25. Созылмалы соз кезінде қоздырғышты дәлелдеу үшін өршіту әдістері.
Мақсаты – студентке созылмалы соз кезінде өршітудің әртүрлі әдістерімен қоздырғышты
дәлелдеуді уйрету.
Көрсетулері-созылмалы соз.
Қарсы көрсетулері-етеккір.
Мүмкін болатын асқынулары-жоқ.
Ресурстары- 1-2% күміс нитратының ерітіндісі, 2-5 % күміс нитратының ерітіндісі,
глицериндегі Люголь ерітіндісі, 0,5 мл гоновакцин немесе пирогенал, 0,5 мл 2%
синестрол ерітіндісі, ащы тамақ, сыра, индуктотермия немесе диатермия
аппараттары.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы өршіту әдістерінің мақсатын, қажеттілігін және орындалу барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз .
2. Созылмалы соз кезінде қоздырғышты дәлелдеу үшін өршітудің әртүрлі әдістерін пайдаланады.
1). Химиялық әдіс:зәршығаратын каналдың тесігін 1-2 % күміс нитратының ерітіндісімен, ал жатыр мойнының каналын 2-5% күміс нитратының, ерітіндісімен немесе глицериндегі Люголь ерітіндісімен майлайды.