«Мәдениет және өнер» институтының директоры м а



бет3/4
Дата28.06.2017
өлшемі1,52 Mb.
#20238
1   2   3   4

Дәріс мақсаты :


Студенттердің түрлі заттардан жобалау арқылы көркем құрастыру мен техникалық эстетикалық ілімін кеңейту, көркем – мәнерлі орындау ой -өрісін дамыту

Дәріс мазмұны:

Дизайнның негізгі талаптары. Әлеуметтік факторлар. Функциональды талаптар.

Техникалық эстетика және дизайн пәні, тарихы, принциптері, талап ететін құралының негізгі түсініктері.Өнеркәсіптік өнер саласындағы терминологиялардың қысқаша сөздігі. Көркем-жобалау ой-өрісін түсіну категориясының (морфологиялық, символикалық, феноменологиялық), перцептивті-оптилогиялық категория және композициялы-антропологиялық категорияның үш түрлі жазбасы.

Өнеркәсіптік өнердің әлеуметтік-политикалық белгісі. Қоғамдық тәрбие мен білім саласындағы өнеркәсіптік өндіріс бұйымының жоғары сапалы орны. Адамзат құрылымындағы қоғамның даму процесіне еңбек қызметімен шығармашылық еңбектің әсері.

Болашақ бұйымның функциональды ерекшелігін шығару – жобалаудың өзіндік факторы. Түрлі белгідегі бұйымдардың ерекшелігі мен спецификасын есептеу. Бұйымның мықтылығын білдіретін көрсеткіштерін анықтау. Заттың қоршаған ортаман және адаммен байланысы. Бұйым мен ғимараттың функциональды пішіні мен өлшемін қарастыруға әсер ететін факторлар мен процесс есебі. ГОСТ заңдылығына негіздей отырып, адам денесінің өлшеміне қарап нысананың өлшемін анықтау. Оның құрамын, сапасын, габаритын, салмағын шығару.

Эргономикалық факторлар. Техникалық, экономикалық талаптар. Эстетикалық талаптар. Түрлі теориялық концепциядағы дизайн.

Адамзатты қоршаған материалдық ортамен заттардың құрылымындағы эргономиканың орны. Жоболау кезіндегі антропологиялық фактор. Соматология мен саматография. Қол мен аяқ жұмыс істейтін орын, көретін орын және интерьер мен нысананы жобалау кезіндегі оның есебі. Негізгі еңбек жолдарын атқару қарсаңындағы адамның физиологиялық ерекшеліктері. Көркем құрастыру кезінде гигиеникалық факторлар. Тұрмыс және оқу-өндірістік ортада жұмыс орнын ұйымдастыруда инженерлік психологияның қызметі.

Эргономикадағы экологиялық климат. Микроклимат, жарық және түсті климат. Жарық пен оқу-өндірістік орта. Жұмыс орнының жарықтылығы. Жарық пен түстің өзара байланысы. Функциональды және психофизиологиялық жақтарын ескере отырып өнеркәсіптік өнерде түсті қолдану.

Қауіпсіздік ережелері. Техникамен қатынасы бар өнеркәсіп бұйымдарын жасау кезінде техникалық, экономикалық талаптар туралы жалпы түсінік.

Бақылау сұрақтары:


  1. Эргономика дегеніміз не?

  2. Өнеркәсіптік жобалауда түстің орны?

  3. Көркем-жобалау ой-өрісін түсіну категориясы?

  4. Жобалаудағы антропологиялық фактор?

  5. Жобалаудағы экологиялық талаптар?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. История зарубежного искусства: учебник для сред. худ. заведений, М. 1983.

2. Нестеренко И.О. «Краткая энциклопедия дизайна» М.1994.

3. Художественное конструирование. Под ред. Быкова З. Н. и Минервина Г. Б.,М.1986.

4. Холмянский Л.М., ЩипановА.С. Дизайн., М.1985.

5. Художественное проектирование. Под ред. Нешумова Б.В. и Щедрина Е. Д.,М.1979.

6. Ромат. Реклама. Учебник для Вузов. Спб, М., Харьков, Минск 2001.

7. Ворожейкина О. И. Реклама. Теория и практика. Алма-Ата, Уральск. 2000.

8. Лаврентьев А.Н. История дизайна. Уч. пособие для вузов. М.2006.
Дәріс 4.

Тақырып: Көркем құрастыру кезеңдері

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Бионика – табиғат пішінінде жобалау

2. Шаблон – үлгі

3. Декор – бұйымды әсемдейтін элементтер

4. Доминанта – композицияны басымды элемент

5. Мозговой штурм – жобалау әдістері


Дәріс мақсаты :


Студенттердің түрлі заттардан жобалау арқылы көркем құрастыру мен техникалық эстетикалық ілімін кеңейту, көркем – мәнерлі орындау ой -өрісін дамыту

Дәріс мазмұны:

Жобалау әдістері.

Көркем құрастыру әдісінің қалыптасуы және оның осыған дейінгі өнеркәсіп заттарын жобалау әдістерінен жетістігі.

Бұйымдардың функциональды және эстетикалық қатынастардағы рациональды құрылымының процесі. Жобалаудың ізденіс этабы. Ақпараттарды жинау. Функциональды бағасы. Бұйымның қолданыстағы және өндірістегі сапасына баға. Көркем құрастырудың ізденіс – композиция және пішін құрастырудың принциптік заңдылықтарымен тұрғызылып, графикалық және кеңістікті-көлемді құрал көмегімен орындалған бұйым жасаушы шығармашылық этап.

Көркем құрастырудың жобалық этабы. Жоба құрамы – жалпы көрінісі, разрез, орналастыру сызбасы, перспективалық бейнесі, планировка, макет, түсініктеме жазба. Өнеркәсіптік бұйымды жобалаудың сериялық әдісі. Жобаны көркем орындау ережесі.

Жұмыста жобалау. Сызбалар құрамы, олардың орындалуы және безендіру. Шаблондар.

Авторлық надзор.

Дәстүрлі әдістер, жаңа әдістер. Стратегия мен әдісін таңдау. Әдістерге қысқаша тоқтам (мозговой штурм, системотехника, пішіндеу, синектика, жаңа функцияларды жобалау т.б. барлығы 35). Көркем құрастыру кезеңдері мен этаптары. Дизайн саласындағы түрлі мамандар.

Бионика мен пішін құрастыру. Дизайнерлік биониканың негізгі әдістері

Бионика – бұл табиғат обьектілерімен жұмыс (өсімдіктер пішіні, биопішін), олардың графикалық суреттемелері және суреттемелермен стилистика тұрғысынан жұмыстану. Қалыпта композициялық түсініктер: силуэт, пропорция, симметрия, асимметрия. Доминанта: статика, динамика. Техника: графика, коллаж. Макеттеу.

- көркем жобалау обьектісінің көлемді пішінін құрастыру үшін үшөлшемді құрылысын жасау

- әр түрлі құрылым, материал, техникалық құралдар, жазық беттің архитектоникасы

- пішінін тұрғызу әдістері секілді симметрия мен модулдік ұйымдастыру

- тектоникалық құрылым жүйесі (тарихи обьектілерге қарап отыра). Арнайы композиция. Эскиз техникасы. Орналастыру негізі. «Компьютерлік графика негіздері» арқылы жобалау мен моделировкадағы компьютерлік технология.

Бақылау сұрақтары:


  1. Көркем жобалау этаптары?

  2. Бионика дегеніміз не?

  3. Шаблон деп нені айтамыз?

  4. Дизайнерлік бионика әдістері?

  5. Көркем жобалау әдістері?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. История зарубежного искусства: учебник для сред. худ. заведений, М. 1983.

2. Нестеренко И.О. «Краткая энциклопедия дизайна» М.1994.

3. Художественное конструирование. Под ред. Быкова З. Н. и Минервина Г. Б.,М.1986.

4. Холмянский Л.М., ЩипановА.С. Дизайн., М.1985.

5. Художественное проектирование. Под ред. Нешумова Б.В. и Щедрина Е. Д.,М.1979.

6. Ромат. Реклама. Учебник для Вузов. Спб, М., Харьков, Минск 2001.

7. Ворожейкина О. И. Реклама. Теория и практика. Алма-Ата, Уральск. 2000.

8. Лаврентьев А.Н. История дизайна. Уч. пособие для вузов. М.2006.
Дәріс 5.

Тақырып: Обьектіде пішін құрастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Тектоника – металл мөлшері

2. Стайлинг – жаңа өндіріс бұйымдарын өңдеу және ескісінің модернизациясы

3. Семантика – эмблема немесе белгісімен білу

4. Интерьер – бөлме іші

5. Форэскиз – талдап қорытындыланған эскиз



Дәріс мақсаты:

Студенттердің түрлі заттардан жобалау арқылы көркем құрастыру мен техникалық эстетикалық ілімін кеңейту, көркем – мәнерлі орындау ой -өрісін дамыту



Дәріс мазмұны:

Автомоделировкасы (жіктеу, техникалық қондырғы), автомоделировка әдістері.

Тікелей моделировка. Теория. Модел түрі. Автомоделировка. Дизайнда үш түрлі пішіндік мінездемесі бар:

1. Функциональдық немесе утилитарлық , заттың белгілерімен және адамның талабына орай анықталады.

2. Құрылымдық – физикалық, механикалық, химиялық т.б. білім талап етеді. (специализация)

3. Эстетикалық – дизайнердің көркем талғамына жауап береді. Соған қоса моданы, техникалық және қаржылай мүмкіндікдіктерін ескеруі тиіс.

Композиция – шығарманы барлық элементтерін өзара және гармоникалық тұрғысынан біртұтас тұрғызу. Кеңістікті-көлемді және жазық композиция.

Композиция құралы: Тектоника, Масштаб, Пропорция, Ырғақ, симметрия, ассиметрия, колорит (түс).

Кеңістікті-көлемді құрылым дегеніміз заттың пішінінің оның ішкі тұрғызуымен және сыртқы кеңістікпен байланысы.

Киім, интерьер дизайнының моделировкасы

Интерьер – ғимарат немесе бөлме ішіндегі кеңістік (вестибюль, зал, бөлме). Жоспарлау сызбасын шартты бейнелермен бүкіл ғимараттың ауданын масштаб талабына сай бірдей етіп, тік бұрыш көрінісінде жарық жағын анықтап орындау қажет

Костюм жасау – бұл әр уақытта да киім де,аяқ-киімнің де пішіні мен құрылысына байланысты ізденісті талап етеді. Костюм жасау әр түрлі болады. Жаңаша костюм жасауда құнды болып (пішіні мен құрамына байланысты) ғасыр бойы жиналып әрі бекітіліп келе жатқан тарихи костюм табылады. Басқа да – этникалық костюм, арнайы киім болады. Бұл салада болашақ маманға-киім, аяқ-киім, аксессуарлар жобалаушыға - маман ретіндетарихи костюмдердің құрамын және эстетикалық пішінін үйрену қажет. Ансамбль, комплект, туалет.



Бақылау сұрақтары:

  1. Пішін мінездемесі қандай?

  2. Композиция құралдарын атап бер?

  3. Тектоника деп нені айтамыз?

  4. Пропорция түрлерін ата?

  5. Ырғақ түрлерін атап бер?

  6. Интерьер дизайнерінің жұмыс барысы?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. История зарубежного искусства: учебник для сред. худ. заведений, М. 1983.

2. Нестеренко И.О. «Краткая энциклопедия дизайна» М.1994.

3. Художественное конструирование. Под ред. Быкова З. Н. и Минервина Г. Б.,М.1986.

4. Холмянский Л.М., ЩипановА.С. Дизайн., М.1985.

5. Художественное проектирование. Под ред. Нешумова Б.В. и Щедрина Е. Д.,М.1979.

6. Ромат. Реклама. Учебник для Вузов. Спб, М., Харьков, Минск 2001.

7. Ворожейкина О. И. Реклама. Теория и практика. Алма-Ата, Уральск. 2000.

8. Лаврентьев А.Н. История дизайна. Уч. пособие для вузов. М.2006.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Практикалық жұмыс мазмұны

Апта

Әдебиет

1.


6-семестр

Графикалық жобаның негізі. Тегіс графика.



Графикалық әдістермен бірнеше жұмыс орындау. Графикалық тұрғыда түзу, ирек, тағы да басқа сызық түрімен ырғақты түрде орындау. Графикалық жұмысты әдемі көрсету, сызықтардың ара қашықтығын дәл ұстау, сызықтардың қалыңдығын ескерту.

Материалдары: қағаз, тушь, перо

1


3,8,15, 19,20,21



2.

Коммуникативті белгілер дизайны



Визуальды коммуникация (нышан) белгілеріне ақ-қара түсті нұсқада екі немесе үш композиция. Орындайтын жұмыстар: мектептегі оқу кабинеттеріне (география, биология, физика т.б.) пиктограммалар, спорт секцияларының эмблемалары, оқу-өндірістік салаларының белгілері, сонымен қатар институт факультеттеріне эмблема-нышандар

2

3,8,15, 19,20,21

3.

Ырғақты әдемі қозғалыстың кеңістіктегі сызықтық графикасы. Жұмсақ құрылысы.



Графикалық әдістермен бірнеше жұмыс орындау: кеңістіктегі сызықтық графиканы әдемі қозғалыста бейнелеп көрсету:

Жұмсақ құрылысы. Жазықтықты әр түрлі қозғалыстағы сызықтармен топтастыру және кедір бұдыр көрінісін көрсету, материалды көрсету, көлемін шығару.



3

3,8,15, 19,20,21

4.

Ырғақты әдемі қозғалыстың кеңістіктегі сызықтық графикасы. Қатты құрылысы.


Қатты құрылысы. Әр түрлі әдістермен бір қалыпты сызық түрімен жазықтықты қолдану. Графикалық сызық пен түстердің ерекшеліктері, оның жазықтықпен байланысы. Қозғалыстағы және қалыпты сызықтар.

Материалдары: қағаз, тушь, перо.



4

3,8,15, 19,20,21

5.

Киім жобасының көркемдеу жүйесі.



Табиғат формасы мен этнографикалық костюмді жаңаша түрге өзгерту өлшемін жобалау.

Pret-a-porter - желісінің авторлық коллекциясындағы маталар образдарын сканер арқылы өткізіп, Photo Shop бағдарламасында өңдеу.



5

3,8,15, 19,20,21


6.

Құрылысы жағынан қиын емес балалар жиһазының эскизін жасау.


Болашақ мүлігінің жобасымен жұмыстану методикасы, оның құрылысына қажет материалдар мен оны көркемдеп қаптау жолы т.б. әдістерін ашып көрсете қысқаша түсініктеме жасау. Жасайтын обьектілер: қабырғаға ілінетін кітаптар полкасы, ойыншықтар қоятын кішкене шкафтар.

6

3,8,15, 19,20,21

7.

Заттар мен кеңістік графикасы.


Интерьерді ашып көрсетудегі графикалық сурет. Заттың ерекшелігі мен мазмұнын ашу, сызықтарды қолдану, тегіс сызықтарды сызудағы рең ерекшелігін табу.

Материалдар: қағаз, тушь, перо.



7

3,8,15, 19,20,21

8.

Оқу ғимараттарының жоспарын қарастыру.


Жалпы білім беретін мектептердегі оқу бөлмелеріне (кабинет, лаборатория, шеберхана) жоспар құру. Масштаб 1:20.

8

3,8,15, 19,20,21


9.

Заттар мен кеңістік графикасы.


Экстерьердің мазмұнын ашатын графикалық сурет орындау. Графика әдістерінің әр түрін қолдану: сызықтық, сызықтық кескіндер, түстер, жазықтықты түспен толтыру. Мағынаның біртұтастығы.

Материалдар: қағаз, тушь, перо.



9

3,8,15, 19,20,21


10.

Отмывканы қолдану арқылы сызықты – кеңістікті графика орындау.


Берілген көріністің терең кеңістікті заңдылықтарын сақтай отыра графикалық кеңістіктегі интерьерін құру. Нысананың композициялық құрылымының мінездемесін беру. Негізгі және қосымша көріністердің өлшемін, салыстырмалылығын, пропорциясын көрсету.

10

3,8,15, 19,20,21


11.

Зәулім үйлер мен жазғы оқушылар демалатын лагерьдің эскизі мен макетін жасау.

Көлемді – кеңістікті композиция құрудағы заңдылықтар. Макетті жасаудағы ерекшеліктер. Материалдар: пластилин, сызу қағазы, картон, пенопласт.

11

3,8,15, 19,20,21


12.

Түсті графика


Интерьерді орындауда түстердің шешімін әсем қолданбалы түрде шешу. Кеңістікті түстермен әсем шешу. Декоративті элементтерді түс арқылы шешу. Заттың көлемін ырғақпен байланыстыру. Композицияны құруда бөлшектердің дәлдігі, түрленудің біртұтастығы және өзіне көңіл аударуды ескерту.

12

3,8,15, 19,20,21


13

Кеңістікті – көлемді композиция. Макет орындау.


Дайын тұрғын үй интерьерінің макетін орындау. Тұрғын үй жобасының ерекшеліктерімен танысу. Көлемді- кеңістікті комопзицияны құрудағы заңдылықтар. Макетті жасаудағы ерекшеліктер. Әр түрлі материалдармен жұмыс жасауды меңгеру.

Материалдар: қағаз, картон.



13

3,8,15, 19,20,21


14

Кеңістікті – көлемді композиция. Макет орындау.


Нысананың жалпы интерьердегі макетін орындау. Оңай құрылымдағы интерьердің жобасының ерекшеліктерімен танысу. Шыдамдылығын, пайдалылығын, әсемдігін, ыңғайлы құрылысын, көркем әсемдігін ескеру. Макетті практикалық тұрғыда орындау, бионика, эргономика заңдылықтарымен танысу.

Материал: қағаз, картон.



14

3,8,15, 19,20,21


15

Кеңістікті – көлемді композиция. Макет орындау.


Дайын обьектінің интерьерінің макетін жасауды жалғастыру әрі аяқтау.


15

3,8,15, 19,20,21




7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бейнелеу өнері мамандығында оқитын студенттердің сурет салып үйренулерінің тиімді жолына – нұсқадан қарап сурет салу әдістемесі жатады.

Суреттің түпкі мақсаты – студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті – студенттердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту, композициялық – шығармашылық қызметтерін арттыру. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін төмендегі үш қызметке баса назар аудару қажет:

- аудиториялық жұмыс;

- оқытушылардың жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы;

- өздік жұмыс немесе үй жұмысы.

Бұл үш түрлі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыру принципін атқарады. Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, сонымен қатар арнайы тақырыптарға дәрістер оқылады. Аудиториялық және өздік жұмыстары оқытушылардың қадағалауымен жүргізіледі.

Оқу жұмысын төменгідей топтарға бөлуге болады:

- нұсқадан сурет салу, нобай, жылдам салынатын долбарлар, ұзақ мерізімге арналған жұмыстар;

- ой арқылы, еске түсіру арқылы, қиял арқылы салынған, жазылған жұмыстар;

- композициялық түрдегі жұмыстар – сюжетті іздеу барысындағы ізденіс нобай – долбарлар. Бұған белгілі тақырыпты ашу барысындағы, идеялық – образдық шешімге келу жолындағы ізденістер, пластикалық құрылымды іздеу барысындағы жасалған жұмыстар жатады.

Бұл айтылған жұмыстар жанрдың қай түрі болмасын (натюрморт, портрет, пейзаж, т.б.), сурет техникасының қандайы болмасын арнайы аудиторияда немесе аудиториядан тыс жерлерде де қолданыла беріледі.

Студенттердің өздік жұмысы - әр-түрлі бағытта дамуы мүмкін, яғни, нұсқа арқылы әр-түрлі суреттемелер салу, композициялық ізденіс, әр-түрлі жастар көрмелеріне қатысу, әр-түрлі техникада өз күшін, ептілігін байқап көру, т.б. Бұлар жиналып сурет өнерінен студенттердің шеберлігін, икемділігін арттырады.

Ұзақ мерзімге арналған қойылымдардың орындалу жолын екі кезеңнен қарастырған дұрыс: оның алғашқысы – дайындық, екіншісі – орындалуы. Бірінші кезең мына қызметтерді қамтиды. Оқытушының студентке қойар талабы: нұсқаны көзбен талдау жасау, графикалық, түрлі нобайлар жасау, қағаз бетіне орналастыру, құрастыру, композициялық шешімін табу, формат көлемін анықтау, өңдік байланысын табу, нұсқаның күрделі тұстарын зерттеу, т.б. Сонымен қатар дайындық кезеңінде нұсқаның қағаз бетіндегі (графикалық бейнесі) бейнесіде жатады.



Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға атүсті қарамаған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуы осы қызметке де тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде салынған графикалық бейне, көлем, материалдардың бір-бірімен байланысы, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.

Сурет салғанда неден бастау керек және де неден бастап штрихтау керек деген заңды сұрақ туады. Бұл жөнінде көптеген оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады. Біреулері көлеңкелі жерлерден штрихтаған дұрыс десе, енді біреулері ашық, жарық жерден бастаған абзал деген пікірде, үшіншісі кереғар тұстарды көрсеткен дұрыс дейді. Мүмкін, әдістемелік тұрғылан бұл пікірлер дұрыс та болар. Дегенмен штрихтағанда алдымен жалпы рең, өңді ұстауға ұмтылу керек, денелердің гармониялық байланысынан бастаған жөн. Мейлі ол композициялық пластикалық ізденіс, мейлі жеке дене формасы болсын, нұсқадағы жалпы реңдік қатынасты бірден таппай, кіші бөлшектерге көшуге болмайды. Тіпті кейде кіші бөлшектерді салу процессідеде үлкен масса, үлкен ауқымға да жиі-жиі оралып отырған жөн. Бұл әрине, қиынға соғуы ықтимал, дегенмен тұтас көру, тұтас салу суреттің басты заңдылықтарының бірі. Сурет салғанда осыларды ескерген дұрыс.



Макет жасау мен жобалау кезінде төмендегідей заңдылықтарын қолдануы тиіс:




Интерьер жобасын орындау шартты белгілері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет