Қарсы көрсетулері – қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі және т.б.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары - тақтай төсек, клеенка, жүкті әйелдің жеке картасы және босанатын әйелдің босану тарихы, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Өзіңізді таныстырыңыз, жүкті және босанатын әйелге емшараның орындау қажеттілігін, мақсатын және барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Жүкті әйелді немесе босанатын әйелді тақтай төсекке арқасымен, аяқтары жамбассан және тізе буындарында бүгіп (іш бұлшықеттерін босаңсыту үшін), бөксе астына клеенка жайып жатқызыңыз.
5. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап, отырыңыз, сосын І және ІІ тәсілді жүргізіңіз. 1-тәсіл: Бірінші тәсілдің көмегімен жатыр түбінің тұру биіктігі (ЖТТБ) және нәрестенің жатыр түбіндегі бөлігі анықталады. Бұл үшін екі қолдың алақандары жатыр түбінің деңгейіне орналасады, қолдардың саусақтары жақындайды, ұқыпты түрде төмен қарай баса отырып жатыр түбінің тұру деңгейін және нәрестенің жатыр түбіндегі бөлігін анықтайды.
2-тәсіл: Екінші тәсілдің көмегімен нәрестенің позициясын және түрін анықтайды. Бұл үшін екі қолды жатыр түбінен төмен қарай түсіріп, іштің бүйір беткейіне орналастырады. Нәрестенің бөліктерінің пальпациясын оң және сол қолмен кезектесіп жасап, нәрестенің арқасы және оның ұсақ бөліктері қай жаққа қарағанын анықтайды.
Нәрестенің арқасы кең, тегіс, қатты беткей болып анықталады. Нәрестенің ұсақ бөліктері қарама-қарсы жақтан қозғалмалы кішкене бөліктер (аяқтары, қолдары) күйінде анықталады. Егерде нәресте арқасы сол жаққа қараған болса, онда бірінші позиция деп аталады. Егерде нәресте арқасы оң жаққа қараған болса, онда екінші позиция деп аталады. Нәресте арқасы алға қараса, онда алдыңғы түрі, ал нәресте арқасы артқа қараса, онда артқы түрі деп аталады.
6. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және бетіне бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 3- тәсілді жүргізіңіз.Үшінші тәсілдің көмегімен нәрестенің жатуын анықтайды. Зерттеу келесі тәртіппен жүргізіледі: оң қолды қасаға буынының кішкене үстіне салып, үлкен саусақ бір жағында, ал төрт саусақ жатырдың төменгі сегментінің басқа жағында жатуы қажет. Қолдың саусақтарын жай тереңге батыра отырып, қасаға үстіндегі жатқан нәрестенің бөліктерін қапсырады. Нәрестенің басы қатты, дөңгелек, ірі бөлік, ал бөксе-ірі, бірақта жұмсақ бөлік болып анықталады. 7. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және аяғына бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 4-тәсілді жүргізіңіз. Төртінші тәсілдің көмегімен нәрестенің жату бөлігінің деңгейін анықтайды. Бұл тәсіл үшінші тәсілдің қосымша және жалғасы болып табылады, бұл тек нәрестенің жату бөлігін ғана емес және оның деңгейінің жағдайын білуге мүмкіндік туғызады. Екі қолмен орындалады. Бұл үшін әйелдің бетіне арқамен тұру керек, екі қолдың алақандарын жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына қойып жайғастырады, ал саусақтардың ұштары симфизге тиеді. Созылған саусақтармен жамбастың қуыстарына қарай, жай терең жылжи отырып, нәрестенің жату бөлігінің және оның тұру биіктігінің сипатын анықтайды. Жату бөлігінің орналасу деңгейін ажыратады:
а) бас кіші жамбастың кіру жазықтығының үстінде қозғалады;
б) бас кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған;
в) бас кіші жамбастың кіру жазықтығына кіші сегментімен орналасқан;
г) бас кіші жамбастың кіру жазықтығына үлкен сегментімен орналасқан;
д) бас кіші жамбас қуысының тар бөлігінде;
е) бас кіші жамбас қуысының кең бөлігінде;
ё) бас кіші жамбастың шығу жазықтығында.