1.Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің қажеттілігін және мақсатын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Әйелді арқасымен жеке жаялыққа, аяқтарын созып және ішін ашып тақтай төсекке немесе кереуетке жатуын сұраңыз.
5.Әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап отырыңыз.
6. Акушерлік стетоскопті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.
7. Қолыңызға акушерлік стетоскопті (ультрадыбысты зерттеу анализаторын) алыңыз, оның кең қоныш тарататын жағын жүкті немесе босанатын әйелдің ішіне қойыңызда, нәрестенің жүрек жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) анықтаңыз (қалыптыда 120-160 соққы/минутына). Ұзынша орналасқан және баспен жатуы кезінде нәрестенің жүрек соғысы кіндіктен төмен жақсы естіледі (1-позиция кезінде-кіндіктен төмен сол жақтан, 2-позиция кезінде-кіндіктен төмен оң жақтан), нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде жүрек соғысы кіндіктен жоғары жақсы естіледі, 1-позиция кезінде- кіндіктен жоғары сол жақтан, 2-позиция кезінде- кіндіктен жоғары оң жақтан. Көлденең орналасуы кезінденәрестенің жүрек соғысы кіндік деңгейінде басқа жақын жерде жақсы естіледі. Көпнәрестелі жүктілік кезінде нәрестенің жүрек соғысы әдетте жатырдың әртүрлі бөлімінде анық естіледі.