3.Бөксе астына клеенканы салыңыз.
4.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
5.Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
6.Жүкті әйелді дәретсауыттың үстінде жуыңыз.
7.Жаялықты жайыңыз,оның үстіне зәр жинайтын ыдысты қойыңыз.
8.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды ауыстырыңыз.
9.Сол қолмен жыныс еріндерін ашыңыз,ал оң қолмен пинцеттің көмегімен фурациллинге малынған дәкелік сүлгілерді салыңыз.
10.Зәр шығаратын каналдың тесігін кіші жыныс еріндерінің арасы арқылы жоғарыдан төмен тазалаңыз.
11.Пинцетті ауыстырыңыз.
12.Катетердің тарылған жерінен 4-6 см-дей жерде оның ұшынан пинцетпен алыңыз.
13.Оң қолдың IV және V саусақтарымен катетерді қысыңыз.
14.Оның ұшын вазелинге малыңыз немесе майлаңыз.
15.Сол қолмен кіші жыныс еріндерін ашыңыз,ал оң қолмен катетерді 4-6 смтереңдікке
(зәр шыққанша) енгізіңіз.
16.Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.
17.Зәрдің өздігінен шығуы біткеннен кейін сол қолмен ақырын ғана қасаға үстінен алдыңғы іш қабырғасын басыңыз.
18.Осыдан кейін катетерді шығарыңыз және оны дезерітіндісі бар ыдысқа тастаңыз.
19.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ-ға салыңыз.
20.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.