54
мұғалімнің
басшылығын
студенттің
белсенділігі
мен
дербестігімен
байланыстыру қажеттілігі туындайды.
«Дамыту» термині, егер оны әртүрлі сөздіктердегі түсіндірулер бойынша
негіздесек, оның көптеген белгілерге ие екенін көруге болады. Оны түпкілікті
форма беру, толық жетілуге қол жеткізу, түпкілікті даму ретінде анықтайды.
Н.Ф. Талызинаның пікірі бойынша дамыту – бұл оқушының әлеуметтік
тәжірибенің
белгілі
бір
элементін
(түсінігін,
әрекетін)
меңгеруін
ұйымдастырумен байланысты қызмет. Дамыту және оқыту оқытушының
қызметімен байланысты, бірақ олардың мазмұны сәйкес келмейді. Біріншіден,
оқыту ұғымы қалыптастыру ұғымына қарағанда кеңірек. Қалыптастыру термині
– әдетте студент «не алады?» деген ой сөз болғанда қолданылатын ұғым, дағды,
қызметтің жаңа түрі [96].
Л.Б. Соколовтың айтуынша, оқу үдерісінде білім, білік қалыптасса да,
студенттердің тұлғасын дамытса да, «тұлға қалыптасады» деген тұжырымға
келсек, ол тек шартты үлеспен ғана жүреді, өйткені ол қандай да бір қалыпта
қалыптасса да қандай да бір құрылымға қарсы тұра алады» [97]. Біз студенттің
дамуына бағытталған жеке басы, білімі өз мақсаттарына қол жеткізетінін, жеке
адамның талап етілу жағдайын, оның өзін-өзі дамыту күштерін туындататынын
негізге аламыз. Мәдениет нормаларына сәйкес жұмыс істейтін педагог берілген
қасиеттерімен жеке тұлғаны қалыптастырумен айналыспайды, субъектінің іс-
әрекеттегі жеке функцияларын толық көрсетуге және тиісінше қалыптастыруға
жағдай жасайды.
Біздің ойымызша, дамыту адам өмірінің мән-жайларымен, оның
қызметімен, тәрбие мен оқытудың мақсатты үдерістерімен детерминацияланған
даму феноменін тереңдете түседі.
Студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту тиімділігі көбінесе
ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізін
құрайтын тәсілдермен, заңдылықтармен және қағидалармен анықталады.
А.Н.Леонтьев мәдениеттен адам ойлауының жоғары түрлерінің туынды
сипатын және әлеуметтік тәжірибенің ықпалымен оның даму мүмкіндігін атап
көрсете отырып: «адамның ойлау қабілеті қоғамнан тыс, тілден тыс, адамзат
жинақтаған білімдерінен тыс және олар ойлаған
Достарыңызбен бөлісу: