20. Босанатын әйелді босану залына ауыстыру.
Мақсаты- студентке босанатын әйелді босану алды палатасынан босану залына тасуды
үйрету.
Көрсетулері –босанудың 2-ші кезеңінің басталуы.
Қарсы көрсетулері – жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары –қоларба (каталка), ақжайма, клеенка, стерилді астына салғыш, көрпе немесе
ақжайма, көпшік (жастық).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, босанатын әйелге босану залына ауыстыру мақсатын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Қоларбаға салыңыз: ақжайманы, көпшікті, клеенканы, стерилді төсегішті.
3. Босанатын әйелді қоларбаға ауыстырып салыңыз.
4. Әйелді ақжаймамен немесе көрпемен жабыңыз.
5. Босанатын әйелді босану залына санитарбикенің көмегімен ауыстырыңыз.
Ескерту. Егерде қағанақ сулары кетпеген болса, онда босанатын әйелді өзін босану залына
медбикенің немесе акушербикенің алып баруына болады. Егерде қағанақ сулары
ағып кеткен жағдайда босанатын әйелді қоларбаға салып ауыстыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |