«Мәдениет және өнер» институтының директоры



бет1/17
Дата24.05.2017
өлшемі1,18 Mb.
#16957
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»

«Мәдениет және өнер»

институтының директоры

_____ м.а.Нагимова М.М.

«__»__________ 2010 ж.

«Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасы




050417 «Сәндік өнер»

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған


«Өндірістік оқыту ІІ»

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ - ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – 2

Семестр – 3-4

Кредит саны 6

Дәріс – 30 сағат

Студиялық сабақ – 60 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 90 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Емтихан – 3-4 семестрлерде

Барлығы – 270 сағат


Орал 2010 ж.

Курс бағдарламасы жоғары оқу орындарының пәндеріне сай және Қазақстан республикасы білім беру мемлекеттік стандартқа - Алматы, 2002 - типтік бағдарлама /4.08.03. Бұйрық №528/ негізінде жасалынды, яғни ГОСО РК 3.001-2000.


Құрастырушы: «Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім» кафедрасының аға оқытушысы Сарманбеков Төлепберген Рахымұлы

Келісілді ОҮҰ және ОӘЖБ

жетекшісі ________________

«Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 2010 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі Сейтимов А.Ғ.


Мәдениет және өнер институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.


« » 2010 ж. № ___ хаттама.

Институттың оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы ______________ м.а. Өтегенов И.Ө.

1. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ «ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ», Алматы, 2002

050417 «Сәндік өнер» мамандығы, Бакалавриат

7 ғимарат 302 кабинет
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

Төлепберген Рахымұлы Сарманбеков

М.Өтемісов атындағы БҚМУ аға оқытушысы



Офис: «Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасы

Толық мекен жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі, 2

Жұмыс телефоны: 505346
Пән туралы мәлімет

Өндірістік оқыту ІІ.

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.



Кредиттің аптаға бөліну кестесі :


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(дәріс 1)



50 мин.


ОЖСӨЖ+СӨЖ

50 мин.+50 мин.

Байланыс сағаты 2

(студиялық жұмыс 2)



50 мин.

ОЖСӨЖ+СӨЖ

50 мин.+50 мин.

Байланыс сағаты 3

(студиялық жұмыс 3)



50 мин.

ОЖСӨЖ+СӨЖ

50 мин.+50 мин.

Кредит саны – 3/3

Өту орны: №7 оқу ғимараты, 218 ауд.



Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Студиялық сабақ

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


2


3

3

15

30

45

45

135

Емтихан

4

3

15

30

45

45

135

Емтихан
Оқу жоспарынан көшірме:
Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Өндірістік оқыту» курсы металды көркемдеп оқыту жүйесіндегі алдыңғы қатарлы пәндердің бірі болып табылады. Оқу барысында, яғни бірінші курстан дипломдық жұмысқа дейін студенттер тәжірибелерін және шеберліктерін шыңдайды. Әрбір жаңа техникалық әдісті үйрену, студенттің көркемдік тілін байытады, шығармашылық ойларының қажет арсеналын көбейтеді, айқын көркем формаларды іздестіруді жеңілдетеді.

Бағдарламада металды көркемдеп өңдеудің түрлі әдіс-тәсілдері мен технологиялары қамтылған: дәстүрлі және осы заманғы технологияларды зерттеу, тарихи байланыстарын және даму тарихтарын анықтауға көмектеседі. Қолданбалы өнер суретшілері металды көркемдеп өңдеу жұмыстарында мынадай материалдар мен әдіс-тәсілдерді білулері керек, мысалы лажылау, қарайту, қымбат және түрлі-түсті тастар т.с.с.

Студенттер практикада өздері оқыған заңдылықтардың шын екеніне көздері жетіп, алған білімдері іс-әрекетіне жетекшілік етеді. Металдарды көркем өңдеу бойынша жүргізілген практикалық жұмыс теориялық пәннен ерекше, себебі тек оқып қана қоймайды, студенттер өздері жасап, шығармашылық мәнде, нәтижесінде студенттердің жасағандарынан таза көркемдік шығарма шығады.

Курстың мақсаты:

Өндірістік оқыту курсының мақсаты – металды көркемдеп өңдеуде түрлі әдіс-тәсілдермен шығармашылық жұмыстарды орындап шығаруды қалыптастырады.

- бұйымдарға арнап нобайлар дайындау, шығармашылық жұмыс жасау, дағдысын қалыптастыру;

- дәстүрді жаңғырту, қастерлеу;

- металл және тағы басқа материалдардан көркем бұйым жасау.

Курстың міндеттері:

- дәстүрлі және осы заманғы металды көркемдеп өңдеу технологияларын зерттеу;

- металдан жасалған көркем бұйымдарды құрастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру;

- металды өңдеудің механикалық және техникалық әдістерімен қаруландыру;

- құралдармен жұмыс жасауға үйрену және дағдылану;

- материалдан көркемдік бұйым жасаудың жобасын құру;

- көркем әшекейлеу

Пререквизиттер: Этнографиялық тарих, музейлердегі археология ;

Қазақстан тарихы, ою өрнек теориясы мен тарихы;

Материалтану, Композиция. Физика. Химия. Технология.

Постреквизиттер: Студент үлттық зергерлерлік бұйымдардың, ою өрнек теориясы мен тарихы;

Үлттық зергерлерлік бұйымдардың талғамы мен ынталандыру.



Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.



Студенттерге қойылатын талаптар:

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. Белгілі бір себептерге байланысты сабақ қалдырса, тиісті құжаттары болуы қажет.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Студенттердің өзіндік жұмыстары

Өзіндік жұмыстар міндетті түрде орындалуы керек. Студенттер оқытушының белгілеген уақыты бойынша есептеседі, кешіккен немесе уақытында есептеспеген студенттердің жұмыстары қабылданбайды. Студенттердің тапсырмаларды орындаулары жөнінде мәлімет оқытушыда болады, ол жалпы қорытынды баға қоюда ескеріледі.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар үй тапсырмасы түрінде орындалып, қорғалады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, жетінші, он бесінші аптада тапсырылады. Бақылау жұмыстарын тапсырудан кешіккен студенттердің жұмыстары қабылданбайды және бағаланбайды.



6. Практикалық жұмыс.

Практикалық жұмыстар әр топқа жеке-жеке сабақ кестесі бойынша өтеді.



7. Аралық бақылау

Семестр бойына екі аралық бақылау өтеді, жетінші және он бесінші аптада.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет