Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу


Іс-әрекетке психологиялық дайындық -



бет27/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5

Іс-әрекетке психологиялық дайындық - әрқашан психологиялық дайындықтың нәтижесі болады. Бірақ кейде ол бей-берекет, ұйымдаспаған түрде іске асатын болдғндықтан, онша көріне бермейді. Күресшіден ерекше жинақтылықты, күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін іс-әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық дайындық іс-әрекет барысына дейін және сол әс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және жоспарлы түрде іске асырылады. Осындай іс-әрекет түрлеріне спорттық іс-әрекет жатады. Бір кездерде спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін 50-жылдар мен 60-жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері қойылды. Ал қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген мәселелерді артта қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-практикалық да, ғылыми зерттеу жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты. Спортшының психологиялық дайындығы-бұл спорттағы оқу-тәрбие жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі мақсаты деп, спортшы қарым-қатынас жүйесін өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт үшін маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз. Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық.
Бұл процестің негізгі мақсаты-палуанның психологиялық дайындығын
жасау болып табылады: 1) Ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы жарыстарға және 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау, қалыптастыру, болып табылады. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізілетін және жалпы психологиялық дайындық деп аталады, ал нақты бір жарысқа тікелей дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады.
Осы жалпы және арнайы психологиялық дайындықтар арасында дайындықтың соңғы кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету мақсаты көзделген арнаулы іс-шаралар өткізілуі мүмкін. Мұндай іс-шараларға деген қажеттілік жалпы психологиялық дайындықты бір жүйенің жоқтығынан туындайды және де олар өткізілген жұмыстарды нақтылайды. Психикалық жай-күйлер корекциялық бағдарламасы алдын-ала және нақты психологиялық дайындықтың біріктірілген іс-шараларының қысқартылған нұсқаларын білдіреді.
Бірақ, жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру-бұл дайындықтың түпкі мақсаты болып табылады. Күнделікті іс-шаралардың мақсаты нақты қойылады. Ол-палуан бойында жаттығу немесе жарыстың табысты болуын қамтамасыз ететін жағымды психикалық жай-күй жасау болып табылады. Актуальды психологиялық жай-күй жаттығудың жемістілігі мен сапасын анықтайды, бірақ, ол келесі дәріс-сабақта болмауы мүмкін. Ол іс-әрекет уақытша іске асатын фонды айқындайды. Енді осы жай-күй созылмалы, бір қалыпты болуы үшін оның негізіне спортшының іс-әрекет процесіне, осы процесс шарттарына, өз-өзіне, жүктемелерге және т.б. деген қарым-қатынасы жатқызылуы тиіс.
Қалыпты жағдайға түсе отырып, актуальды жай-күй негізге айналады және іс-әрекеттің едәуір ұзақ мерзімге созылатын өзіне тән нақтылықпен ерекшеленетін психикалық білімділік сияқты жеке тұлға қасиеттерін анықтайды. Мысалы, бір спортшы жаттықтырушы тапсырмасын үнемі сапалы әрі жемісті орындайды, ал екінші мұны анда-санда істейді. Біріншісінің жұмысқа қабілеттілігі жаттығу процесіне деген шын көңілмен қарым-қатынасынан көрінеді, ал екіншісі-бүгінгі көңіл-күймен байланысты болады. Сондықтан осындай психикалық жай-күй әрбір жаттығу сайын, сабақ барысында психологиялық-педагогикалық әсер етулерін жиынтығын қолдана отырып, қалыптастыру қажет. Сөйтіп, психологиялық дайындық-бұл психикалық жай-күй негізге айналғанша, одан кейін жеке тұлға қасиеті болғанша реттелетін күрделі процесс. Осы аталған процестің орталық мақсаты-психологтар, ата-аналар, жаттықтырушылардың әсерінен, яғни тәрбиелеу барысында және өзін-өзі іштей ұйымдастыру мен жұмылдыру, яғни спортшының өзін-өзі тәрбиелеу процесінде болатын спорттық мінез-құлық негізін құрайтын тиісті қарым-қатынастарды қалыптастыру мен пысықтау болып табылады.
Спортшының психологиялық дайындығында негізгі психологиялық құбылыстардың үш тобын: процестер, жай-күйлермен қасиеттерді жетілдіру негізінде психика дамуының классикалық жалпы кестесі айқын көрініс табады. Тәрбиелену мен өзін-өзі тәрбиелеу барысында психикалық жай-күйлер мен процестердің өзгерулері болып тұрады. Осы айтылғандардың бәрі спортшының психологиялық дайындығының мақсаты-спорттық жарыс пен жаттығудың табыстылығын білдіреді. Жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру болып табылатындығы дәлелдейді.
Дамудың осындай күрделі процесі спорттық іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында спортшының мінез-құлқы мен жай-күйін басқару арқылы іске асады. Психологиялық жай-күйді басқару мен жеке тұлға қасиеттерін тәрбиелеу іс-әрекет пен оның нәтижесі ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Жақсы ұйымдастырылған және жеткілікті ұзақ психологиялық дайындық, спортшыны басқару қажеттілігінің одан әрі азаюына әкелуде. Өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі реттеуді жетілдіру жүйесі спортшының жеке тұлғасының маңызды мінездемесі ретінде оған жаттығу кезінде де, жарыстар кезінде де көп байқала бермейтін резервті мүмкіндік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет