Мәдениет және өнер” институты “Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 5В01200 «Кәсіптік оқыту»


Тақырып: Тиекті – кертікті тетіктер арқылы құрастырып – бекіту



бет65/96
Дата05.02.2022
өлшемі1,82 Mb.
#12494
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96

Тақырып: Тиекті – кертікті тетіктер арқылы құрастырып – бекіту

Дәрістің мазмұны:


  1. Тиекті бекітудің анықтамасы..

  2. Тиекті бекітудің әдісі.

Мақсаты: Тиекті бекітудің артықшылықтары н анықтау


Тиекті – кертікті тетіктер арқылы құрастырып – бекіту. Тиекті – кертікті тетіктер арқылы құрастырып – бекітудің негізгі элементтері: тиекті – кертікті тетіктер, тесік көздер, құлақтар, шұңқыр ұялар, шпунттар мен тарақ тәріздес тетіктер. Тиекті – кертікті тетіктер деп бөлшектің шығыңқы тұсын айтады. Оның ені бөлшектің енінен кішірек болады, ол тетіктер бөлшектегі шұңқыр ұяларға енгізіліп бекітіледі. Ал ол шұңқырлардың кеңдігі мен тереңдігі аталмыш тетіктер тығыз орналасатындай болуы керек. Тиекті – кертікті тетіктер тым жуан болмауы тиіс, өйткені оларды шұңқыр ұяға шаншып енгізу кезінде жарылып, мыжылып не сынып кетуі мүмкін.
Тиекті – кертікті тетіктердің тұтас болуы да, алмалы- салмалы болуы да мүмкін. Тұтас тетік бөлшектің тікелей өзінен жонылып жасалады. Мұның өзі еңбекті соншалықты көп керек ететін және үнем жасауға қолайсыз процесс болып табылады. Сондықтан тиекті – кертікті тетіктерді алмалы –салмалы етіп жасаған жақсы. Ондай тетіктер өз алдына жеке жасалады, ал дайындалатын ағаш материалында оның екі басы еніп тұруы үшін екі шұқанақ жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет