«Қазақстан тарихы» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
11-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-
гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2020 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 2
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 2
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер 2
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
-
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін
мақсаттарды бөлу 4
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
7. Модерация және балл қою 5
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 12
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 25
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес, білім алушы тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
-
«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер Білу
-
Қазақстандағы саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді;
-
Қазақстан тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді;
-
Қазақстан полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихын;
-
дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымын;
-
түрлі тарихи кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін;
-
Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерді.
Түсіну
-
Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын;
-
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;
-
дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін;
-
Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді;
-
Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін;
-
қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін.
Қолдану
-
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;
-
Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтауда;
-
Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын.
Талдау
-
себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;
-
тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін;
-
Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері мен деректерді;
-
бүгінгі Қазақстанның даму үрдістері мен перспективаларын.
3
Достарыңызбен бөлісу: |