жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту мәселесін соңына дейін
шешпейтінінен іздеу керек.
Осыған байланысты мұндай келеңсіздікті еңсеру жоғары мектепті
реформалаудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Алайда,
шығармашылық ойлауды дамыту – шығармашылық ойлайтын тұлғаны
дайындаудың күрделі, көп қырлы процесі екенін ұмытпаған жөн. Ал жеке білім
беру кез келген жағдайда өзін танытуымен ерекшеленеді. Бұл туралы
А.А.Кокориннің: «Ойлау стиліне оның кәсіби сипаттамалары тұрғысынан қарау
маңызды. Шынында да, ойлау стилі кәсіби шеберлікті шығарады, бірақ ойлау
стилін адамның кәсіби мәдениетіне ғана жинақтау дұрыс емес. Кез келген
адамның іс-әрекеті барысында оның барлық зияткерлік мәдениетінің
мүмкіндіктері іске асырылады» деген ескертуі нақты деп айтуға болады [118,
б.314].
Сондықтан, егер оқу іс-әрекеті барысында шығармашылық ойлау
қалыптасса, онда ол өзін кәсіби қызметте жоғары құзыреттілік, уәждемелік
ұстаным және практикалық міндеттердің кең шеңберін шешудің белгілі бір
тәжірибесі ретінде танытады деп болжау қисынды.
Аталған ұстанымдардан бастап ЖОО-да оқуды іргелі ғылыми білімге
сүйеніп, өзінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде негізделген
шешімдерді терең талдай және қабылдай алатын, белсенді, ынталы тұлғаны
қалыптастыруды шығармашылық ойлауды дамытудың өзіндік технологиялық
процесі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың негізіне
жалпы философиялық, технологиялық, арнайы деңгейдегі әдіснамалық
тұғырлар алынады. Атап айтқанда