4. Емтихан тақырыптарыныц тізімі
Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың нақты түрлері бағдарламада берілген тақырыптардан өзгеше түрде болуы мүмкін.
«Экономикалық теория» пәні бойынша тақырыптар
Тақырып 1. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері
Экономика қоғам өмірінің саласы ретінде. Экономикалық ғылымның пайда болуы және дамуының негізгі кезеңдері. Қазіргі экономикалық ой-пікірлер дамуының жетекші бағыттары.
Экономикалық теория пәні. Экономикалық категориялар мен заңдар. Экономикалық ғылымдардың өзара байланысы.
Экономиканы ғылыми танудың әдістері мен құралдары. Позитивті және нормативті талдау.
Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
Шаруашылықты жүргізудің теориясы мен тәжірибесі.
Достарыңызбен бөлісу: |