19
Платон мен Аристотель кезеңінен бастап «шығармашылық» ұғымы бұрын
болмаған нәрсені жасауды білдіреді. Адамзат қоғамының бүкіл тарихында
шығармашылық ұғымына осындай көзқарас қалыптасты. Сонымен қатар,
Брокгауз бен И.А.Ефронның энциклопедиялық сөздігінде «шығармашылық»
ұғымы табиғат пен қоғамның даму ауқымындағы алға жылжу сияқты кез
келген прогресс ретінде кеңінен түсіндірілді.
XVIII ғасырда Кант [45] шығармашылық іс-әрекетке
ойлау қабілетінің
өнімі
ретінде арнайы талдаулар жасайды. Канттың пікірінше, шығармашылық
үдеріс адам танымы құрылымы элементтерінің сапалық әрекеті болып
табылады. Ол шығармашылық қабілет адамның сезімдік қабылдауы мен ақыл–
ой қорытындысын өзара байланыстыратын түйін екендігін көрсетеді. Кант
білім беру жүйесі туралы ой қорыта келе, оқыту әрекеті адамның өзін–өзі
бағалауы мен оның жеке тұлғасына құрметпен қарау идеясын көтереді.
Адамның шынайы еркіндігін моральдық талаптарға сай шығармашылық
бағдарымен байланыстырады. Канттың бұл ілімін Ф.В.Шеллинг [46]
жалғастырып, шығармашылық қабілет ойлау өркениетінің сапалы және санадан
тыс үдерістерінің бірлігінде көрініс беретінін сипаттайды.
XIX ғасырда А.Бергсон шығармашылық теориясының негізін қалап,
шығармашылық –
жаңаның үздіксіз пайда болуы
деп, оның өмірлік мәніне
тоқталады. Шығармашылық – құрастырудың субъективті әрекетіне қарама-
қарсы (табиғатта – туу, өсу, жетілу үдерісі ретінде; түйсікте – жаңа
бейнелердің, сезімдердің пайда болуы түрінде) үдеріс деп есептейді.
Шопенгауэр [47] бұл пікірді қолдай отырып, шығармашылық іс-әрекет
басқарылмайтын,
Достарыңызбен бөлісу: