«Мәдениет және өнер» институтының директоры


Қорғасынды ертеде не үшін қолданды?



бет13/17
Дата24.05.2017
өлшемі1,18 Mb.
#16957
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3. Қорғасынды ертеде не үшін қолданды?


4. Қалайының қорғасыннан айрмашылығы?

Әдебиет: 1,2,3,5,6,7,8,9.
3-апта

Дәріс 3

Тақырып: Басқа да түсті металдар. Висмут.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Басқа түсті металдардың зергерлік өнерде атқаратын рөлі.

2. Висмут ерекшелігі.

Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны :

Зергерлік - өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Оны барлық халықтар жоғары бағалап, еңі қалаулы өнер етті. Тарихи этнографиялық музейлердегі археологиялық сәнді бұйымдар мен қарулар , ыдыс-аяқ , теңге моншақтар , алтын мен күмістен және асыл тастардан жасалған қымбатты заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.


Қазақ арасында жалпы темір соғатын ұсталарда да, зергерлерді де «ұста» деп атаған. Ұста сөзі шебер, өнегелі, ісмер деген ұғымда ағаш ұстасы, темір ұстасы , күміс ұстасы, сөз атасы, ақыл айтуға ұста деген сияқты тізбектерде айтыла береді. Бірақ алтын-күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілер өздерін темір ұстасынан бөлек санаған. Осыған қарай оларды зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден-ақ қалыптасқан.

Висмут – жылтыр ақшыл-сұр түсті қызыл оттенкілері бар металл. блестящий Оның тығыздығы 9,75; балқу температурасы 271°С; еріту температурасы 1430°С.

Висмут – мыстың қоспалары жез бен қолаға зиянын тигізетін , яғни оларды морт сындыратын құрамы бар металл. Висмуттық қоспаның ерекшелігі тез балқығыштық пен морт сынғыштық. Қоспаның жұмсақтығын бұзуға висмуттың аз ғана құрамыда жетіп қалды. Висмуттың жұғылуы немесе жанысуының өзі алтынды жарылғыш күйге әкеледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Висмуттың түсі қандай?

2. Ол қоспаларға қандай әсер етеді?

3. Ұста дегеніміз кім?


Әдебиет: 1,2,3,5,6,7,8,9.
4-апта

Дәріс 4

Тақырып: Басқа да түсті металдар. Сынап.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Басқа түсті металдардың зергерлік өнерде атқаратын рөлі. Қосымша материалдар.


Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны:

Олардың физикалық, механикалық, технологиялық және химиялық қасиеттерін түсіндіру.


Сынап – қарапайым температурада сұйық күйінде болатын жалғыз металл. Ол адамзатқа өте ертеден белгілі. Оның тығыздығы 13,6; балқу температурасы минус 39°С; еріту температурасы 357°С. Металдық сынап, оның сыңары және барлық қосылғыштар өте улы, мысалы 0,18 г сулемы (сынаптың хлормен қосындысы) адамды өлтіретін мөлшер.

Көркем өндірісте сынапты тез балқитын қорытпаларға қосымша ретінде қосады. Сонымен қатар алтын мен күмісті отқа қыздырып, алтын мен күмістің жалатуларын жасау үшін қолданады. Сынаптың көмегімен алтынның өзін қоспасынан ажыратады.

Хлор (сулемы) мен азотқышқылына сынапты араластырып , мысты күміске жалату процесінде су ертіндісі ретінде пайдаланады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сынап қандай металл?

2. Ол қоспаларға қандай әсер етеді?

3. Сынаптың ерекшелігін айт


Әдебиет: 1,2,3,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14.
5-апта

Дәріс 5

Тақырып: Басқа да түсті металдар. Титан.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Титан туралы түсінік

  2. Титанның қорытпалары

Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны:


Титан – жылтыр, күміс түсті ауада бұзылмайтын металл. Ол өзінің жоғары химиялық тұрақтылығымен ерекшеленеді, тіпті теңіз суынада таттанбайды. Оның тығыздығы 4,5; балқу температурасы 1668°С. Титанның жетістігі – жоғары мықтылық.

Титанның қоспалары – оның азот, оттегі және көміртегімен қоспалары. Азот пен оттегі мықтылығын көтеріп, майысқақтығын өте тез түсіреді. Олардың құрамы: азот 0,25% аспайды, оттегі 0,50% аспайды. Көміртегі титан мен оның қоспаларына кесіп өңдеуді, қысымды және дәнекерлеуді қиындатады. Сол себепті көміртегінің қоспасы 0,15% артық болмауы керек.

Титанның көп таралған қоспалары – алюминий (4-5%) мен хром (2-3%) қоспалары немесе алюминией (5-6%) мен ванадий (3-4%) қосындылары. Және молибден, темір, марганецпен қоспалары да кездеседі. Бұл қоспалар мынадай шикізаттар түрінде шығады: жайма (лист), плита, ұзын темір, құбыр және сым.

Титан қорытпаларын химиялық, машинақұрылыстық және әуе өндірістеріне жұмсайды. Олардан резервуар, оттегі, газ шығаратын құбырлар жасайды. Бұларға қоса, титан қорытпаларын 500% дейінгі жұмыс температурасында ыстыққа төзімді материал ретінде қолданады.

Титан таяқшасы – ұзыншақ титан қалыңдығы 0,8-12 см және ұзындығы 15-20 см дәнекерді әкелуге және металды балқытқанда араластыруға арналған. Титанның бүл мақсатта қолданылу себебі жылуды нашар өткізеді және тұтас қызбайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Титан қандай металл?

2. Ол қоспаларға қандай әсер етеді?

3. Титанның ерекшелігін айт


Әдебиет: 1,2,3,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14.
6-апта

Дәріс 6

Тақырып: Басқа да түсті металдар. Кадмий.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Кадмий туралы түсінік

Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет