3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
4. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
5. Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
өзіңізді таныстырыңыз, жүкті әйелді тақтай төсекке, зақымданудан сақтандырып, жатқызыңыз және оның басын сол бүйіріне бұрыңыз;
көктамырға сульфат магнийдің 5 г құрғақ заттарының (20 мл, 25% ерітіндісінің) жүктемелік немесе бастапқы (старттық) дозасын жайлап 10-15минут бойы енгізіңіз.
6. Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
инфузоматтың көмегімен 1 сағат ішінде 1-2г сульфат магнийді, ұзақтығы 12-24 сағат бойы үзбей көктамырға енгізіңіз;
инфузоматтың болмауы кезінде, 320мл физиологиялық ерітіндіге 80 мл, 25% сульфат магнийдің ерітіндісінқосып енгізіңіз, ал енгізудің жылдамдығы: ІІ тамшы/минутына-1г құрғақ затты/сағатына,
22 тамшы/минутына-2г құрғақ затты/сағатына. Сульфат магнийді ұзақтығы 12-24 сағат бойы (1-2г сағатына) үзбей көктамырға енгізіңіз немесе (көктамырға енгізудің мүмкіндігі болмаған кезде, аса қажет жағдайда) 10г құрғақ затты 5г-нан әр бөксеге 1мл 2% новокаинмен немесе 1мл 1% лидокаинмен бір шприцте бұлшықетке енгізіңіз.
7. Артериялық қысымды бақылаумен бірге магнезиялық терапияны жалғастыра отырып, жүкті әйелді зембілге салып, босандырып алу әдісін таңдау және жүктілікті әріқарай ұзартуда қауіп-қатер дәрежесін бағалау үшін стационардың ІІІ-деңгейінің анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызыңыз.
8. Бір рет киетін резеңкелі қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
Ескерту. Емдік-сақтану режімін және емдәмді сақтау.
16. Әйелдер консультациясы жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.
Мақсаты- әйелдер консультациясы жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету бойынша студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау.
Көрсетулері –преэклампсия кезінде құрысқақ ұстамасы.