17.Секундомерді қосыңыз, сосын 1 минут немесе 30 секунд ішінде қанша пульстік соққысын санаңыз.
18. Соққының ырғағын және оның айқындығын (пульстің кернеуін) сипаттаңыз және белгілеңіз.
19. Алынған мәліметтерді жүкті әйелдің жеке картасына жазыңыз.
20. Қолдарыңызды сабындап жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
9. Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.
Мақсаты- шаш шығудың түрлерін, жыныс саңылауының үніреюін және
симметриясын, үлкен және кіші жыныс еріндерінің құрылысын,
бөлінулердің сипатын, патологиялық үрдістердің болуын, зәр шығару
каналының сыртқы тесігін және бартолин бездерінің шығаратын
жолдарының жағдайын, қыздық перденің немесе оның қалдықтарының
түрін, бұтаралықты және артқы өтісті анықтау.
Көрсетулері –алдын ала қарау, гинекологиялық ауруды қарау және жүкті әйелдің
әйелдер консультациясына алғашқы келуі.