Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу



бет25/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5

Сауықтыру жаттығуларын мөлшерлеу. Машықтану деңгейін анықтау үшін өзін-өзі бақылау жүргізіп отыру керек. Оны әрекеттік сынамалар арқылы тексереді (20 рет отырып тұру, тынысты тоқтату мерзімін анықтау, дене қалпын ауыстыру т.с.с.).
Жаттығу алымдарын мөлшерлеудің бірнеше тәсілдері бар:

  1. Салыстырмалы алымаксимум дене жұмыскерлігінің проценті;

  1. Жүректің соғу жиілігі (ЖСЖ);

  1. Жаттығуды қайталаудың ең жоғары саны;

  2. Жаттығудан кейінгі сезіну күйі;

  3. Адам жеке басының тұлғалық денсаулық деңгейі.

Салыстырмалы алым жалпы ең жоғарғы жұмыскерліктің 50-70 құрауы керек. Машықтану кезінде жаттығулардың әсерінен жүректің соғу жиілігі өсуінің табалдырық, орташа және шың деңгейі болады. Жалпы талаптарға сай орташа көрсеткіш 180 санынан адамның жасын шегеру арқылы анықталады.
Тәжірибелі спортшыларды (3жылдан астам) басқа теңдеу қолданады (ЖСЖ=170-2/1 жасы).
Жаттығуды қысқа мерзім ішінде (30 секунд) ең көп қайталау мөлшерінің 25-50 % машықтану үшін оңтайлы деп саналады.
Тәжірибе бойынша адамның жаттығудан кейінгі көңілі, оны жалғастыру ниеті, жағымсыз әсерленістің болмауы, еркін тынысалуы жүктемеге жақсы шыдамдылықты көрсетеді. Машықтану сабақтары жартылай күшпен немесе оның 4/3 бөлігінде өтуі тиіс.
Тұлғалық денсаулықты жақсарту үшін қолданылатын жүктеменің жоғарғы шегі ЖСЖ бойынша анықталады: І топта-100-110 рет/мин, ІІ топта-110-120 рет/мин, ІІІ топта-120-130 рет/мин, IV топта-131-150 рет/мин, V топта-150 реттен астам болады.
Мәселен, ЖСЖ минутына 150-160 ретке жететін жүктемелерді аптасына бір сағат созылатын жаттығу, 2-3 рет жеткілікті, ал ЖСЖ 100 рет/мин болса, күніне 1-2 рет жаттығу жасау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет