Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, босанатын әйелге емшараның орындалу мақсатын, қажеттілігін және барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Кіші үстелді келесі түрде дайындаңыз: төменгі сөреге фурациллин ерітіндісі бар ыдысты және дезинфекцияланған клеенкаларды қойыңыз, ал жоғары сөреге (стерилді) стерилді бір рет киетін резеңке қолғаптарды, шариктерді, үш есе ерітіндіге салынған корнцангтерді, пинцетті, 3% сутегі тотығы, 5 % иод тұнбасы немесе 1 % йоданатты, стерилді астына салатын төсеуіштерді, мақтасы бар таяқшаларды, шариктерді, сабынды, орамалды орналастырыңыз.
3. Емшараны медбике санитарбикемен бірге орындайды, санитарбике халат және қолғаптар үстіне алжапқыш жауып кигені дұрыс.
4.Босанған әйелдің үстіндегі көрпені алыңыз және оны арқасымен аяқтары тізе және жамбассан буындарында бүгіп, ашылған күйінде жатқызыңыз.
5.Босанған әйелдің бөксе астына клеенка төсеңіз және дәретсауыт қойыңыз.
6.Босанған әйелдің бұтаралығына ыдыстан жылы фурацилин ертіндісін құйыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |