Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу


Күрес жаттығуларының палуанның ағзасының өсуі мен дамуына физиологиялық әсері



бет20/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5

2.3 Күрес жаттығуларының палуанның ағзасының өсуі мен дамуына физиологиялық әсері

Ағза өсуі мен дамуының жетілу кезеңіндегі әртүрлі қарқынының ортақ заңдылығына сүйене отырып, жас ерекшелігіне қарай кезеңдерге бөлу қабылданған. Барлық жетілу кезеңі шартты түрде бірнеше жас кезеңдеріне бөлінеді, яғни уақыттың өмірлік кезеңдері, бұл кездерде өсу және даму процестері жүреді, сондай-ақ ағзаның морфофункцияналдық ерекшеліктері де осы кезге сай келеді.


Әлеуметтік тұрғыдан жас кезеңдерін қандай да бір әлеуметтік іс-әрекетке дайын болуға қажетті уақыт аралығы деп қарау керек.
Жас ерекшелігіне қарай кезеңдерге бөлінудің түрлі үлгілері бар. Бірақ балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінде халықаралық симпозимда қабылданған кезеңдер схемасын пайдаланған дұрыс. Бұл үлгі балалық және жасөспірім кезеңдеріндегі өсу және даму процесі қарқынының өзгерістерін нақты және дұрыс көрсетеді. Бұл үлгіге сәйкес жетілу кезеңінде 7 кезең жасалған:

  1. –жаңа туған кезең -1-10 күн;

  2. – нәрестелік кезең – 10-1 жыл;

  3. – сәбилік кезең -1-3 жыл;

  4. – бірінші балалық кезең – 4 -7 жыл;

  5. – екінші балалық кезең

ұлдар – 8-12 жыл;
қыздар - 8 -11 жыл;

  1. – жеткіншектік кезең

ұлдар – 13 -16 жыл;
қыздар – 12- 14 жыл;
7. - жасөспірімдік кезең
ұлдар – 17 -21 жыл;
қыздар – 16 -20 жыл;
Күрес спорт түрімен 10-18 жастың аралығында айналысуға мүмкіндігі бар. Бұл кезеңде организмнің өсіп дамуы біртіндеп жақсы дамыды. Дене мүшелерінің және ағза жүйелерінің дамуы бір-бірімен өте тығыз байланыста, яғни біртұтас құлылым.
Денедегі ішкі және сыртқы мүшелердің және жүйелердің өсу қарқындылығы санынан да мөлшерінің өзгеріске ұшырауыда біртіндеп байқалады. Сондықтан біз дене дамуы, қарқыны және салмағы әртүрлі адамдармен кездесеміз. Сондықтан жасөспірімдердің әртүрлі жастағылардың арасындағы шекаралық деңгей анықтауда жиі қиындыққа соғады.
Машықтандыру сабақтары күрес спорт үйірмесімен айналысушы жаттығушыларда жас ерекшеліктеріне қарай топқа бөліп жүргізіледі. Олар: кіші топ 14-15 жас, үлкен (жоғары) топ 16-17 жас, жас өспірімдер тобы 18-19 жас және ересектер тобы 20 жас және одан жоғары жастағы жаттығушыларды топтастырады.
Бұр әрбір топ өз жас ерекшелігіне қарай, жарыс ережесіне сай бір-бірінен ажыратылып топтастырылады.
12-18 жас жыныс жүйелерінің жетілуі кезеңіне дәл келеді. Жұмыс жүйелерінің жетілу процесін байланысты өзгеруі, ағзаның барлығына өзінің әсерін тигізеді. 12-15 жаста дененің ұзындыққа өсуі өтеді, сондай-ақ гипофиз және щитовидный бездері қызметінің күшейтілуімен сәйкес келеді. Жас ерекшелігіне қарай кіші топтарда омыртқасының, көкірек клеткаларының, тазының және төмен жақтарының сүүйектенуі бітпейді. Ересек адамдарға қарағанда байланыс аппараттары жұмсақ. Осы ерекшеліктерін есептеп, күшті және иілгіштікті дамытатын жаттығуларды абайлап қолдану қажет. Бұларды артықша қолдану сүйектердің өсуіне қарама-қайшы әсерін тигізуі мүмкін және мүсінінің дұрыстығына әсерін тигізуі мүмкін және мүсінінің дұрыстығына әсерін тигізеді. 16-18 жаста өсу қарқыны азайыңқырайды және жасөспірім жылына шамамен 3 см-ге өседі.
Жас ерекшелігіне қарай 14-18 жас аралығындағылар ағзасының күш жинауда қарқынды дамыған, мүлтіксіз епті, төзімділігі артқан, барлық мүшелер жұмысы белсендіріліп, жас ерекшелігін қарай жүйке жүйесінің қалпы өзгеріске ұшырауы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмысы, тұлғаны бойы, жайына қарай өзгеріске ұшырайды. Сондықтан 14-16 жас кезінде бұлшықет жұмыстарына көптеп жаттығулар жұмысының қарқындылығын күшейту қажет.
Ал 17-18 жас жасөспірімдерде бұлшықет ұлпасында күш қуаты артады, жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметі әлдеқайда дамыған, тамыр соғысы жоғарылайды, қан қысымы төмендейді, жүрек көлемінің соққысы, ересектердің жүрек көлемінің соққысына тең келеді.
Күресші машықтануда жаттығудың техникасы мен тактикасын меңгеруде тұлғаның денелік және психологиялық жағдайына күш салады.
Сондықтан жасөспірім жаттығумен айналысуда оларға оқыту қажет, олар неғұрлым жас кезде, белсенділікті жетеу қарқынды жүреді. Кездейсоқ алған соққылар жүйке жүйесінің қалпын тежеуге ұзақ күш салады. Сондықтан жаттығуларды бөліп, ұзақтығын бақылап, тынығу ұзақтығын ескеріп отырған жөн. Сондай-ақ күштілік соққыларын толық қолданып отыру қажет. Жасқа қарай белсенділік қарқындылығын ерекшелігіне сай мөлшерін, салмағын, жүйлермен мүшелер белсенділігін, әсіресе жүйке жүйесін бақылауға ұстау қажет. Жылдамдық координациясы, күш санасы арта түседі.
Жүрек бұлшықетінің және барлық ағза дамуы жаттығумен жалпы қарқындылығы міндетті. Бүкіл ағза машықтану үстінде ішкі мүшелерге, бұлшық еттерге салмақ түсірсе жүректің, жұмыс қарқындылығын екі есеге арттырып қатты күш салады. Мұндайда жүрек гипертрофия жағдайына үшырауы мүмкін. Сондықтан жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмыс белсенділігін өз денгейінде ұстау жалпы дене дайындығының жүйке және дене салмағының денгейінде ұстауға мынадай: жүру, жүгіру, жүзу, спорттық жүріс жаттығулары көмектесе алады.
Жасқа сай артериальдық қысым балалар мен жасөспірімдерде біртіндеп көтеріліп, қан қозғалысының жылдамдығы жоғарылайды. Бұл үшін дене жүктемелерін жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметіне сай игеру қажеттігін меңгеру. Қалыпты қан қысымы 18 жаста бірдеңгейде теңеседі.
Жасөспірімдердің қан қысымының ұлғаюы белгіленеді. Артық жүктеме алғанда олардың жүрегі ауыруы және басы айналуы байқалады. Шаршау жағдайы жеңіл байқалады. Үзбей жаттығудың нәтижесінде бұл қайшылық көрініс біртіндеп ғайып болады. Үлкен шыдамдылықты ерек ететін жаттығуларды қолданғанда, жүректің гипертрофиясына әкелуі мүмкін. Жүректің артық қуаттылығын қайтару үшін жүктемені қатаң біртіндеп ұлғайту қажет.
Жасөспірімдердің үлкен жастағыларына жүйке жүйелерінің жұмысцы жүрек қызметінің реттеуде өте дұрыс құрылады. Жүрек соғуы-аз, жүрек көлемінің соғуы-ересектердің байқалуындағыға жақын.
Көрсетілген өзгерістер арнайы шыдамдылықтың дамуына жағдай туғызады. Жасөспірімдердің ағзасы ұзақ уақыт бойынша жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейде ұстап тұру қабілетін меңгере алмайды. Жасөспірімдер тез шаршайды, бірақ, тез өзінің күші қалпына келеді. Күшінің тез қалпына келуі сонда өтеді, егер олар аз және оңтайлы жүктеме алғанда. Қатсыушылардың күшінің орнына келуі заттардың көтеріңкі ауысуының есебінен болады. Сондықтан да барлық сабақ бойынша жұмыс қабілеттілігін сүйемелдеу үшін, демалу үшін жиі үзіліс қажет. Жүктемені артық мөлшерде алғанда қыатысушылардың күшті қалпына келтіруі созылады. Сондықтан да үлкен жүктеме, ересектердің іс-тәжірибесіндей жасөспірімдерге жол беруге болмайды.
Жүрек-қантамырлар жүйесі қызметінің жоғарлауы тыныс алу жүйесінің қызметін күшейтеді.
16-18 жаста өкпе массасының көлемі күшейеді, өмір сүрумен байланысын арттырады.
Бізге белгілі бұлшық ет қызметінің белсенділігі ондкағы қан мөлшерінің жұмыс қабілетіне байланысты, бұлшық ет қызметін арттырады. Сондықтан алдымен бұлшық еттің қанмен қамтамасыз етілуін бақылап, соңынан бұлшық ет қызметінің белсенділігін арттыру қажет. Яғни күрес жаттығу сабағының алдын-ала, немесе оқу жекпе-жек сәтінде, жаттығушы тым шаршағыш келеді, өйткені тыныс алу дұрыс қойылмаған, бұлшық ет шынығуы жеткіліксіз, .нағыз жекпе-жек сәтінде белсенділік көрсете алмайды. Жас өспірім жаста ересектерге қарағанда күресші жекпе-жек сәтінде ерте шаршайды. Сондықтан ересектерге қарағанда жасөспірім жастағылардың жаттығу сабақтарын таза ауада, сыртқа алаңда өткізген жөн, өйткені тыныс алу оттегімен толық қамтамасыз етілуін ескеру қажет.
12-15 жастағы жасөспірімдердің ет ұлпалары ұзындыққа тағы да қарқынды өседі, көлденеңіне қарағанда және 15 жаста денесінің барлық салмағының мысалға 32 пайызға құрастырылады. Жасөспірімдердің ет жүйесінің функционалдық мүмкіншілігі, ересектерге қарағанда төмен. Осыдан күшке және төзімділікке арналған жаттығуларды қолдану қатаң регламенттік болу қажет және жүктеменің ұлғаюының сатысы оған бейімделуінің өлшемінде.
Ғылыми деректерге қарағанда 13-15 жаста қимыл анализаторларының қалыптасуы аяқталады. Осыған орай 15 жастан бастап күшті мақсаттылықпен дамытуға мүмкіндік туады. Еттер ұлпасы қуатты өседі және 17-18 жастағы жасөспірімдердің денесінің салмағының 44 % жетеді, сондықтан дене қуаттылығын керек ететін техникалық қимылдарды үйренуге мүмкіндік туады. Жасөспірімдердің ішкі құрылысы мен іш еттері ілсіздігі жағынан байқалады. Мұндай жағдай жаттығуларды байқап қолдануына кенрек етеді, қалайда жасөспірімдердің әдістемелік сабағында олардың жүрек-талшықтарының жүйелеріне ерекшеліктері.н ескеру керек.
Жасөспірімдердің тыныс алу мүшелері, сондай-ақ өзінің ерекшеліктері бар. Соның бір ерекшелігі көкірегінің дамуын периметрі жәй өтеді, дененің ұзындыққа өсуіне қарағанда. Осы жағдай тыныс алу жүйелерінің дамуын шектейді. Тыныс алу реттелуі жетілдірілмегеннен дене жаттығуларын үлкен жүктемемен өткізу тыныс алудың ырғақтығы бұзылуы мүмкін. Бұл қаралып жатқан жаста мәнді өзгеріске балалардың психикасы да кіреді. Одан әрі психологгиялық ысылуы өтіледі. Жасөспірімдер 12-15 жаста ересектерге ұқсауға тырысады, өз бетінше ынталануға, ерлікте көзге түсуге. Олардың мынадай жоғары психологиялық қабілеттілігі дамиды, шын ойлауы, өзінің істерін және мінезін қорыта білуін және талдауын. Ересек болуға тырысып, жасөспірімдер теріс мінездерін көрсетуі мүмкін: қызбалық, дөрекілік т.б. Оқытушының мақсаты қатысушыларға дұрыс қабілеттілігін дамытуды ояту болып саналады, керекті бағыт беру. Оны да ұмымпаған жөн жасөспірімдер бір қызметпен айналысып, қолжетерлік мөлшерлерде бақылауын жоғалтады. Олар барынша үлкен салмақ көтеруге тырысады, барынша жарысқа жиі қатысуға, арнайы дайындықсыз күрделі әдісті істеуге талпынады. Сондықтан да жасөспірімдерге қатаң педагогикалық бақылау қажет.
Оқыту мен жаттығу сабақтарында психологиялық жас ерекшелігін ескеру негізгі факторлардың бірі.
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық саласы ересектер психологиялық саласы ересектер психологиялық санасынан ерекшеленеді. Балалар мен жасөспірім жаста бұл саланы жаттықтырушының педагогикалық шеберлігінен оның жаттығу сабағында әр бір баламен жекелей жұмыс жүргізгенінен байқауға болады. Балалар мен жасөспірімдерде көру қабілеті өте жақсы дамыған. Бұл жаста жаттығушы жоғары дәрежеге жетуде техникалық машықтануды меңгеруде сәттілікке жетеді. Жасөспірімдер бұлшық ет қызметінің жұмысын өзі бақылау жасауда белсенділігінің даму қарқындылығын аңғара алады.
Жасөспірім жасында мінездік ерекшеліктер орталық нерв жүйелері қызметінде әсемдік және нерв процестерінің қозғалмалығы болып табылады. Сол, икемділікті керек ететін жаттығуларды тез игеріп кетуін мүмкіндік алады.
12-15 жастағы жасөспірімдердің жүйке пройестерінің оянуымен және тежеуі бір қкалыпта емес екендігі белгіленеді. Ояну процесі тежеу процесінен асыңқырақ болады. Сондықтан да жасөспірімдер тәртіпті жиі бұзады, ересектерге қарағанда. Жүйке процестерінің бірқалыптылығын жетіспегенінен көңіл күйінің жылдам ауысуына және жүйке жылдам шаршауына әкеледі. Осыны есептей отырып, оқытушы сабақты жоғары деңгейде өткізуге, қатысушылардың қызметін жиі өзгертуге талпыну қажет.
16-18 жастағы жасөспірімдердің бөлімдердің әрі қарай қызметінің дамуы жалғасады. Бұл жаста олар сабырлылық бірқалыпты бола бастайды. Алға қойған мақсатын біліп, олар жеке жетілдіруге талпынады, жолдастьық сезімі көріне бастайды, бір-біріне көмектесуі және өзінің білірмін кейін қалушыларға береді. Бұл олармен оқу-тәрбие жұмысын өткізззуін жеңілдетеді. Жоғары жастағы жасөспірімдер өзінің дамуымен ересектерге жақын. Сонымен, жасөспірімдер өзінің даму процесінде өзіне тән ересектерге ерекшеліктері өзідерінде бар. Сондықтан да олармен сабақ өткізгенде біліп және осы ерекшеліктерді есептеу қажет. Жаттықтырушыларға жас ерекшеліктерін есептеу палуандарды тек жақсы дайындауда емес, әрі және организмін паталогиялық өзгерістерінен қашады. Бұл және сауықтырғыш бағытына жетеді, бұл дене тәрбиесінің негізгі мақсаты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет