Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет30/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   163
Байланысты:
disser (2)

Шығармашылық ойлау 
үдерісінің құрылымы
мотивация (проблеманы
шешуге ынталануы) 
проблеманы талдау 
жаңаша сипаттағы 
шешімін іздестіру 
жаңа бағдардың 
дұрыстығын логикалық 
негіздеу 
шешімді жүзеге асыру 
жаңа нәтижені тексеру 
қорытындыны 
түзету (коррекция) 


34 
-
жаңа нәтижені тексеру; 
-
қорытындыны түзету (коррекция). 
Шығармашылық қабілеттің даму деңгейіне байланысты жеке тұлғаның 
шығармашылық ойлау стильдері қалыптасады. 
Шығармашылық ойлаудың синтетикалық стилі (синтетик)
– әрқашан 
жаңаны ойлап табуға, ерекше дүниелерді жасауға әуестенуі, ұқсас емес 
нәрселерді, кейде қарама-қарсы идеяларды өзара біріктіріп, тұтастықты жасауға 
тырысуы. Ол өзіне мынадай сұрақ қояды: “Егер, осылай жасасам, не болады?”.
Шығармашылық ойлаудың идеалистік стилі (идеалист)
– әрекетке
бөлшектік талдау жасамастан, интуитивтік, глобальдық өлшемдерге 
бейімділігімен сипатталуы. Үнемі өзіне және басқаға “Біз қайда бара жатырмыз 
және неге?” деген сұрақ қояды.
Шығармашылық ойлаудың прагматикалық стилі (прагматик)
– 
студенттің шешім шығаруда өзінің жеке тәжірибесіне сүйенуі. Ол тез арада 
шешім шығару мақсатымен қолда бар материалдар мен белгілі ақпараттарды 
пайдаланады және “аспандағы айға ұмтылғаннан, қолдағыны пайдаланайық” 
ұстанымымен өмір сүреді.
Шығармашылық ойлаудың аналитикалық стилі (аналитик)
– студенттің
сұрақтарды жүйелі және жан-жақты қарастыруға бейімділігі. Ол логикалық 
және әдістемелік бағдарға сай проблеманы шешуде бөлшектерге тоқталады.
Шығармашылық ойлаудың рационалдық стилі (реалист)
– студенттердің 
фактілерге ғана бағытталуы.
Шығармашылық
ойлаудың даралық стилі
– студенттің проблеманы 
шешуде өзі таңдаған түрлі тәсілдерді тірек етуі.
Көптеген адамдарда ойлаудың аралас стильдері кездесіп жатады. Бірақ әр 
адамда бір немесе екі жетекші ойлау стилі қалыптасады. Ойлау стилі 
проблеманы шешу үдерісінде мақсатты қоюға тікелей әсер етеді.
Шығармашылық ойлаудың репродуктивті ойлаудан 
ерекшелігі,
оқушы өз 
бетінше ізденуде жаңа нәтижелерге қол жеткізеді.
Көрнекті психолог Дж.Гильфорд [53] көрсеткендей шығармашылық 
ойлаудың негізгі төрт ерекшелігі бар:
-
айтылған идеяның қайталанбайтын, өзгеше интеллектуалды болуына 
ұмтылу (басқалардан өзгеше өзіндік шешім табуға ұмтылу);
-
объектінің жасырын көзден тыс қалған жақтарын көре білу; 
-
объектінің жаңа қырын ашу, оның жаңаша қолдану жолдарын табу; 
-
белгісіз жағдайларды, әртүрлі идеяларды ұсыну.
В.С.Юркеевич [78] оқушылардың дарындылығы мен қабілеттіліктерін 
былайша сипаттайды: бастапқы кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы 
оқушының танымдық қажеттіліктеріне байланысты: қажеттілік неғұрлым 
айқын байқалса, жалпы және арнайы қабілеттіліктер соншалықты «жоғары 
қабілеттілікке» ие болады. Ол 
шығармашылықтың бастауы
- танымдық 
қажеттілік деген пікір айтады. 
Шығармашылық ойлаудың мәні мен мазмұнын анықтау қазіргі таңда 
ғылымда қолданыла бастаған “креативтілік” ұғымына байланысты қарастыру 


35 
маңыздылығы артып отырғанын ескеру қажет. Д.Б. Богоявленская, В.Д. 
Шадриков, В.Н. Дружинин және т.б. еңбектеріне сүйене отырып, біз 
креативтілік жеке тұлғаның бағытталушылығынан (танымдық мотивацияның 
басым болуы, танымдық қызығушылық, танып-білуге ұмтылу, білімқұмарлық); 
қабілеттерінен (стреотиптерді жеңе білу, проблеманы сезіну, ой жүйріктігі мен 
алғырлығы); мінез-құлқынан (бірегейлік, бастамшылдық, белгісіздікке 
шыдамдылық, зеректік) танылатын кіріктірілген сапасы ретінде 
қарастырамыз. 
Креативтілікті 
сипаттайтын қабілеттер арасынан мыналар ерекшеленеді: 

ой белсенділігі мен алғырлығы, бірегейлік, білімқұмарлық, болжам 
жасауға қабілеттілік, қиялшылдық; 

пікір дербестігі; 

пікірдің өзектілігі; 

ассоциациялау жеңілдігі, «ойлау процесінің қайтымдылығы». 
Д.Б.Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның «шығармашылық 
дарындылығы» ретінде қарастыра келе, шығармашылықты талдау бірлігі – 
интеллектуалдық белсенділікті (шығармашыл тұлғаның танымдық және 
мотивациялық сипаттарын олардың бірлігінде бейнелеп көрсетеді) және 
интеллектуалдық белсенділіктің үш деңгейін: 
стимулдық - өнімді,
эвристикалық 
және 
креативтілік
деп ажыратады. Алғашқы деңгейге 
интеллектуалдық белсенділігі танымдық ынта және жігерлілікпен жұмыс 
жасау барысында да бастапқы берілген тәсіл шеңберінде қалатын адамдар 
жатқызылады, олардың іс-әрекеті сыртқы стимулмен анықталады. 
Эвристикалық деңгейдегі адамдарға өз іс-әрекетінің құрамы мен құрылымын 
талдау, түрлі міндеттерді өзара салыстыру тән, бұл жаңа шешімдерге ашуға 
жетелейді. Интеллектуалдық белсенділіктің креативтілік деңгейіндегі адамдар 
құбылыстардың себептерін түсінуге тырысады, ал бұл өз кезегінде, зерттеудің 
жаңа мақсаттарына айналады, талдау процесін тереңдетеді [79,80]. 
Егер 
ынталы-өнімді деңгейлі
тұлға берілген тәртіп шеңберінде жұмыс 
қарқынын арттырып, іс-әрекетті ұғынбай көшірмелесе, 
эврист
оны жаңа 
тәсілдермен орындайды, ал 
креативті субъект
мәселені теориялық тұрғыда 
түсіну үшін пән мазмұны тереңіне бойлайды. 
Креативтілік, шығармашылық ойлауды қамтамасыз ететін жағдайлар 
арасынан ынталандыру, өзекті сұрақ көптігіне орай мадақтау, ізденімпаздық 
жағдаятын туғызу, дербес, жеке зерттеулерге назар аудару және т.с.с. 
ажыратылады.
Жоғарыда айтылып өткен, негізделген тұжырымдар негізінде біз 
студенттің шығармашылық ойлау үдерісінің құрылымын жасадық (сурет 2).


36 
Сурет 2 – Студенттің шығармашылық ойлауының құрылымы 
Сонымен біздің тұжырымдауымызша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет