Мәдениет феномені ретіндегі өнердің ерекшелігі



Дата09.12.2022
өлшемі16,93 Kb.
#161990
Байланысты:
13 культурология
Test тапсырмалары. 9 сыныпқа арналған, 2 апта каз 22, 10 практикалық сабақ, положение книги, 2 5382350404283534137, 11-Химиялық-инжиниринг-технологиясы-

Мәдениет феномені ретіндегі өнердің ерекшелігі.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
- Мәдени әрекет,
- Мәдени орта,
- Мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
- Мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Өнердің генезисі. Өнердің жүйесі және түрлері.
Діннің қоғамның мәдени өмірінің формаларына әсері. «Құлықтылық», «адамгершілік», «этика» ұғымы. Мораль мәдениеттің анықтаушы негізі ретінде. Мәдениет жүйесіндегі құқық. Заң және мораль. Саяси мәдениет түсінігі. Мәдениет жүйесіндегі ғылымның орны.
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
Көркем әдебиет,
Музыка,
Мүсін,
Кескіндеме,
Театр,
Кино
Мораль философиясы – қоғамдық сананың өте көне формасы, ол қоғамдық қарым-қатынастармен бірге туындап, өсіп, өрбіп отырған. Адамдардың бір-бірімен, әлеуметтік топтармен, қоғамның барлық жүйелерімен қарым-қатынасын реттейтін ұстанымдар мен іс-қимылдардың, нормалардың жүйесі. Моральдық нормалар адамдардың арасындағы қарым-қатынасты Ізгілік пен Зұлымдық тұрғысынан бағалауға сүйенген.

Адамдар іс-әрекетін мынау жақсы немесе жаман деп бағалаған. Алғашқы қауымдастықтарда адамдар өз арасындағы мәселелерді адамгершілік негізіне сүйеніп шешіп отырған. Рудың ертеден бері қалыптасып қалған әдет ғұрыптары қоғам мүшелерінің еркіне сай келгендіктен, олардың қажетін өтейтін болғандықтан, әдет-ғұрыптарды мүлтіксіз орындау әркімнің үйреншікті дағдысына айналған.

Мораль барлық азаматтардың мүддесін, арман-тілегін, еркін білдіреді, қоғам мен адам мүдделерінің дұрыс ара-қатынасын бейнелейді, жеке адамның мүддесін жоғары қойып отырады: кез келген азаматқа оның ұлтына, байлығына қарамастан басқа адамдармен тең екендігін көрсетеді; іс-әрекетті бағалау үшін бірдей өлшем ұсынады.

Олар көпшіліктің үлгі-өнегесі, әдет-ғұрып, қоғамдық пікірдің ықпалы арқылы нығая түседі. Сондықтан мораль талаптары жеке біреудің жарлығымен тағайындалмайды, ол адамдардың барлығы орындауға тиісті мінез-құлық формасы болып табылады. Моральдық сананың мәнін терең түсіну үшін оны құқықтық санамен салыстырып көрейік.

Мораль мен құқықтың бір-бірінен айырмашылығы мынада:

Қалыптасуы жағынан: мораль қоғамның пайда болуымен бірге қалыптасады, ал құқық мемлекетпен бірге туындайды.
Айтылу түрі жағынан: мораль қоғамдық сананың түрі ретінде адамдардың іс-әрекетінде тікелей өмір сүреді, ал құқық арнайы нормативті актілерде көрініс табады;
Әрекет ету аясы тұрғысынан мораль барлық қоғамдық қарым-қатынасты реттей алады, ал құқық тек іргелі, өзінің шамасы келетін қатынастарды ғана қамти алады.
Әрекет ету мерзімі жағынан: моральдық нормалар оларды түсіне бастаған уақыттан бастап іске қосыла береді, ал құқықтық нормалар арнайы белгіленген уақыттан бастап қана әрекет ете алады.
Іске асыру тәсілі жағынан: моральдық нормалар қоғамдық ықпал арқылы іске асырылады, ал құқықтық нормалар мемлекеттің араласуын қажет етеді.
Бағалау өлшемі тұрғысынан: моральдық нормалар қоғамдық қарым-қатынасты ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан реттейтін болса, ал құқықтық нормалар заңды, заңсыздық тұрғысынан реттейді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет