1.Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге емшараның орындалуының барысын және
мақсатын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Дұрысы жүкті әйелдің салмағын өлшеуді бір уақытта (ерте, аш қарынға) жүргізіңіз.
3. Аяқ астына резеңке кілемшені төсеңіз, жүкті әйелге таразыға тұруды сұраңыз.
4. Таразыдағы шкала бойынша көрсеткішін белгілеңіз.
5. Бой өлшегіштің бүйіріне қарап тұрыңыз және әйелдің болжамалы бойының деңгейінен жоғары тақтайшаны көтеріңіз.
6. Жүкті әйелді бой өлшегіштің алаңшасына дұрыс тұрғызыңыз:
өкшелері, бөкселері және жауырыны бой өлшегіштің тіреуіне тиіп тұруы қажет,
ал бас құлақ бүртігісі және көздің сыртқы бұрышы бір көлденең ( горизонталды)
сызықта болуы керек.
7. Бой өлшегіштің тақтайшасын жүкті әйелдің төбесіне түсіріңіз және шкала бойынша сантиметр санын тақтайшаның нөл деңгейінен анықтаңыз.