2 СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ Зерттеу барысында студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту үшін
тиімді болатын психологиялық-педагогикалық шарттарды айқындап, олардың
келесілерден құралатындығын 1.3 параграфында көрсетіп, модельдің ішкі
құрамында көрсеткенбіз:
- білім беру процесінің оқу іс-әрекетінің шығармашылық контекстін ескере
отырып, студенттердің шығармашылық ойлауын қалыптастыруда
субъектілігін қамтамасыз ететін оң мотивацияны дамытуға бағытталуы;
- білім беру процесі мен оның мазмұнын
проблемалық-іс-әрекеттік оқыту негізінде құру;
-
студенттің шығармашылық ойлауын дамытуда
педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;
- студенттің жеке шығармашылық тәжірибесін шешуге бағытталған
мәдени шығармашылық жағдаяттар жүйесін құруды қамтамасыз ететін қосымша
қағидаттың
басымдығы ;
- студентке шығармашылық қызметтің өзекті мәнін анықтауға мүмкіндік
беретін
рефлексия жасау, мәселелерді шешу үшін эвристикалық тәсілдерді
саналы түрде қолдану.
Диссертацияның екінші тарауында осы айқындалған