32
әрекетте болады. Сөйтіп, шығармашылық ойлау арнайы мазмұндағы, яғни
ақыл-ой, танымдық тапсырмаларды шешуге бағытталған.
Танымдық іс-әрекет
–
болмысты тану, “болмыс құрамы мен өзара
байланысын ашу”. Таным мақсаты – ақиқатты іздеу,
сондықтан таным шексіз,
оның деңгейлері, циклдері және кезеңдері болады. Таным әлеуметтік сипатқа
ие, яғни таным үдерісі адам,
қоғам арқылы көрініп, әлеуметтік қатынаста
индивидтердің, тұлғалардың қатысуымен жүзеге асады және таным үдерісінің
нәтижелерін әрі қарай дамытады. Шығармашылық ойлау уақыт факторына
бағынбайды, оның шешімі уақыт көлеміне байланысты емес.
Шығармашылық
ойлау әрекетінің нәтижесі заңдар мен болмыс ұстанымдарын анықтауға
байланысты болады. Сондықтан шығармашылық ойлаудың негізгі бағыты –
индуктивтік: “нақты әрекетті тану үдерісінің құбылыстық мәнге өтуі” деп
түсіндіріледі.
Әрбір адамның дара ерекшеліктеріне байланысты шығармашылық ойлауы
да әртүрлі болып келеді. Себебі, бұл адамның ойлау әрекетінің түрлері мен
формаларына байланысты (көрнекі-іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелі,
сөздік-
логикалық және абтрактілі-логикалық) дамиды. Сондай-ақ
шығармашылық
ойлаудың жеке ерекшеліктеріне
танымдық әрекеттері:
ақыл-ой әрекетінің
нәтижелілігі, ойлау дербестігі, ойының кеңдігі, тереңдігі, икемділігі; ой-өрісінің
шыншылдығы, ой белсенділігі мен тапқырлығы жатады.
Ойлау шапшаңдығы
–
ойлау үдерістерінің қарқындылығынан туындайды.
Ойлау дербестігі
– жаңа
проблеманы немесе сұрақты қойып, оны өз күшімен шешу жолдарын көре білу
қабілеті
. Ойлаудың шығармашылық сипаты
нақ осы
дербестік арқылы көрініс
береді.
Ойлау кеңдігі
– түрлі білім және тәжірибе аумағында көптеген маңызды
сұрақтарды кең түрде қамти алуы.
Ойлау тереңдігі
– құбылыстың мәнін түсінуі,
себептері мен болашақтағы нәтижесін, шынайы белгілерін көре білуі.
33
Сурет 1 - Өзекті мәселені шығармашылық тұрғыда шешудегі
шығармашылық ойлау үдерісінің тетігі
-
мотивация (проблеманы шешуге ынталануы);
-
проблеманы талдау;
-
жаңаша сипаттағы шешімін іздестіру;
-
жаңа бағдардың дұрыстығын логикалық негіздеу;
-
шешімді жүзеге асыру;
Достарыңызбен бөлісу: