«Мәдениет және өнер» институтының директоры


Болаттың түрлері: мартеновтық болат, көміртекті болат



бет11/17
Дата24.05.2017
өлшемі1,18 Mb.
#16957
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Болаттың түрлері: мартеновтық болат, көміртекті болат.


Шойын – құрамында 2%-дан көп көмірқышқылы бар темір қоспасы. Құрамына байланысты тазартылмаған және тазартылмаған деп бөлінеді.

Құрылысына қарай ақ шойын мен сұр шойынға бөлінеді.

Шойынды тазарту әдістері. Шойынның құрамындағы қоспалар.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қара металл дегеніміз не?

  2. Темірдің түсі қандай?

  3. Шойын мен болаттың айырмашылын ата?

Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
7-8 апта

Дәріс 7-8

Тақырып: Түсті металдар. Мыс және оның қоспалары.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Мыс туралы жалпы түсінік.


2. Мыстың қоспалары. Мельхиор мен Нейзильбер.

Дәріс мақсаты:


Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік

Дәріс мазмұны:


Мыс – қызғылт-күлгін түсті металл, жоғары, майысқақтық және созылмалылық қасиетімен сипатталады. Мыс өзінің атауын «cuprum» ежелгі грек және римдіктер тапқан кипр аралының құрметіне қойған. Тығыздығы 8,96; балқу температурасы 1083°С; Бринелл бойынша тығыздығы 35 (Моос бойынша 3). Өзінің жұмсақтығымен мыс кесу аспаптарымен нашар өңделеді, бірақ жақсы ысқыланып жылтырайды. Ылғалды ортада мыс жасылтым түспен тотығады, ол оны бұзылудан сақтайды. Мыс азот қышқылында және қыздыруда күкірт қышқылында оңай ериді. Көркем өндірісте мыс шекімдеуге, филиграндық жұмыстарға , гальванопластикаға және т.б. қолданылады.

Мельхиор – мысты-никель қоспасынан 18-20% құрайды. Сәндік қоспалар қатарына жататын ажарлы күміс түсті металл. Пластикалық , жеңіл штампталады, шекімделеді, кесіледі, дәнекерленеді, жылтырайды. Балқу температурасы 1170°С.

Бұл қоспа күмісті имитациялайды, сондықтан оны ыдыстар жасауға және жартылай асыл тастары бар қымбат емес бұйымдарға қолданылады.

Нейзильбер – үш компонентті мыс негізіндегі қоспа, оның құрамы 13,5-16,5% никель мен 18-22% цинктен тұрады. Мельхиор тәрізді сәндік сапаларымен ерекше және сырттай күміске ұқсайды. Нейзильбер жеткілікті түрде майысқақ, созылмалы, төзімді әрі коррозияға қарсы қасиеттерге ие. Балқу температурасы 1050°С.

Мельхиор тәрізді , нейзильбер көркем және зергерлік өндірісінде асхана құралдары және зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Кең ауқымда ол филигран бұйымдарында көрініс тапқан.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мыс атауы қайдан шыққан?

  2. Мыстың түсі қандай?

  3. Мелоьхиордың характеристикасын айт?

Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
9-апта.

Дәріс 9

Тақырып: Түсті металдар. Алюминий және магний.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Алюминий металын өндіру тарихы.


2. Магний

Дәріс мақсаты:


Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік

Дәріс мазмұны:


Алюминий – ақшылкөк-күміс түсті металл, иілгіш, майысқақ. Жақсы ысқыланады. Жоғары электрлі-жылу өткізгіш қасиетке ие. Қарапайым түрде контактымен де, газбен де дәнекерленбейді.

Бұл металл алғаш рет 1827 ж. Велермен ашылды. Өндіріске 1845 ж. қосылды. Алюминий – табиғатта ең көп кездесетін металл. Жер шарының 7,45% құрайды.

Тығыздығы 2,70; балқу температурасы 660°С; Бринелл бойынша тығыздығы 26 (Моос бойынша 2,5).

Суда бұзылады.

Алюминий арзан зергерлік өнімдерге қолданылады (білезік, сақина, диадем, алқа).

Магний – сыртқы келбеті алюминийге өте ұқсас металл. Магний – ең жеңіл металл.

Тығыздығы 1,74; балқу температурасы 650°С

Құрамына қарай алюминийден ерекше: көп майысқақ емес, татпленкасы мықты емес, тез таттанады.

Табиғатта біршама кездеседі, жер шарының 2,25% құрайды.

Көркем өндірісте енді қолданылып келеді.



Бақылау сұрақтары:

1. Алюминий түсі қандай?

2. Алюминий қай жылы ашылды?

3. Магния мен алюминий ұқсастығымен ерекшелігі?


Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.


10-апта.

Дәріс 10

Тақырып: Түсті металдар. Никель және оның қоспалары.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Никель металын өндіру тарихы.


2. Оның қоспасының зергерлік өнерде пайдаланылуы.

Дәріс мақсаты:


Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.

Дәріс мазмұны:


Металлдык никель біздің жыл санауымызға дейін Қытайда белгілі болды. Арнайы никель қоспаларынан ежелгіқытайлық теңгелер шекімделіп жасалды. Б.ж.с.д. ІІ ғ. Никель қоспаларынан орындалған Ежелгі парсы теңгелері де бүгінгі күнге дейін сақталған.

Тұңғыш никельді зергерлік және монеталық кәсіпке қолданған. Никель химиялық элемент ретінде 1751 ж. ашылды. Дегенмен, көркем бұйым жасау өндірісінде ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. аяғында пайдаланылды.

Никель – ақшыл-күміс түсті металл, аса жылтыр, ауада бұзылмайды.

Тығыздығы 8,9; балқу температурасы 1455°С; 3075°С қайнайды. Магнитті қасиеттері бар. 360°С температурада магниттік қасиеті жойылады. Таза никель атмосфералық ауада таттанбайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Никель характеристикасы?

2. Оның түсі қандай?

3. Қай жылы ашылды?


Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
11-12 апта.

Дәріс 11-12

Тақырып: Түсті металдар. Мырыш.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Мырыштың пайдалану тарихы


2. Мырыш пен оның қоспасының химиялық құрамдары.

Дәріс мақсаты:


Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет