Мәдениет интеграциясы мен локализациясы



бет3/3
Дата25.11.2022
өлшемі12,65 Kb.
#159746
1   2   3
Байланысты:
Мәдениет интеграциясы мен локализациясы-engime.org 2
5, кен игеру, 5 дәріс Түзу
Батыс христиандық

  • Православиелік христиандық

  • Исламдық

  • Қиыр-шығыс

  • Индуистік


    Боас және мәдени эволюция сынау

    Боас барлық қоғам атаулының өткені мен болашағына қатысты қолданылатын біртұтас мәдени - эволюциялық формуланы мойындамайтын, бірақ нақты мәдениет тұрғысынан алғанда эволюция идеясын да, оның кейбір салаларындағы, мысалы технология тұрғысындағы шектеулі прогресс тұжырымдамасын да жоққа шығарған емес. Сонау 1908жылы-ақ ол: "Қатаң сынға алынғанына қарамастан, көптеген ежелгі теориялар біршама нанымды көрінеді, ал, оларға сәл басқаша тұрғыдан келіп, өркениеттің дамуына жекешілдік көзқарасты күшейтер болсақ, олардың қажет екендігіне көз жеткізуге болады",— деп жазды.

    Боас, әсіресе, мәдениеттің дамуы міндетті түрде қарапайымнан күрделі қарай бағыт алады деп тұжырымдады және осындай дамудың кейбір кезеңдерінен прогресті көретін тұжырымдамаға өршелене қарсы шықты. Эволюция прогресс өлшемі міндетін атқараалатын мәдени дамудың әмбебап сызбасын түзу әрекетіне қарсы қимыл ретінде ол нақтыбір аймақтардағы жекелеген мәдениет пен мәдени диффузияның (араласудың) белгілерінзерттеуге бой ұрды. Сөйтіп, оның көзқарасы бойынша, тарихтың өзі шектеулі мәнге ие,яғни ол бүкіл адамзатқа ортақ мәдениеттің емес, тек жекелеген қоғамға тән мәдениеттің ғана тарихы деген қорытынды шығады. Сонымен қатар, ол антропологияны да адамзат мәдениеті мен оның жекелеген кезеңдерінің эволюциясын зерттеу емес, өзіндік толыққанды бірлік болып табылатын жекелеген мәдениеттерді зерттеу деп таныды.

    Боас және мәдени эволюция сынау

    Қорытынды:

    Ауқымды морфологиялық мағынада мәдени эволюцияның әмбебап кезеңдері— тарихи мәдениеттердің тарихқа дейінгі және алғашқы қауымдық жағдайдан неғұрлым дамыған жағдайларға өтуі туралы айтуға болады. Бірақ, бұл дамудың бірдей кезеңінде тұрған мәдениеттердің бәрінің белгілері мен институттары да бірдей болады деген сөземес. Егер принципті тұрғыдан алғанда, мәдени алуан түрлілік болуы мүмкін десек, бұл қағиданы мәдени дамудың барлық сатыларына да қолдануымыз керек. Біз өз таңдауымызды бір кезеңдегі мәдени белгілер мен институттарды толық шендестірумен де,мүлдем ұқсамайды деген тұжырыммен де шектемеуге тиіспіз. Қазіргі мәдениеттердің басты институттарынан өзара ұқсастықты да, алшақтықты да көре тұрып, оларды тарихқадейінгі, алғашқы қауымдық мәдениеттерден де іздестіруіміз керек. Кеңістік пен уақыттыжәне әлеуметтік факторларды ескерместен, мәдени дамудың бұл кезеңіндеморфологиялық тұтастық болды деген пайымдаудың негізінде оған тон белгілер менпроцестер субстанциялық тұрғыдан толық ұқсас болды деп қорытынды жасау да дұрысболмас еді. Дамудың бұл кезеңіндегі мәдениет тарихының бірдей жолдан өтуі туралыгипотеза бізге негізсіз болып көрінеді және оны "эволюция адасу" деп атауға болады.

    Пайдаланған әдебиеттер.

    • Ғабитов Т. «Мєәдениеттану» Алматы,2002

    • Ғабитов Т. «Философия» Алматы,2004

    • Кішібеков Д. «Философия» Алматы,2005

    • Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. «Философия» Алматы,2011.

    • Құлсариева А. «Мәдениеттану негіздері» Алматы,2002


    НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
    http://engime.org

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет