«Мәдениет және өнер» институтының директоры



бет15/17
Дата24.05.2017
өлшемі1,18 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дәріс мазмұны:


Вольфрам – ең нашар балқитын күміс-болат түсті металл. Ол 1781 ж. ашылды. Оның тығыздығы 19,3; балқыту температурасы 3380°С; еріту температурасы 5830°С.

Вольфрам қышқылдарға қарсы тұрады. Вольфрам техникада тек 1930 ж. бастап кеңінен таралды. Таза күйінде одан радио- және электрошам сымдарын жасайды. Ауада вольфрамның көмегімен шыңдалатын «өзінен-өзі шыңдалатын» аспаптарға да қолданылады.

Олар кіші керамикалық мықты қорытпалар орындаудың негізгі элементі ретінде ерекшеленеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Вольфрам қандай металл?

2. Вольфрам қай жылы табылды?

3. Таза күйінде не жасайды?


Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
11-апта.

Дәріс 11

Тақырып: Басқа да түсті металдар. Марганец.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Марганец туралы жалпы мәлімет



Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны:


Марганец – қатты, қарағыш түсті металл. Оның тығыздығы 7,4; балқыту температурасы 1230°С; еріту температурасы 2200°С. Марганец балқыту процесінде ақ шойын алуға қолданылады. Оның қатысуы графиттердің бөлінуін баяулатады.

Сонымен қатар марганецты арнайы құйылған болаттарды өндіру кезінде оған қосымша ретінде қолданылады. Марганец болатты шыңдау кезінде үгітілуін төмендетіп, кесілетін қасиетін және қажалуға төзімділігін жоғарылатады.

Марганецтың таттарын ыстық эмаль мен фиолетовый түсіндегі түрлі-түсті әйнекті бояуға пайдаланады. Соған қоса, бояулар дайындауға (қоңыр, фиолетовый және жасыл) да пайдасын тигізеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Марганец қандай металл?

2. Оның түсі қандай?

3. Марганецтің ерекшелігін айт?


Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
12-апта.

Дәріс 12

Тақырып: Бағалы металдар. Күміс.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бағалы металдардың түрлері.

  2. Күмістің бұрынғы заманнан келе жатқан тарихы.

  3. Күмістен жасалатын зергерлік бұйымдар.

Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны:

Бағалы металдарға күміс, алтын және платина жатады. Платина тобының металдары - палладий, рутений, родий, осмий және иридий да жатады. Бірақ бұлар (платина тобы) көркем өндірісте пайдаланылмайды, тек кейіннен бастап зергерлік жұмыстарда қолданылып келе жатқан палладий болмаса. Бұрын бұл металдарды «асыл» деген. Ал, «асыл емес» металдарға қара және түсті металдар жатты.

Күміс – ақ түсті металл, өте жақсы созылады, майысқақ және соғуға ыңғайлы. Күміс жіңішке сым темірге дейін созылады, әрі өте жақсы бұралады, жақсы кесіліп жалтыратылады. Оның тығыздығы 10,53; балқу температурасы 960,5°С; еріту температурасы 1955°С; металдар арасынан сәуле түсіру қасиеті бойынша алда (94%) тұр. Күміс – ең жылу және электр өткізетін металл. Азот және концентрленген күкірт қышқылдарында жеңіл ериді. Күміс көркем және зергерлік өндірісінде кең қолданылады.

Күмісті тезге (сымға) салып тарту. Соғуға, созуға қолайлы болуы үшін қоспасыз таза күмісті таңдап алады. Таза күміс ірімей жақсы созылады және сымға салып жіңішкерте отырып созуға да ыңғайлы. Таза күміс жай қарағанда да көрікті. Сондықтан қазақ зергерлері ең таза күміс деп жамбы күмістерді ұстайды. Жамбы деп қорытылып құйылған кесек күмістерді атайды. Жамбының үлкендігі мен формасына қарай, қазақ арасында белгілі алты түрлі атауы бар. Олардың үлкенінен бастап айтқанда: «бесік жамбы», «ат бас жамбы», «қой бас жамбы», «тай тұяқ жамбы», «қой тұяқ жамбы», «асық жамбы» деп атайды. Жамбы күмістері қараймайды. Ал енді осы күмісті жіңішкертіп созатын сайманды сым деп атайды. Сым дегеніміз ұзыны 20-25 см, көлденеңі 3-4 см, қалыңдығы 2 см төрт қырлы ұзынша темір. Бұл темірдің ортасында кеңдігі шеге сиғандай, тесіктен бастап, бір тал шаш өтетіндей ғана саңлауға дейін тартыла беретін, бірінен-бірі кіші 11-18 тесік бар. Бұлардың араларында үлкенді-кішілі шар, жарты шар кейіптес шұңқыр ұялар жасалған. Шеберлер бұл ұяға шегелерді сыптығырлай отырып, әр түрлі көлемдегі мық шегелердің түйіртпектерін жасап өрнектейді.Оның химиялық құрамы.


Бақылау сұрақтары:

1. Күміс қандай металл?

2. Оның түсі қандай?

3. Бағалы металдарға қандай металдар жатады?


4. Жамбының неше түрі бар?

Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
13-апта.

Дәріс 13

Тақырып: Бағалы металдар. Алтын.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бағалы металдардың бірі - алтын.

2. Алтыннан жасалатын зергерлік бұйымдар.


Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны:


Алтын - өте әдемі, бағалы металл. Ол табиғатта таза күйінде құм секілді кішкентай немесе үлкенді-кішілі бөлшек түрінде кездеседі. Үлкен алтын 60-90 кг өлшемдегісі Аргентина мен Австралиядан (Ресейден табылған ең үлкен алтын 48 кг) табылды. Алтынның өзінің табиғатта кездесетін қоспалары күміспен (1 ден 40% дейін), мыс жұғыныстарымен, темір және т.б. металдармен кездеседі.

Ежелгі көркем бұйымдардың көбі электрум немесе электрон қоспалардан орындалған. Мысалы, сосуд из Кулб-Обского кургана (V-ІІІ вв до н.э.)

Алтын – ауыр металл, оның тығыздығы 19,32. Таза алтын әдемі сары түсімен ерекшеленеді. Алтын ұнтағы (ертіндіден сүзіп алынған алтын) қызылдан бастап қара-фиолетовый түсті болып келеді. Алтынның қоспаларға байланысты түсі өзгереді (түрлі-түсті алтын). Алтынның балқу температура 1063°С, қоспаларының балқу температурасы одан төменірек.

Ертеден алтынды көркем бұйымдар өндірісне пайдаланған. Перғауын Тутанхамонның алтын маскасы (Жаңа патшалық) - Ежелгі Египет өнернің бір үлгісі. «Алтын адам» - киімі сақтар кезіндегі мәдениеттің бір үлгісі.

Қазіргі уақытта алтыннан қымбат зергерлік бұйымдарды, әсем филигранды бұйымдарды, құрмет медальдерінің шекімесіне және металл немесе металл емес бұйымдарды алтын жалатып жасайды.



М. өтемісов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік университеті
Ожсөж мазмұны:
Дәріс мақсаты:
Бақылау сұрақтары:
Тақырыбы: қазақстан зергерлерлік бұйымдары - сырға. сабақтың мақсаты:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу