8. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз, оны ҚҚҚ салыңыз.
9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
10. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.
Ескерту.Емшараның алдында әйел зәр қуығын және керек десең тік ішектіде босатқаны қажет.
10. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.
Мақсаты-үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу және анықтау.
Көрсетулері –жүкті әйелдің әйелдер консультациясына алғашқы келуі, тар жамбас.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.
Ресурстары - тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық, Мартин жамбасөлшегіші, дәкелік
шариктер, спирт, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал .
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қазіргі зерттеулердің қажеттілігін және маңызын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Әйелден арқасымен тақтай төсекке жатуын, астына бір реттік жаялықты салуын, ішін ашуын, аяқтарын жамбассан және тізе буындарында жайуын және аяқтарын бірге қосуын сұраңыз.
5. Мартин жамбасөлшегісін алыңыз және жүкті әйелге бетіңмен қарап, тақтай төсектің оң жағына отырыңыз. Жамбасөлшегіштің тармақтарын қолдарыңызға алыңыз, үлкен және сұқ саусақтар түймешіктерді ұстайды, ал шкала бөліктерін жоғары қаратыңыз. Жамбасөлшегіштің түймешіктерін спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.
6. Сұқ саусақтармен мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қылқандарын пальпация жасаңыз, соларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын