14
1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер, һәм ашық суреттеулердің көп
болуына иждаһат қылу керек. Қанша дегенмен
адам суреттеулер бойынша
ойлайды, сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсаң, жалаңаш айту
қажет емес, бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын;
2) бала заттарды, көріністерді сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін.
Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды және т.б.;
3) көріністердің, олардың араларындағы байламды һәм олардың
қатынасының себеп екенін тауып үйренсін.
Бұл мысалдардан ереже,
заң шығартқызып үйрету сияқты істермен болады», - деп шығармашылық
қызығушылық мәселесіне үлкен мән береді [227].
Осы тұрғыдан
мұғалімнің педагогикалық шығармашылық ізденісінің ең
басты мақсаты – оқушының танымдық ойлау қабілетін дамыту, яғни өзінің
бойындағы шығармашылық ізденісі арқылы шәкіртінің шығармашылық
ойлауын қалыптастыра білу. Ал бұл болса, балаға шығармашылық
тұрғысынан ықпал ету үшін алдымен педагогтың өзінің шығармашылықты
тұлға болуын талап етеді. болашақ педагогты кәсіби даярлау барысында
олардың шығармашылық ойлауын дамыту қажеттігін көрсетеді. Осы
тұрғыдан сөздіктер мен ғылыми әдебиеттерде «ойлау» ұғымына берілген
анықтамаларға талдау жасап оның бірқатарын кестеде көрсетеміз
(Кесте -
1).
Кесте 1 - Сөздіктер мен ғылыми әдебиеттерде «ойлау» ұғымына
берілген анықтамалар
Достарыңызбен бөлісу: