Мәдениет және өнер” институты “Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 5В01200 «Кәсіптік оқыту»


Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12] 46 кредит саны



бет62/96
Дата05.02.2022
өлшемі1,82 Mb.
#12494
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96
Әдебиет: [1] [2] [8] [9] [10] [11] [12]
46 кредит саны
35 дәріс
Тақырып: Ағаш кептіру түрлері
Дәрістің мазмұны:

  1. Атмосферада табиғи кептіру.

  2. Кептіру әдістері

Мақсаты: Кептірудің маңызы
Адам ежелден-ақ ағаш кептіруде түрлі әдісті қолданған. Мысалы, қазақтар жаңа кесілген ағаштың қабығын аршып, ауа өтетіндей дәрежеде сиырдың жапасын жағып, көлеңке жерде бірнеше ай ұстаған, ал кейбір шеберлер күлдің астында сақтаған.кең тараған тәсіл – жаңа кесілген су ағаштан бұйымды барынша болжамға келтіріп, өңдеп, оны 2-3 сағат суға салып қайнатқан. Сөйтіп ағаштың бойындағы химиялық заттардың бәріне сыртқа шығарған. Кейбіреулер суға ас тұзын қосады.бұл тәсіл қазір де қолданылады. Өндірістік саланың дамуына байланысты қазіргі кезде ағаш арнаулы камераның күшімен белгілі бір темпиратурада кептіреді. Кептірудің бірнеше түрі бар. Олар: атмосфералық, камералық, радиациялық, беттестіру арқылы, жоғары ток өрісі арқылы және балқытылған ортада кептіру.
Атмосферада табиғи кептіру
Ағашты ашық ауада, күннің көзі мен жауын-шашын тимейтін жерде немесе арнаулы бөлмеде табиғи самал жел арқылы кептіреді. Бірақ, бұл тәсілді қысты күні ашық ауада қолданбайды. Ағаштың ылғалдылығы ауаның ылғалдылығымен сәйкес (18-22) болады.ағаштардың кебу жылдамдығы ауа өткізгіштігіне байланысты. Атмосфералық кебу уақыты ағаштың жуандығына, жыл мерзіміне қарай 8 тәуліктен 70 тәулікке дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет