23
ерекшелігі және бірегейлігімен ерекшеленетін өнімді жасауға қабілеттілік,
түрткі. Сондай-ақ,
адам психикасының
жұмысын білімді операциялау үдерісі
ретінде қарастыра отырып, оның мынадай
құраушыларын
көрсетуге болады:
білімді алу, білімді қолдану, білімді түрлендіру
. Білімді алу жүйесін оқыту
сипаттайды, білімді қолдану қабілетін алынған білімдердің негізінде мәселені
шешу қабілетін көрсететін интеллектпен теңестіру мүмкін., ал білімді
түрлендіру үдерісін (елестету, фантазия, болжам тудыру т.б.) креативтілік
(жалпы
шығармашылық
қабілеті)
сипаттайды.
Мұндай
теңестіру
интеллектуалдылық және шығармашылық үдерістердің ара қатынасын
қарастыруға алып келеді.
Шығармашылық үдерісті (білімді түрлендіру) интеллектуалдықтан (білімді
қолдану) ажырату үшін адамның психикасында саналы және санадан тыс іс-
әрекеттерді ажырата білу қажет. Мәселен, күрделі шығармашылық
тапсырмаларды шешу үдерісінде бірнеше сатыдан өтуге тура келеді: алдымен
жаңа тапсырманың шарттарына дайын білімді қолданады; содан соң табанды,
бірақ нәтижесіз әрекеттердің арқасында шешім біртіндеп ойда көріне бастаған
кезде “идеяның инкубациясы” сатысына көшеді; кейіннен ойды тиянақтау
нәтижесінде шығармашылық шешімді табуды көрсететін білімді түрлендіру
іске асады. Бұл сатылардың тізбегі ғылыми жаңалықтарды сипаттау кезінде
бірнеше дүркін қайталанып, бекітіледі. Демек, шығармашылық үдерістің
интеллектуалдылықтан
айырмашылығы,
онда
сана
пассивті
болып,
шығармашылық жағы ғана қабылданады. Санадан тыс әрекет шығармашылық
өнімді белсенді түрде тудыра отырып, оны санада көрсетеді. Мұндай
басқарылатын іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде басқа да қатынастар болады:
сана белсенді, ал санадан тыс әрекеттер рецептивті болып, ақпарат сана үшін
көрсетіледі.
Сонымен шығармашылық − индивидтің психикасында білімді қолдану мен
түрлендіру үдерістерінің ерекшеліктерімен байланысты үдеріс. Мұндағы іс-
әрекет өнімін шығармашылық ретінде бағалау критерийлері оның
Достарыңызбен бөлісу: