4 Орман типологиясы құрылымының бастамалары
Ормандарды жүйелеу – орман типологиясының негізгі мәселесі. Ал орман шаруашылығы ғылымдарының ішінен өзіндік тармақ болып бөлінуге әсер еткен XIX ғасырдағы орыс орман шаруашылығында пайда болған «екпе ағаштар типтері» деген түсінік. Сондықтан «құрғақ алқаптағы» және «сулы алқаптағы» орман типтері деп бөледі.
Ормандарды типологиялық жүйелеуді морфологиялық жүйелеумен араластыруға болмайды. Өйткені морфологиялық жүйелеу орман таксациясының әдістеріне сүйенеді. Ал таксациялық жүйелеу екпе ағаштардың сыртқы және әсіресе сандық белгілерін анықтайды, яғни құрамы, тұқымдар басымдығы, толықтығы, қабаттар саны, бони тет, екпе ағаштар шығу тегі, өнімділік, өсу барысы. Орманның құрамы, құрылымы, өнімділігі және өсу аймағын бағалаудатаксациялық сипаттама құнды негіз. Бірақта, орман шаруашылығы ісінде орман белгілерін біріктіріп сосын табиғи өсулердің әр түрлілігін түсіндіруде таксациялық әдістемелік орманшылардың қөңілінен шықпаған. Сондықтан орман типологиясы пайда болды, ол өсімдіктерді, кең биологиялық және географиялық негізінде, айқын белгілерімен жүйелейді.
Орман типі – орманның ағаш тұқымдары құрамымен біртектес аумақтарын біріктіру. Сонымен қатар өсімдіктер даму реттері және фаунамен, микробтар мекені бойынша, климаттық, топырақтық, гидрологиялық шарттарымен, өсімдіктер өмір сүру ортасы арасындағы байланыспен, ішкі биогеоценоз бен биогеоценоз арасындағы түрлердің энергия және зат алмасуымен, биогеоценоздар құрастыру қасиеттерінің біртектілігімен біріктіргенде экологиялық жағдайлар және қолданылатын орман шаруашылық ісшаралары бірдей болу керек.
Ғылыми типология негізін қалаушы Г.Ф. Морозов алғашқы болып өсімдіктер типтері туралы оқытылымды ұсынды. Ол орман өсімдіктері типі деп бір үлкен топқа біріктірілген және өсу жағдайларымен біртұтас өсімдіктерді атады. Морозовтың айтуы бойынша орман өсімдіктері типі – бұл климаттық фактормен байланысқан орманшылық – географиялық ұғымның ең төменгі жүйелік сатысы. Морозовтың бұл ойлары Алексеевтің, Воробьевтің, Сукачевтің және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде өз жалғасын тапты. Погребняк жергілікті өсімдіктер әр түрлілігін анықтайтын топырақтық факторлар деп оны ормандар жүйелеу негізіне қойды. Топырақтар жағдайлары және ормандар белгілері қарым – қатынасын анықтау үшін Погребняк эдафикалық тор қолданды. Ол тор екі қатардан тұрады: трофогендік, яғни құнарлығы және гигрогендік, яғни ылғалдылығы.
Трофогендік қатардың мүшелері трофотроптар деп аталады, олар қарағай орманы немесе жалпақ жапырақты орман. Қарағай орманы, құнары тапшы құмдақ топырақтарда, өседі. Жалпақ жапырақты ормандар топырақ құнарына көп талап қояды, сондықтан олар орманның сұр топырағы мен қара топырақта өседі, олармен қатар көптеген ағаштар және бұталар өседі.
Е.В. Алексеев жүйелеуі Е.В.Алексеев орман жүйелеу жұмыстарында Г.Ф.Морозов, П.П.Серебренников, А.А.Кюрдинердің ілімдерін жалғастыра отырып қолданылма жағынан дамытқан. Е.В.Алексеев бойынша «орман участогінің типі» ол орман мен алып тұрған жерінің тұтастығы. Ол да жүйелеу негізіне екі ординатаны қолданған, А.А.Кюрденер сияқты, - ылғалдылық және топырақтың механикалық құрамы. Бірақта Е.В.Алексеев топырақты терең зерттеуге талап қояды, өйткені табиғатта тек «емендік» емес «қарағайлық» саздақтар бар.
Е.В.Алексеев жүйелеуі екі нысанды сұлбаға сүйенеді, А.А.Нартов және П.П.Серебренников келісуімен, яғни екі категорияларға бөлу: а) құрғақ алқаптың орман типтері; б) сулы алқаптың орман типтері (шымды батпақтардағы, қарағайлы, қайыңды, шыршалы ормандар). «Құрғақ алқаптағы» орман типтері ормандық саздақтағы қарағайлы, ақ букті, жалпақ жапырақты ормандарға және қара топырақтағы емен орманына бөлінеді. Сонымен қатар Е.В.Алексеев жалпақ жапырақты орманның климаттық формалары ретінде шамшаттық орманды сипаттайды. Е.В.Алексеев эрозияға ұшыраған, бүлінген, ауыл шаруашылығында ұзақ қолданылған топырақтарда пайда болған ормандарды зерттеп, жаңа көз қарас тудырды және шәйылған саз топырақта қарағай отырғызу керек екенін дәлелдеді. Ол орман типтері топырақтың механикалық құрамымен байланысты екенін айқындады
Типологиялық түсініктер
Сүрікдіңдер – орман екпелерінің негізгі бөлігі болып табылатын ағаштар жиынтығы. Бонитетімен, толықтығымен, нысанымен, құрылымымен және тегімен екпе ағаштар бөлінеді, жергілікті және туынды, тұқымдық және балақ шыбықтық, табиғи және жасалған, болып. Тіршілік орны – орманның ішкі ортасы. Астынан тамырт орналасқан топырақпен, ал үстінен бөрікбасымен шектелген ағаштар көлеміндегі топырақ пен атмосфера жатады. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компонентерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен.
Достарыңызбен бөлісу: |