаса, әрбір қылмыс бойынша ескіру мерзімі өз бетімен, дербес жүріп отырады.
Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе, оның ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Тергеуден немесе соттан бой тасалаудың өзі кінәлі адамның қоғам үшін қауіптілігін, оның түзелу жолына бет алмағандығын көрсетеді. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол бермейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру мерзімінің өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесе кінәсін мойындап өзі келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасалған уақыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі тоқталмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.
Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істегендерге қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі қолдану жөніндегі мәселені тек қана сот шешеді. Егер ескіру мерзімінің бітуіне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасын тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот 25 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бостандығынан айыруды тағайындайды (69-бап, 5-бөлігі).
Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға болмайтын қылмыстарда бар. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 6-тармағында бейбітшілікке және азаматтың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.
Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз
Айыптау үкімі белгілі бір себептермен орындалмай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайларда оны орындаудың мерзімі ескіреді. Мерзімі ескірген айптау үкмі орындалмайды. Ал кінәлі адамдар қылмыстық жазадан босатылады.
Айыптау үкімінің орындалмай қалуының себептері сан түрлі. Мысалы, сот қызметкерлерінің салақтығынан, үкімінің тиісті органға орындаушыға жіберілмей қалуы, қылмысты істің жоғалуы, үкімді орындауды жүзеге асыратын органның ұқыпсыздығынан оның орындалмай қалуы немесе сотталған адмның жаза өтеу мекемелеріне жіберілмей қалуы сияқты мәселелерден туындайды. Көп жағдайларда айыптау үкімі сотталған адамның жазасын өтеуден бой тасалап, жалтаруынан орындалмай қалады.
Айыптау үкімі екі түрлі жағдайдың жиынтығы негізінде орындалмайды.
Біріншісі, заңда белгіленген нақты мерзімінің өтуіне байланысты;
Екіншісі, осы көрсетілген мерзім ішінде сотталған адам жазаны өтеуден бұлтармаса.
Қылмыстық кодекстің 75,76-бабы айыптау үкімін орындаудың мерзімін ескіруі жөнінде белгілі бір мерзім белгіленген.
Егер айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап мына мерзімдеріне орындалмаған болса, сотталған адам жазадан босатылады:
а) кішігірім ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғандар - 3 жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғандар -6 жыл;
в) ауыр қылмысы үшін сотталғандар -10 жыл;
г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғандар -15 (75-бап). Қылмыстық кодекстің осы бабының талабына сәйкес айыптау үкімінің ескіру мерзімі істелген қылмыстың немесе оның санкциясында белгіленген жазаның ауырлығына қарай емес, үкім бойынша нақты тағайындалған жазаның ауырлығына қарай белгіленеді. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі егер сотталған адам жазны өтеуден бұлтарса үзіледі. Мұндай ретте ескіру мерзімі сотталған адамның жазаны өтеуге айыбын мойындап өзі келген я ұсталған күннен бастап қайта жаңғыртылады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өткен ескіру мерзімі есептелуге тиіс. Бұл орайда айыптау үкімі егер оның шығарылған уақыттан бастап 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасау арқылы үзілмеген болса, орындалмауы керек. Жазаны өтеуден бүлтарудың өзі кінәлінің істеген қылмысынан тиісті қорытынды шығармағандығынақ жазаның алға қойған мақсаттарын мойындамағандығын көрсетеді. Сол себепті де мұндай адамдардың тағайындалған жазаны нақты түрде өтеуі жөн болады.
Егер адам осы 75-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі үзіледі. Мұндай жағдайда ескіру мерзімінің өтуі жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледі (75-бап, 3-бөлігі). Қылмыстық кодекстің (75-бабының 4-бөлігіне сәйкес өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет