Мазмұны нормативтік сілтемелер


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



Pdf көрінісі
бет92/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163
Байланысты:
disser (2)

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР – Қазақстан Республикасы 
МЖМБС – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 
ҚР БжҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің білім мен ғылым саласындағы бақылау комитеті 
ЖОО – жоғары оқу орны
ҚазҰПУ – Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты 
БТ – бақылау тобы
ОТҚ – оқытудың техникалық құралдары 
ЭТ – эксперимент тобы
PhD – философия докторы 
т.б. – тағы басқа 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазақстанның әлемнің үздік отыз елінің 
қатарына және дүние жүзінің жоғары білімді елдерінің қауымдастығына енуі
жағдайында, заманауи өркениеттік өзгерістер барысында бүгінгі дәуірдің
әлеуметтік сұраныс мәртебесіне ие болатын бәсекегеқабілетті тұлғаның 
рухани, шығармашылық тұрғыдан дамуына қажеттілік артып отыр. 
Осы тұрғыдан адамзат капиталын, ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуда, 
қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтауда білім 
берудің рөлін өзектілеуге бағдарлау Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
жыл сайынғы Жолдауларында көрсетілген [1]. Оған қоса Елбасының 2017 
жылдың 12 сәуірінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
мақаласындағы «ұлттық жаңғыру деген ұғым ұлттық сананың кемелденуін 
білдіретіндігін, Қазақстан халқының бойларында «ұлттық салт-дәстүрі, тілі 
мен музыкасы, әдебиеті, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухы мәңгі қалуға 
тиістігін» ескерсек, студенттің шығармашылық ойлауын дамытуды зерттеу 
қажеттігі тереңдей түседі [2]. 
Өйткені, тұлғаның шығармашылық даму деңгейі құндылық бағдарларға, 
мәдениетке, кәсіби іс-әрекет нормаларына ықпал етеді. Шығармашылыққа 
бағытталған ақпараттың басымдығы жағдайында адам бірқатар «тұлғалық 
негізді» меңгеруі керек. Мұндай «негізді» қалыптастырып, игеруге көмек беру 
– жоғары оқу орнының маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан да ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты болып 
«Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін 
арттыру; тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу барысында жалпы адамзаттық 
құндылықтарға мән беру; ғылымның ел экономикасына қосатын үлесін 
ұлғайту» табылады [3].
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы 
қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» 
атты Қазақстан халқына жолдауында (2 қыркүйек, 2019 ж.) шын мәнінде, 
педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі жоғары болуымен қатар педагогика 
саласында жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, 
тұрақты өзін өзі жетілдіруге бағыт алған, рухани дүниесі бай, 
шығармашыл тұлға, оның кәсіби шеберлігі әдістемелік жұмыстағы 
шеберлігімен ұштасып, ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесін таратып 
жүрген ұстаз ретінде көрінуі шарт екендігі айтылған [4]. 
Өйткені, кәсіби білікті және шығармашыл ұстаз ғана бәсекегеқабілетті 
ұрпақты қалыптастыра алады. 
Заманауи және әлемдік деңгейдегі қарама-қайшылықтарды, білім берудің 
жаңа ұлттық моделі деңгейінде өзекті мәселелерді шешуде болашақ 
педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту айрықша талапқа ие.
Өйткені, ғасырдан ғасырға өз мәнін жоғалтпай, қай уақытта да заманның 
әлеуметтік және рухани талаптарынан туындаған көкейкесті мәселені 
көтеретін, өнер туындысы көркем құбылыстар мен түрлі ағымдар туралы 



мағлұматтар беріп, олардың ішкі бірлігі мен үндестігін сақтап, оқушының 
теориялық танымын тереңдетуге септігін тигізеді. Шығармашылықтың 
күрделі негізін түсінуде, оның озық тәжірибесін зерттеуде студенттерге білім 
берудің жаңаша әдістемесін ұсыну қажеттігі де осыдан туындайды. Бұл – 
студенттердің, соның ішінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық 
ойлауын даярлау бағытында жаңаша көзқарастарды қарастыруды талап етеді. 
Шығармашылық ойлаудың дамуы бәсекегеқабілетті тұлға қалыптасуының 
негізі, бұл 
біріншіден,
екіншіден
шығармашыл тұлғаны мектеп қабырғасынан 
қалыптастырған дұрыс, ал 
үшіншіден
балалардың шығармашылық тұрғыдан 
дамуына басым ықпал ететін болашақ педагогтың шығармашылық ойлауын 
дамыту қажеттілігі арта түседі.
Сондықтан да педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттердің 
шығармашылық ойлауын дамыту бағытына көп көңіл бөлініп отыр.
Мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан дамуы мәселесі ерте замандарда ақ 
Шығыс философы Кун Фуцзыдан бастап, ежелгі антикалық философтар 
(Платон, Аристотель, Сократ), орта ғасыр ойшылдары (Әл-Фараби, А.Иүгінеки, 
Ж.Баласағұни, 
Қ.Иассауи) 
қазақтың 
ағартушылары 
(Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов т.б) еңбектерінде 
көрініс тапқан.
Соңғы уақыттарда ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге 
жасаған талдау болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың теориясы мен 
практикасы (В.В.Краевский, В.А.Сластенин, В.Кузьмина, Н.Д.Хмель, 
C.Ж.Пралиев, 
Ш.Таубаева, 
А.П.Сейтешев, 
Г.Ж.Меңлібекова, 
М.С.Молдабекова, С.С.Маусымбаев, А.А.Жайтапова, Г.Т.Хайрулин, 
О.У.Мұсабеков 
және 
т.б.) 
[4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16]; 
шығармашылықтың жалпы мәселелері (И.Я.Лернер, Я.А.Пономарев, 
Д.Б.Богоявленская, Б.Д.Эльконин, В.В.Давыдов және т.б.), [17,18,19,20,21],
шығармашылық қабілеттің құрылымы мен оның түрлері (П.Я.Гальперин, 
А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Лук және т.б.) [22,23,24,25], дарындылық 
пен 
қабілеттіліктің 
шығармашылықпен 
байланысы 
(Б.М.Теплов, 
Л.С.Выготский, В.А.Крутецкий, А.М.Матюшкин, В.А.Моляко және т.б.) 
[26,27,28,29,30], 
оқушы 
шығармашылығының 
ерекшеліктері 
(В.Сухомлинский, 
Е.А.Акопян, 
А.Е.Әбілқасымова, 
М.Ә.Құдайқұлов, 
Қ.Ғ.Қожабаев, Р.С.Омарова және т.б.) [31,32,33,34,35,36], мұғалімдердің 
педагогикалық 
шығармашылығы 
(В.А.Кан-Калик, 
Н.Д.Никандров, 
Ұ.М.Әбдіғапбарова, Б.А.Тұрғынбаева және т.б), өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі 
дамытуы (Б.К.Альмурзаева, Г.С.Сагаутдинова, C.Холландс, Д.B.Морисс және 
т.б) зерттелгенін көрсетті. 
Аталған зерттеудің аясында қазақстандық ғалымдардың бірқатар 
еңбектері 
үлкен 
қызығушылық 
тудырады. 
Олардың 
қатарында 
шығармашылық интеллектуалды тұлғаны оқыту мен дамыту үдерісінің 
психологиялық 
құрылымы 
(С.М.Жақыпов, 
Ж.Ы.Намазбаева), 
этнопсихологиялық ұғымдардың тұлғаны интеллектісі мен өзіндік бағалауын 
дамытуға әсері (А.Ж.Аяғанова), жоғары оқу орындарында болашақ 



мамандардың креативті сапаларын қалыптастырудың педагогикалық 
шарттары (А.Б.Оспанова, А.С.Швайковский, С.А.Нұржанова, Р.І.Қадірбаева,
Р.С.Омарова), білім беруді зияттандыру жағдайында профильдік оқытудың 
білім беру ортасын дамыту (Қунакова К.У) және т.б қарастырылған 
зерттеулерді атауға болады.
Сондай-ақ, біздің зерттеуімізге жақын келетін соңғы жылдардағы PhD 
диссертациялық зерттеулерде болашақ педагог-психологтардың зияткерлік 
әлеуетін дамыту (Кенжебаева Б.Т.), арнайы әскери мектептерде оқушылардың 
зияткерлігін дамытудың педагогикалық шарттары (Аширбаева Н.Н.), ұлттық 
музыка құралдары арқылы студенттерді интеллектуалды дамыту (Жанқұл 
Тамараасар), білім беру субъектіліерінің өзіндік белсенділігін дамыту 
(К.Куанжанова), білім алушылардың дарындылығын дамыту (А.Туралбаева)
және т.б. мәселелер жан-жақты қарастырылған. Алайда бұл еңбектерде де 
білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық-
педагогикалық шарттары өз алдына жеке зерттеу пәніне алынбаған 
Сонымен, жоғарыда көрсетілген ғалымдар еңбектерін талдау 
қарастырылып отырған проблеманың бұрын-соңды мақсатты түрде 
педагогика ғылымында зерттелмегендігін көрсетеді. Сондай-ақ, проблеманың 
өзектілігін талдау негізінде жоғары оқу орындарында студенттердің 
шығармашылық ойлауын дамытуда қоғамның сұранысы мен педагогика 
ғылымында оның теориялық және практикалық негізделуі арасында қарама-
қайшылықтар бар екендігі байқалды:
а) Қазақстанның рухани жаңғыруы жағдайында студенттердің 
шығармашылық ойлауын дамытуға қоғамның сұранысы мен практикада оның 
толықтай жүзеге асырылмауы арасында; 
ә) жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық ойлауын 
дамытудың керектігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі
арасында;
б) студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық-
педагогикалық шарттарын айқындау қажеттігі мен олардың теориялық, 
әдістемелік негіздерінің зерттелу керектігі арасында; 
в) ) студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық-
педагогикалық шарттарын іске асыруда жоғары оқу-орны мүкіндіктерінің 
кеңдігі мен оны жүзеге асыру әдістемесінің жасалмауы арасында.
Осы айқындалған қарама-қайшылықтар 
зерттеу проблемасын
 
анықтауда 
студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық-
педагогикалық шарттарын айқындау қажеттігімен және оны практикада 
жүзеге асыру керектігімен анықталады. Сонымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет