2.2.3 Сүріндірме - сөздер
Ағылшындар есімшелі жалпылауыш оралымдарды онша қабылдамағандықтан болар, олардың жазбаша тіліндегі есімшелер етістіктен жасалған зат есімдерге ауыстырылады. Бұндай ауыстырулар орыс тіліне тән емес, аудармашы осындай жағдаймен кездескенде «сүрінеді», сондықтан ауыстырылатын сөздерді біз шартты түрде «сүріндірме » сөздер деп атадық. Мысалға жүгінейік:
The loss coefficient prediction from the visco-elastic analysis (4).12) is virtually identical to the measured value for low strain,
Көзге түсетіні не? Салыстыру фактісі: қандай-да бір prediction сөзі екінші бір value сөзімен салыстырылады. Басқаша айтқанда, үрдіс шаманың мәнімен салыстырылуда, яғни «бәлішті» «етікпен» салыстырғандай. Бұндай салыстырулар орыс тілінде нашар стиль болып саналады. Ағылшын тілінде де «apples and oranges» салыстыруы мадақталмайды, бірақ жоғарыда көрсетілген мысал ағылшын тілін тасымалдаушыларына «толық табиғи тіл» ретінде қабылданады. Ағылшын салыстыру фактісіне сенімді болса, автоматты түрде кері алмастыруды орындайды: prediction —> predicted. Біздер де осындай алмастыруды жасайық:
В случае малой деформации расчетный коэффициент потерь, полученный с помощью вязко-упругого анализа (~0,12), практически одинаков с измеренным значением.
Деформацияның азырақ жағдайында, тұтқырлы-серпімді талдау көмегімен алынған есептелген ысырап коэффициенті(~0,12), іс жүзінде өлшенген шамамен бірдей.
Міне енді бәрі түзетілді: есептелген мән өлшенген мәнмен салыстырылды [20; 84].
Келесі мысал:
Under lightly-sooting conditions the fraction of the total soot determination attributed to the deposit was a small fraction of that on the filters.
Тағы да «бәліштің» «етікпен» салыстырылғанын көреміз. Кері алмастыруды жүргізейік (determination —> determined) және ағылшын тіліне тән «айтылмаушылықты» ашып көрсетейік:
В условиях слабого образования сажи доля измеренного суммарного количества сажи, приходящаяся на [трубное] отложение, была мала в сравнении с таковой [для сажи, уловленной] в фильтрах.
Күйенің азырақ пайда болуы шартында, (мұржаға) шөгілген күйе мөлшерінің өлшенген қосынды үлесі, фильтрдегі (ұсталған күйе үшін) осындай шамамен салыстырғанда кем болды.
Өкінішке орай, салыстыру түріндегі білдіртпей айтулар әр кезде бола бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |