«Мәдениет және өнер» институтының директоры



бет12/17
Дата24.05.2017
өлшемі1,18 Mb.
#16957
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дәріс мазмұны:


Мырыш қоспалары да адамзатқа ертеден таныс. Олар біздің жыл санауымызға дейін мысырлықтар, қытайлықтар, үндістермен жасалып Еуропаға тасылған. Бірақ, мырыш металын таза күйінде тек кейіннен, яғни ХV- ХVІ ғғ. алған. Мырыш бұрын мысырлықтарға бегілі болғанымен, ол туралы мәлімет жойылып кетуі мүмкін.

Көркем бұйымдарға өндіруге мырышты ХVІІІ ғ. ғана, ал көркем мырыш құймасы одан кейін ХІХ ғ. бастап қолданылды.

Таза мырыш көгілдір реңді ақ металл, өте нәзік, бірақ 100-150°С майысқақ күйге енеді, табақ бетіне жеңіл айналып сымтемір созуға ыңғайлы келеді. 419°С температурада мырыш балқиды; 500°С бастап ауада таттанып күйеді, 930°С-та ериді. Құрғақ ауаду мырыш өзгермейді, суға төзімді, бірақ, тұзды, азот, күкірт қышқылдарында тез ериді. Ол көптеген қорытпалар құрамына кіреді.

Жеңіл балқитын мырыш қоспасының химиялық құрамы төмендегідей:



  1. мықтылығы жоғары қоспа 93% цинк, 4% алюминий және 3% мыстан тұрады;

  2. мықтылығы орташа қоспа 95% цинк, 4% алюминий және 1% мыстан тұрады.

Осы қоспаларға 0,03% магний қосылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Мырыш қай жылы ашылды?

2. Түсі қандай?

3. Қоспаларын атап көрсет


Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
13-15 апта.

Дәріс 13-15

Тақырып: Металл өндеу.Ұсталық өнер.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Металды көркемдеп өңдеу түрлері


2. Металдан істелетін бұйымдар.

Дәріс мақсаты:


Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.

Дәріс мазмұны:


Адамдар бұрынғы уақыттардан бастап металдардың ұзақ уақыт өзінің қасиетін сақтайтындығын байқаған. Олардың ішіндегі ең төзімділері деп алтын мен күмісті таңдаған. Бұл металдардың арнайы қасиеті - өңдеудегі соғуға қолайлығы мен жұмсақтығы, зергерлік әдіс ретінде – филигрань немесе сымкәптеу алынған. Өзін сәндеуге ұмтылу адамзат тарихының бастауыфнда жатқан болуы керек. Сәндік заттар , тұмарлар киімнен де ертерек пайда болған. Ол уақытта алқаға тізілген қабанның тістері непмесе жолбарыстың тырңағын тек ең күшті әрі оған лайық тайпаның батыры ғана тағатын еді. Ертедегі әшекейлер бірден – эстетикалық, магиялық және утилитарлық үш қызмет атқарды. Кейін қола дәуірінде қиын аймақтарда металды өндіру оны тауарға айырбастау оның бағасын қымбаттатты. Темірден жасалған бұйымдар ұзақ уақыттар бойы адамның қоғамдағы жоғары мәртебелігін білдірді.

Зергер өзінің бұйымын материалды жұмысқа дайындаудан бастайды. Ал оны толық өңдеумен аяқтайды. Ол асыл металдардың қасиетін, өңдеу тәсілдерін, балқыту мен олардың сипаттамаларына сай қорытпалар алуды, құрал-саймандардың арналуы мен қосымша жабдықтарды білуі , жартылай асыл тастар мен олардың имитациясын, техникалық қауіпсіздік пен гигиенаның ережелерін сақтай және білуі тиіс. Зергер толық технологиялық процестердің орындалу сатыларын және бұйымды жасаудың әдісін меңгеруі тиіс, материалды ақылмен қолдана білуі қажет. Асыл заттарды қайта жасауға да, жөндеуге де болмайды, онда жұмыс жеке жүргізілуі тиіс.

Қазіргі ісінің түрлері көбейіп, жұмыстың бұл салалары техникаландырылуда. Ұсталық пен зергерлік өнер әр түрлі металдан сан алуан үй бұйымдары, сәндік әшікейлер жасаумен байланысты. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір және күміс сияқты металдардан бұйымдар жасау ісі өте көне замандардан басталады.

Жалпақ – ажурлы сымкәптеу. Ең алдымен бұйымның нобайы ойластырылып, табылады. Дайын болған нобай өткір қарындашпен орындалып, қағаз-шаблонға түсіріледі. Содан кейін шаблонға мөлдір трасформаторлық қағазды қосып жапсырады, немесе дәнекерлегенде суретін «тартып әкетпеу үшін» папирос қағазына не жай жұқа қағазға бірден суретін салады.

Металдағы сымкәптеу жоғарыдағы айтылған технологиядан тек өрнекті пластинаға (бізде – нейзильбера, мыс) бекітуімен ғана өшгеше. Алдыңғыда сымкәптеу жеке дәнекерленсе, бұл жолы өрнек бөлек дәнекерленіп, кейін пластинаға тікелей жапсырыла дәнекерленеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Металл өңдеу не үшін қажет?

2. Қандай түрлері бар?

Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
4-семестр

1-2 апта

Дәріс 1-2

Тақырып: Түсті металлдар. Қорғасын мен қалайы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қорғасынның пайда болу тарихы.


2. Қалайы. Оның зергерлік өнерде пайдаланылуы.


Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны :


Қорғасын. Адамзатқа ежелден белгілі болды. Оны мысырлықтар, финикийліктер, гректер және басқа халық білді. Ол құрамнан оңай бөлінеді және табиғатта көп кездеседі. Таза өзі қорғасын сирек. Қорғасынның негізгі қазбасы болып, қорғасындық жылтыр мен қорғасынның қоспасы галенит табылады.

Қорғасын жаңа кесілген кезінде көкшіл-сұр түсті, бірақ тез өзгереді, тат басып кетеді. Оның тығыздығы 11,9 ; балқу температурасы 327°С , еріту температурасы 1525°С. Қорғасын – біршама жұмсақ, созылмалы. Ол тезірек жайылады, қысылады, штампыланады және жақсы құйылады.

Бұрынғы заманда қорғасынды әр түрлі қолданбалы өнерге кеңінен қолданылған. Мысалы, ортағасырлық Англия мен Францияда онысарайлар мен соборлардың су ағатын құбырларына шатыр ретінде қолданған. Бұл бұйымдар аса шеберлікпен орындалған, рельефті өрнекпен безендірілген, құс және аң бейнелерін салған. Әсіресе, готикалық витраждың түрлі-түсті әйнектерін біріктіру көп қолданылған.

Қалайы да ерте заманнан белгілі келе жатқан металдардың бірі. Мысырлықтар оны б.ж.с.д. 3-4 мыңжылдықтардан білген. Ол антикалық кезеңде белгілі болып, оны монета шекімесі мен ыдыс-аяқтар жасауға пайдаланған. Табиғатта қалайы көмірқышқылды қоспа түрінді кездеседі.

Қалайы ақ-күміс түсті металл, күмістен қаралау келеді. Оның тығыздығы 7,3. қалайы жұмсақ әрі созылмалы металл, қорғасыннан қаттылау.

Қалайы 232°С температурда балқиды, 2200°С ериді, 160-200°С температура шамасында қалайы морт сынғыш келеді.



Бақылау сұрақтары:

1. Қорғасын туралы?

2. Қорғасын түсі қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет