Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет22/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   163
Байланысты:
disser (2)

өздігінен жүзеге асатын беймәлім үдеріс
деген тұжырым 
жасайды. Оған керісінше, шығармашылықтың әлеуметтік өмірмен байланысы 
материалистік ілімде көрініс тапты.
Материалистік философия бойынша шығармашылық 
«адамның өзіндік 
болмысын көрсету тәсілі»
, бұл диалектикалық қарама–қайшылықтардың 
үздіксіз жүзеге асуы нәтижесінде көрінетін адам дамуының неғұрлым жоғары 
деңгейін бейнелейтін құбылыс. 
Сонымен, философиялық зерттеулерде шығармашылық 
екі шешім 
арасындағы таңдау, оны бағалау мен жаңа мүмкіндіктерді іздестіру
тұрғысынан қарастырылады. Ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл таңдаудың 
жаратылыстану 
ғылымында 
гуманитарлық 
ғылымдарға 
қарағанда 
айырмашылығы бар. Гуманитарлық ғылымдарда шығармашылық еркіндік 
басым болса, нақты ғылымдарда, мысалы информатикада ол адамның 
жаңашылдық ынтасына тікелей байланысты болып келеді. 
Қазіргі кезде философтар мәдениет пен жеке тұлғаның даму идеяларының, 
ынтымақтастық пен өзара әрекет ілімдерінің толыққандылығын атап көрсете 
отырып, 
жеке тұлғалық – дамыта оқыту әдіснамасын
құрайтын жаңа 
философиялық–педагогикалық идеялардың қажеттігін атап көрсетеді. 
Білім беру философиясы бағытында шығармашылық проблемасы 
жеке 
тұлғаның өзіндік дербес дамуымен
тікелей байланысты деп қарастырылады 
(В.Соловьев, В.Розанов) [48]. Мұның негізін 
жеке тұлғаға бағдарланған оқыту 


20 
тұжырымдамасы
, яғни жеке тұлғаның өзіндік даму үдерісін терең зерделеуге 
бағытталған практикалық педагогикалық әрекетті жетілдіру ілімі құрайды. 
Сондай-ақ, шығармашылық теориясын дамытуда Б.А.Лезиннің
түйсік 
дамуының философиялық–лингвистикалық тұжырымдамасының
маңызы зор. 
Бұл ілім бойынша шығармашылық әрекет арқылы тұлға табиғатының жоғары 
және шексіз деңгейдегі сипаты анықталады, шығармашылық шынайылық 
идеясымен байланыстырылады. Олардың пікірінше, шынайы объективті өмір – 
шығармашылық табиғатына қарсы келетін қажеттіліктер мен тайталас 
әрекеттер әлемі. 
Бірақ егер бұл ұғымды адамның іс-әрекетіне қатысты қарайтын болсақ, 
онда бұл «біздің санамыздың жаңа және түпнұсқалық формада, алаңдатқан ой, 
көркем және практикалық іс-әрекет саласында (салыстырмалы) көрініс 
табуында, жаңғыртылуында немесе комбинациясында көрініс табатын 
психикалық актіні белгілеуге арналған шартты термин». Энциклопедиялық 
мақаланың авторы Ф.Батюшков мұндай түсінікте сыртқы нәтиже емес, ішкі өнім 
шығармашылықтың негізгі белгісі болып табылатынына назар аударады. 
«...Шығармашылық актісі, – деп жазады ол, – біздің көзқарасымызды түсіндіру 
процесі, шығармашылық өнімі – «жаңамен» сананың көкжиегін кеңейту 
көрсеткіштері және ең алдымен біздің санамызға қатысты қайтадан ұсынылады». 
Қазіргі уақытта көптеген кейінгі жұмыстарда, тіпті бізге дейін 
шығармашылықтың осы жағы көлеңкеде қалатыны назар аудартады. Ал бұл 
мәселенің педагогикалық аспектісін қарастыру өте маңызды. 
Қазіргі уақытта шығармашылықтың философиялық, кейде психологиялық-
педагогикалық анықтамаларының көпшілігі «өнім терминінде» ұсынылған. 
Мәселен, Философиялық сөздікте шығармашылық – бұл «сапалы жаңа 
материалдық және рухани құндылықтарды жасайтын адам қызметінің процесі» 
деп айтылған. Ал Үлкен Кеңес Энциклопедиясында: «шығармашылық – бұрын-
соңды болмаған жаңа нәрсе тудыратын іс-әрекет» деп көрсетіледі. «Жаңа» деген 
ұғым өте нақты, айқын емес мазмұнға ие болғандықтан, мұндай тұжырымдамаға 
үнемі 
қарсылық 
туындайды. 
Сондықтан 
да 
бірқатар 
дефиницияда 
жаңашылдықтан басқа, шығармашылықтың негізгі белгілері ретінде 
әлеуметтік 
маңызы
мен 
мақсаттылығын
да көрсетеді. 
Ендеше, шығармашылықты кәсіби сипат ретінде ғана емес, сонымен қатар 
адамның тез өзгеретін әлеуметтік жағдайларға бейімделуіне және әрдайым 
кеңеетін ақпараттық салаға бағытталуына мүмкіндік беретін жеке қасиет ретінде 
де қарастыру қажет. 
Студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту мәселесін шешуде 
оқытушылардың олардың бойында шығармашылық қабілеттерді қалыптастыруға 
аса зор мән беретіндігін атап өткен жөн. Сонымен қатар, шығармашылық ойлауды 
дамыту үшін педагог бірізді, мақсатқа бағытталған дамыту жұмыстарын және 
шығармашылық іс-әрекетті жүйелі белсендендіру істерін ұйымдастырады. 
Мұндай жағдайда таным- дық міндеттер есте сақтау қабілетін, зейінді, ойлауды, 
жеке тұлғаның қиялын, ой икемділігін, ойлаудың шапшаңдылығын және т.б. 
қасиеттерді жүйелі дамытуға ықпал етулері қажет [49]. 


21 
Мысалы, A.M.Коршунов шығармашылықты «субъектінің объектімен 
белсенді қарым-қатынасы, оның барысында субъект объективті заңдылықтар 
талаптарына сәйкес жаңа, әлеуметтік маңызы бар әлемді мақсатты түрде 
өзгертеді» деп анықтайды. 
С.Д.Смирнованың 
тұжырымдауынша, 
шығармашылықты 
адамның 
танымдық және қайта құрушы қызметінің бірыңғай, өзара байланысты және өзара 
шарттасқан процесі ретінде анықтауға болады, нәтижесінде қоғам өзінің дамуы 
үшін пайдаланатын жаңа материалдық және рухани құндылықтар пайда болады. 
Аталған тәсіл шығармашылықты кеңінен түсінудің заңдылығына 
негізделген. Психологиялық-педагогикалық тәсіл бүкіл тарихи даму ауқымында 
емес, жеке адамның шығармашылық ойлауының мәнін зерделеуді білдіреді. Бұл 
мағынада әлеуметтік мән шығармашылықтың сыртқы нәтижелері ғана емес, 
адамның психикасындағы шығармашылық тұлғаның қалыптасуына алып келетін 
ішкі жаңғыруларда пайда болады.Адам ешқандай жаңалық ашпауы да мүмкін, 
қоғам үшін объективті жаңа ештеңе жасамауы да мүмкін. Бірақ егер ол жаңа 
ақиқатқа өз бетінше жеткен болса, өзіне жаңа білім алып, үйреншікті іс-
әрекеттердің шеңберінен шығып кетсе, яғни, біз индивидтің санасында белгілі 
бір жаңа жаңғыртуларды қалыптастыратын шығармашылық үдеріспен 
айналысамыз. Бұл да әлеуметтік маңызы бар өнім, өйткені жеке тұлғаны 
қалыптастыру – кез келген дамушы қоғам құрылысының мақсаты мен шарты. 
Шығармашылықтың сәтті тұжырымы В.В.Серебрянск және М.И.Ясюков 
берген анықтамалардан көрінеді: шығармашылық деп «ойлау және іс-әрекет 
процесінде
 
қағидатты жаңа жолдармен және теориялық және практикалық 
проблемаларды шешу әдістерімен (әртүрлі масштабта және әртүрлі қатынаста), 
тікелей 
және жанама қоғамдық маңызы бар (сынып немесе жалпы қоғам үшін) 
сапалы жаңа нәтижелермен мазмұнды қамтамасыз ету» түсініледі. 
Н.А. Бердяев шығармашылық табиғатын талдай отырып, мынадай 
қағидаларды бөліп көрсетеді: 
шығармашылық үдеріс еркіндік болғанда ғана 
жүзеге асады; шығармашылық дара тұлғалық сипатта көрінеді; 
шығармашылық әлемдік, жалпы адамзаттық, ғарыштық және әлеуметтік 
бағытта болады. 
Әдетте, шығармашылық проблемасын зерттеушілер оған өз көзқарастарын 
білдіру мақсатында өздерінің анықтамаларын беріп жатады. Олардың ішінен 
бірнеше саланы қамти отырып, кейбіреуін атап өтейік (кесте 2). 
Кесте - 2 «Шығармашылық» ұғымының анықтамалары 
Авторлар 
Анықтамалары 
Шығармашылық дегеніміз ... 


Г.Ф.Гегель
«... табиғаттағы және рухани әлемдегі қарама–қайшылықтарды 
шешуге бағытталған әдіс»
К.С.Станиславский «... оның бірінші және ең негізгі қозғаушысы – сезім болатын, оның 
шыңындағы адам керемет қуанышқа бөленетін, оны ешбір бақытты 
сәтпен салыстыруға болмайтын, адам әндетіп, билеп кететін күй»


22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет