10. Өлшеп біткеннен кейін әйелге тұруын сұраңыз.
11. Жамбасөлшегішті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.
12. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
13. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
14. Нәтижелерін құжаттарға енгізіңіз.
Ескерту. Қолдарыңыз және жамбасөлшегіш жылы болуы қажет. Conjugata externa ең үлкен
тәжірибелік маңызы бар, себебі осының өлшемімен шын конъюгатаның (кіру
жазықтығының түзу өлшемінің) өлшемін анықтауға болады.
11. Соловьев индексін өлшеу.
Мақсаты- жүкті әйелдің жамбас сүйегінің болжамалы қалыңдығын анықтау.
Көрсетулері –жүкті әйелдің әйелдер консультациясына бірінші рет келуі, тар жамбас.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары - сантиметрлік таспа, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал .
Достарыңызбен бөлісу: |