Мәдениет және өнер” институты “Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 5В01200 «Кәсіптік оқыту»


Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12] 47 кредит саны



бет63/96
Дата05.02.2022
өлшемі1,82 Mb.
#12494
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   96
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
47 кредит саны
36 дәріс
Тақырып: Ағаш кептіру түрлері
Дәрістің мазмұны:

  1. Камерада кептіру

  2. Беттестіру арқылы кептіру.

  3. Балқытылған ортада кептіру.

Мақсаты: Ағаш кептіру түрлерін меңгеру.
Камерада қолдан кептіру
Бұл әдіс арнаулы кептіру камераларында өтеді. Кептіру камерасы деп – ағашқа конвенциялы жылу беру арқылы (ауамен, бумен, газбен т.б.) өтетін ортаны айтамыз. Камерада кептіру атмосфералық кептіруге қарағанда өте жылдам және нәтижесі де жақсы, яғни бнлгілі бір ылғалдылықты сақтайды. Бұл камерада ауаның айналымы табиғи емес, желдеткіш арқылы жасанды түрде өтеді. Бірақ ондай камералардың өзіндік ауа айналымы болатынарнаулы бөлмелері де бар. Кептіру жүйелерін желдің айналымы арқылы, бу арқылы ылғалды ауамен және қыздырылған бумен, газбен жұмыс істейтін калориферлі камералар деп екіге бөледі. Оның ішінде олар белгілі бір уақыт жұмыс істейтіндер және үнемі жұмыс істеп тұратындар деп аталады. Біріншісінде ағаштар түгел қойылады да, бірқалыпты кеуіп шығады. Ал екіншісінде шетінен қойылып конвейер арқылы кебеді. Бірқалыпты ауа қозғалысымен кептіретін камералардың схемасы қарапайым. Жаңа кірген таза ауа калиориферден қызып шығып, штабельдерден өтеді де, ағаш құрамындағыылғалды буландырады. Сөйтіп, қатардан шыққан ауаны атмосфераға айдайды. Ал, қалған айналымдағы ауа таза ауамен қосылып, өзінің белгілі темпиратурасына жеткен соң, қайтадан қатаарға жіберіледі.
Беттестіру арқылы кептіру
Бұл – негізінен жұқа тілінген ағаштарды кептіруге арналған технология. Арнаулы қыздыру спиральдары бар, 150С-қа дейінгі ыстық темпиратурада ұстайтын кептіргіш арасында ұшқат, шпондарды салып кептіреді. Кептіру ұзақтығы бірнеше минут. Бұл әдістің осал жағы: мерзімінен артық ұстаса, ыстық темпиратура ағашты қарайтып жібереді де, ағаштың бойында белгілі ток күштері пайда болады. Сондықтан оны қайтадан буландыыру камерасына жіберуге тура келеді.
Ток өрісі арқылы кептіру
Ағаштың ток өткізу қабілеті нашарболғандықтан, жоғары ток күші тез қызып, оның бойындағы ылғалды буландырады. Бұған уақыт аз кетеді. Аталмыш әдіс өндірісте жоғары бағааланады.
Балқытылған ортада кептіру
Арнаулы контейнерге реттеліп жиналған ағашқа алдын-ала балқытылған аралас ерітіндіні (май, күкірт, петралитум) құйып, темпиратурасы 120-140С ыстық контейнерге жібереді. Сол жерде ағаштың бойындағыылғал буланып шыға бастайды. Кептіру 8-20 сағатқа созылады. Бұл әдіспен кептірілген ағаш нашар өңделеді. Әрі оның желімделуі де нашар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет