Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет29/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   163
Байланысты:
disser (2)

шығармашылық ойлау
– елестету мен интуицияға байланысты туындай отырып, 
жаңа нәтижелерге қол жеткізетін үдеріс. 
Шығармашылық ойлау
үдерісі
күрделі 
проблеманың дәстүрлі тәсілдермен шешілмеуі жағдайында пайда болады. Адам 
бұл проблеманың шешімін кейінге қалдырады, бірақ ол мәселе санадан тыс 
деңгейге өтеді. Егер қандай да бір бейне проблеманың шешіміне түрткі болса, 
бұл жағдайда адамда шабыт оянады. Адам идеяны ұсына отырып, оны шынайы 
өмір жағдайында, саналы әрекеттен кейін де жүзеге асырудың жолдарын 
көрсетеді. Осылайша, шығармашылық ойлауда интуитивтік және логикалық 
ойлау түрлері көбінесе бір-біріне қарама-қайшы болғанына қарамастан өзара 


32 
әрекетте болады. Сөйтіп, шығармашылық ойлау арнайы мазмұндағы, яғни 
ақыл-ой, танымдық тапсырмаларды шешуге бағытталған.
Танымдық іс-әрекет
болмысты тану, “болмыс құрамы мен өзара 
байланысын ашу”. Таным мақсаты – ақиқатты іздеу, сондықтан таным шексіз
оның деңгейлері, циклдері және кезеңдері болады. Таным әлеуметтік сипатқа 
ие, яғни таным үдерісі адам, қоғам арқылы көрініп, әлеуметтік қатынаста 
индивидтердің, тұлғалардың қатысуымен жүзеге асады және таным үдерісінің 
нәтижелерін әрі қарай дамытады. Шығармашылық ойлау уақыт факторына 
бағынбайды, оның шешімі уақыт көлеміне байланысты емес. Шығармашылық 
ойлау әрекетінің нәтижесі заңдар мен болмыс ұстанымдарын анықтауға 
байланысты болады. Сондықтан шығармашылық ойлаудың негізгі бағыты – 
индуктивтік: “нақты әрекетті тану үдерісінің құбылыстық мәнге өтуі” деп 
түсіндіріледі.
Әрбір адамның дара ерекшеліктеріне байланысты шығармашылық ойлауы 
да әртүрлі болып келеді. Себебі, бұл адамның ойлау әрекетінің түрлері мен 
формаларына байланысты (көрнекі-іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелі, сөздік-
логикалық және абтрактілі-логикалық) дамиды. Сондай-ақ 
шығармашылық 
ойлаудың жеке ерекшеліктеріне
танымдық әрекеттері: ақыл-ой әрекетінің 
нәтижелілігі, ойлау дербестігі, ойының кеңдігі, тереңдігі, икемділігі; ой-өрісінің 
шыншылдығы, ой белсенділігі мен тапқырлығы жатады. 
Ойлау шапшаңдығы
– 
ойлау үдерістерінің қарқындылығынан туындайды. 
Ойлау дербестігі
– жаңа 
проблеманы немесе сұрақты қойып, оны өз күшімен шешу жолдарын көре білу 
қабілеті
. Ойлаудың шығармашылық сипаты
нақ осы дербестік арқылы көрініс 
береді. 
Ойлау кеңдігі
– түрлі білім және тәжірибе аумағында көптеген маңызды 
сұрақтарды кең түрде қамти алуы. 
Ойлау тереңдігі
– құбылыстың мәнін түсінуі, 
себептері мен болашақтағы нәтижесін, шынайы белгілерін көре білуі. 


33 
Сурет 1 - Өзекті мәселені шығармашылық тұрғыда шешудегі 
шығармашылық ойлау үдерісінің тетігі 
-
мотивация (проблеманы шешуге ынталануы); 
-
проблеманы талдау; 
-
жаңаша сипаттағы шешімін іздестіру; 
-
жаңа бағдардың дұрыстығын логикалық негіздеу; 
-
шешімді жүзеге асыру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет