Ойлау дағдыларыны ң деңгейі
|
Сипаттама
|
Ұсынылатын тапсырма типі
|
Білу және түсіну
|
-қарапайым деңгейде процессордің қызметін және негізгі сипаттамасын біледі;
-түрлі электронды құрылғылардың адам ағзасына әсеріне мысал келтіреді және қорғану әдістерін тиімді қолданады;
-кіріктірілген бағдарламалау ортасының компоненттерін біледі;
|
Деңгейін тексеру үшін көп нұсқалы тапсырмалар және/немесе қысқа жауап талап ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады
|
Қолдану
|
ақпарат көлемін анықтауда алфавитті тәсілді қолданады;
желінің өткізгіштік қабілетін есептеу формуласын қолданады;
желі қолданушысының қауіпсіздік ережесін қолдануын қамтамасыз ету (интернеттегі алаяқтық, агрессия);
электронды кестелерде абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді және кіріктірілген функцияларды қолданады;
электронды кестелерде деректердің типтерін және пішімдерін қолданады;
кестеде берілген функциялардың графигін құрады;
жоба құру үшін кіріктірілген бағдарламалау ортасының компоненттерін қолданады;
-кіріктірілген бағдарламалау ортасында таңдау және қайталану операторларын қолданады;
алгоритм трассировкасын орындайды.
|
Деңгейін тексеру үшін қысқа жауап талап ететін тапсырмалар және/немесе толық жауапты талап ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады
|
Жоғарғы деңгей дағдылары
|
- кіріктірілген бағдарламалау ортасында есептердің моделін құру.
|
Деңгейін тексеру үшін қысқа жауап талап ететін тапсырмалар және/немесе толық жауапты талап ететін тапсырмалар
қолдану ұсынылады
|