Мазмұны Кіріспе Орман шаруашылығы


Өрттің алдын алу шаралары



бет8/9
Дата25.08.2022
өлшемі2,43 Mb.
#148231
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ерғара Рахымжан ЛРЛ20к-2

5 Өрттің алдын алу шаралары
Орман пайдаланушылар мен ормандарда жұмыс жүргізетін немесе осында жолдары, қоймалары, құрылыстары және басқа да объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жұмыс орындарында, жолдарда, қой­маларда және басқа да объектілерде орман өрттері шыға қалған жағдайда осы өрттерді өз күштерімен және құралдарымен жоюға шаралар қолданады және өрт туралы орман қоры учаскелерінің иесіне, жергілікті атқарушы органдарға және өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды.
Азаматтар орман өртін байқап қалған жағдайда бұл жайында мемлекеттік орман иеленушінің орман шаруа­шылығы қызметкерлеріне, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына, жергілікті атқарушы органдарға хабар­лайды және оны сөндіруге шаралар қолданады.
Жергілікті атқарушы орган бекіткен жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ өртке қарсы техниканы, орман өрттерін сөндіру жөніндегі көлік және басқа құралдарды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік орман иеленушінің талап ету бойынша жұмысшылар мен техникалық құралдарды орман өрттерін сөндіруге жібереді.
Орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы өрт туралы хабар алған соң оны сөндіру үшін шаралар, соның ішінде өрт шыққан аумақ бекітіп берілген өрт сөндіру-химиялық станцияның күшімен шаралар қолданады.
Өрт туралы хабар түскен жағдайда орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің басшысы:
1) команданы өртке дереу аттанып кетуге әзірлеу жөнінде шаралар қолданады;
2) орман мекемесінің басшысынан немесе орман­шыдан (бағыныстылығына қарай) нұсқаулар алады;
3) команданың немесе жеке бригаданың өртке аттанып кетуі туралы шешім қабылдайды.
Орманшылық аумағында бір мезгілде бірнеше өрт шыға қалған жағдайда немесе өртті тез сөндіру үшін бір өрт сөндіру-химиялық станцияның күші жетіспеген жағдайда орманшы көрші орманшылықтардың 2 типті өрт сөндіру-химиялық станциясының немесе І типті стан­циясының күштері мен құралдарын өрт сөндіруге жіберу үшін бұл жайында орман мекемесінің басшысына хабарлайды.
Орман мекемесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақта пайда болған өрттерді тез сөндіруге күштер мен құралдар жетіспеген жағдайда және өрттердің кең ал­қаптарға таралып кету қатері төнгенде орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды және бекітілген Орман өрттерін сөндіру жөніндегі жоспарға сәйкес жергілікті ұйымдардың күштері мен техникалық құралдарын, халықты өрт сөндіруге тарту жөнінде шаралар қолданады. Егер өрттер дүлей күш апаты сипатына ие болса, орман мекемесінің басшысы авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын өрт сөндіруге тарту жөнінде шаралар қолданады. Орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріндегі орман өрттерін сөндіруге жалпы басшылық орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшысына жүктеледі.
​ Жердегі күзет аудандарындағы әрбір орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстарға тікелей басшылық жасауды орманшылық аумағында орманшы немесе орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің басшысы не орман пайдаланушының өрт сөндіру бекетінің бастығы (орман қорының тиісті учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушыда ол болған жағдайда) жүзеге асырады.
Орманшы және орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің күштері келіп жеткенге дейін орман өртін сөндіруге басшылықты тиісті аумаққа бекітілген мемлекеттік орман күзетінің қызметкері, ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (орманшы көмекшісі, орман шебері не инспектор, орман күтуші) жүзеге асырады.
Ахуал ушығып кеткен жағдайда орман өртін сөндіруге басшылықты орман мекемесінің басшысы немесе оның тапсыруы бойынша осы мекеме басшысының орынбасары немесе осыған уәкілетті өзге адам жүзеге асырады.
Ормандарды авиациямен күзету аудандарында жету қиын жерлерде орман өрттерін сөндіруге басшылықты өрт сөндіруге келген өрт сөндіруші- парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командаларының ішінен лауазымы жоғары қызметкер жүзеге асырады.
Орман өртін сөндіру жөніндегі басшы:
1) өртті құрықтау іс-шараларымен байланысты емес барлық жұмысты тоқтатуы;
2) өртті сөндіруге қатысып жүрген адамдарды ықтимал жарақаттардан, уланудан, күйіп қалудан қорғауды қамтамасыз етуі;
3) адамдардың өміріне қатер төнген жағдайда қолда бар күштер мен құралдарды тегіс пайдаланып, оларды құтқаруды дереу ұйымдастыруы;
4) өрт сөндіруде жұмыс істеп жатқан барлық адам­дардың жұмыстардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді қатаң орындауын қамтамасыз етуі;
5) өрт болып жатқан жерді тастап кетпеуі және өрт сөндіріліп немесе сенімді түрде құрықталып болғанша жұмысшыларды босатпауы;
6) орман өрті шыққан аумақта жұмыс істейтін ұйым объектісінің басшысын немесе басқа лауазымды тұлғасын өрт орнына шақыру жөнінде шаралар қолдануы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет