Мазмұны Кіріспе Орман шаруашылығы


Орманның негізгі элементтері



бет7/9
Дата25.08.2022
өлшемі2,43 Mb.
#148231
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ерғара Рахымжан ЛРЛ20к-2

4.2 Орманның негізгі элементтері

Белгілі бір жерде орман ешқашанда бір текті болмайды. Оларда сыртқы және ішкі белгілері және қасиеттерімен айырмашылық болады. Сондықтан іс жүзінде топтайды. Орманның негізгі компоненті – орман өсімдіктері және оның құрылымдық бөліктері: сүрекдіңдері, жас шыбықтар, шілік, шабан өркен, тірі бүркеме дақыл, орман төсеніші т.б. Орман өсімдіктері – сүрекдіңдерінен, сонымен қатар, жаңа өсулерден, шіліктен және тірі бүркеме дақылдан құрылатын орман участогі. Орман өсімдіктерін орман фитоцинозы деп тауға болады (фитон - өсімдік, ценоз – жалпы, біріккен). Оған ағаштар, бұталар, шөтесін өсімдіктер, мүктер, қыналар, орман төсеніші жатады.


Сүрекдіңдер – ағаштардың қосындысы, өсімдіктердің негізгі компоненті. Қазақстан Республикасының Орман кодесінде мына түсінік берілген: «Сүрекдіңдер – орман екпелерінің негізгі бөлігі болып табылатын ағаштар жиынтығы». Өскіндер, өзі себілгендер, жаңа өсулер, шілік, шабан өркендер, бүркеме дақылдар өсімдіктердің төмедегі қатарына жатады. Пісу жасына жеткен әр орманда ағаштардың жас ұрпағы болады. Ол ұрпақ аналық орманның, әлде басқа тұқымдардың өнімі болуы мүмкін. Жас ұрпаққа өскіндер жатады – бір жастағы ағаш өсімдіктері. Егер өскіндер сақталса, олар өзі себілген екі жасқа дейінгі ағаш өсімдігі болады. Олар табиғи дамудың келесі ұрпағы – жаңа өсулер, яғни екі жастан асқан негізгі тұқымдардан кейін дамитын өсімдіктер. Ағаш кесу кезінде құнды тұқымдар өсулері сақталу керек, өйткені олар жаңа ұрпақты қалыптастырады.
Шілік (майда тоғай) - өскен жерінде ағаш бітімін қалыптастырмайтын, орман көлеңкесінде өсетін бұталар. Шіліктің тұқымдық құрамы орман қалыптастыру жағдайларымен – климаттық, гидрологиялық, топырақтық, сонымен қатар ағаш бітімінің тұқымдық құрамымен байланысты. Майда тоғайдың орманшылық және экономикалық мағнасы зор. Оның топырақ қорғау орны мыналарда: жерге рам шөптер өсірмейді, қопсытып құрылымын сақтайды, су эрозиясын толастатады. Топырақты қоректік заттармен байытады, пайдалы құстар мен аңдарға пана болады, азықтық жемістер береді. Шабан өркенге негізгі ағаш тұқымының діңін жақсартып өсуін тездететін ағаш және бұталарды жатқызады. Ол жаңа өсулер мен шіліктерге қарағанда негізгі тұқымға көп көмек береді. Жан-жағында өсіп оның өсуін бәсеңдетпей, діңі түзу болуға әсер етеді, өйткені бұтақтары көп болмайды.
Тірі бүркеме дақылдар – мүктер, қыналар, шөптесін өсімдіктер, бұташалар орманды және ормансыз жерлерде өседі. Олар ағаш бітімдерімен, географиялық жағдайға және өсімдіктердің өз жағдайларымен байланысты. Орман өмірінде мағынасы зор, әсіресе қалпына келтіруге көп әсер етеді. Тірі бүркеме дақылдардың ішінде азықтық, дәрілік, илік заттары бар өсімдіктер көп және жануарларға көп азық береді.
Ағаштар қосылып екпелер қалыптастырады, оның ішінде жаңа қосылыс пайда болады, ол орман төсеніші - әр түрлі шіріген өсімдіктер түсінділерінен орманда қалыптасқан топырақ үстіндегі қыртыс. Өсімдіктер түсінділеріне жатады – жапырақтар, қылқандар, бұталар, жемістер мен қабықтар, ол жерді көптеген жануарлар паналайды. Орман төсенішінің қоры, қалыңдығы және құрылымы орман құратын тұқымдардың түрлік құрамымен, ағаш бітімінің жасымен, ағаштар биіктігімен, тірі топырақ жамылышымен, қазғыш фаунаның белсенділігімен байланысты. Төсенішті топырақтың ормандық өсімдік қасиеттеріне қолайлы әсер ететін фактор ретінде қарастыру керек, өйткені қопсу мен құрылымын, жоғарғы қабаттың ылғалы мен температурасын сақтауға әсер етеді. Орман төсенішімен қатар орманда тамыр жүйесі бар, ол бір өсімдіктің жер астындағы табиғи күрделі құбылысы. Топырақта орналасу сипатымен жер бетіндегі, терең орналасқан, аралас тамыр жүйелерін бөледі. Ағаштар тамыр жүйесінің көмегімен жерге бекиді, су мен қоректік заттарды алады, алмасу заттарын бөледі, қоректік заттардың артығын жинайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет